Етістік

Маңғыстау облысы

Маңғыстау ауданы

Е.Айшуақұлы атындағы орта мектебі

Сугирова Жанганым Кубаевна

Тақырыбы: Етістік
Мақсаты: Оқушыларға  етістік  туралы  түсінік  беру; етістіктерді  басқа  сөз  таптарынан  ажырата  білуге  дағдыландыру; сөздік  қорын  молайтып, тілін  дамыту.
Сілтеме: «Қазақ  тілі»  оқулығы, әдістемесі, 2-сынып  электронды  оқулық, «Қазақстан  бастауыш  мекткбі» журналы
Күтілетін  нәтижелер: -Сөз  таптарының  ережесін  біледі.

-Етістіктің  мағынасын  түсінеді.

-Етістікті  өмірде  қолдана  біледі.

— Етістіктің  сұрақтарын  ажырата  алады.

Оқыту  әдістері: Диалогтік  оқыту, АКТ, СТО, дарынды  балалармен  жұмыс, оқу  үшін  және  оқыту  үшін  бағалау, топтық  жұмыс.
Ресурстар: Суреттер, семантикалық  карта, электрондық  оқулық, қима  қағаздар, а-4 қағазы, маркерлер.

Бастауыш сынып мұғалімі

Сабақ  кезеңдері Мұғалім  әрекеті Оқушылар  әрекеті
Көңіл күй  ахуалы(1 мин)

 

 

 

 

 

 

Қызығушылықты

ояту

 

 

 

1.      Қазақ  тілім – өз  тілім, ана  тілім,

Абай, Мұхтар  сөйлеген  дана  тілім.

Қастерлейді  ұл – қызың  мәңгі  сені,

Болашағым, бақытым, дара  тілім!

-Міне,  балалар, кемеңгер  ақындарымыздың  тілі, туған  тіліміз – қазақ  тілі  сабағы.

2.      Топ  басшысын  сайлау  үшін  3  топқа  3 сұрақ  қойылады. Кім  бірінші  жауап  берсе, сол  топ  басшысы  болады:

—          Зат  есім  дегеніміз  не? Сұрақтарын  ата, мысал  келтір.

—          Жалқы  есім, жалпы  есім  дегеніміз  не? Мысал  келтір.

—          Зат  есімнің  жекеше, көпше  түрлерін  айт, мысал  келтір.

3.      Топ  басшысы  өз тобын  жасақтау  үшін  оқушылардың  аты  жазылған  қағазды  суырады.

Тренинг  өткізу:

1-топ:  Күлімдеңіздер

2-топ:  Қолдарыңыздан  ұстап  жоғары  көтеріңіздер

3-топ  «Бәріміз – біріміз  үшін, біріміз – бәріміз  үшін»

Оқушылар  хормен

айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар  сұраққа  жауап  береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Бір-біріне  күлімдейді.

Қолдарын  ұстап  жоғары  көтереді.

Хормен  айтады.

 

 

Артық  сөзді  табады. Топтар  бірін-бірі  бармақпен  бағалайды.

 

 

Секіреді, оқиды, күледі. Сұрақ  қояды.

Күннің  жадын, тақырыбын  жазады.

4.      «Артық  сөзді  тап»

І  топ:  үй  қоян,  секірді, тас, жандар, гүл.

ІІ  топ:  Айман, Ертіс, Жыңғылды, Раушан, күлді, Бөрібасар.

ІІІ  топ:  Оқушылар, оқиды, қаламдар, аралар, әншілер, сабақтар.

-Артық  сөз  нені  білдіріп  тұр? Қимылмен  көрсет. Сұрақ  қой.

— Олай  болса, бүгінгі  өтетін  сабағымыздың  тақырыбы: Етістік.

Жаңа  сабақ 1.      Электронды  оқулықтан  «Етістік»  туралы  бейнебаян  көрсету.  

 

 

2.      354-жаттығу. Суретке  қара. Балалардың, әженің  не  істеп  жатқанын  білдіретін  қимыл  атауларын  айт. Ол  сөздер  қандай  сұраққа  жауап  береді?

(Әр  дұрыс  жауапқа  5  ұпай  беру)

Сұрақтарға  ауызша  жауап  береді. Топ  басшысы  бағалап  отырады.
 

Мағынаны  тану

 

 

 

Топтық  жұмыс

3.      355-жаттығу. Жұмбақтарды  оқы, шеш. Су, Күн қандай  табиғатқа  жатады? Қимылды  білдіретін  сөздерді  тап.

(Әр  дұрыс  жауапқа  5  ұпай)

Жұмбақты  оқиды,  шешеді. Сұраққа  жауап  береді.
Сергіту  сәті Жаттығу  жасайды
4.      356-жаттығу. Көп  нүктенің  орнына  тиісті  сөздерді  қойып  жаз. Тақтаға  орындаған  оқушыға  5  ұпай. Жаттығуды  орындайды.
І  топ:  Түлкі  туралы не  білесіңдер? Өлең  айту.

ІІ  топ: Қоян  туралы  не  білесіңдер? Өлең  айту.

ІІІ  топ: Тиін  туралы  «5  жол  өлең» жазу.

Тапсырмаларды  орындайды.

Бармақпен  бағалау.

357-жаттығу. Берілген  етістіктерді  қатыстырып, сөйлемдер  құра.

Сөйлем  құраған  оқушыға  5  ұпай.

Сөйлем  құрап  жазады.
«Тосын  сый»

3  топқа  3  түрлі  жұмбақ  беру, соны  ыммен, қимылмен  көрсетеді, тапқан  оқушыға  «сый»  беріледі.

1.      Аяғы  жоқ жүреді,

Аузы  жоқ  сөйлейді.         (Хат)

2.      Тілден  ұшып, құлаққа  жетеді.       (Сөз)

3.      Екі  бала  қатар  тұрса  да,  бірін-бірі  көрмейді.

(Көз)

Жұмбақты  ыммен, қимылмен  көрсетеді. Басқа  топ  оқушылары  шешуін  табады.
Ой – толғаныс 1.      Оқушыларға  «семаникалық  карта»  беру. Тексеру  үшін  бір-біріне  айналдырып  береді. Дұрыс  жауабы  бойынша  тексеріп  бағалайды.

Түгел  дұрыс – 5

1 – 2 қате – 4

3 – 4 қате – 3

5 – 6 қате – 2

Семантикалық  картаны  толтырады.

Бірін-бірі  тексереді, бағалайды.

Бағалау 2.      Топ  басшыларының  бағасын  тыңдау. Топ  басшысы  өз  тобын  қалай  бағалағанын  айтады.
Кері  байланыс Сабақ  ұнады  ма?

Не  туралы  білдік?

 

 

 

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *