Басы » Музыка » Өнерін өнеге еткен Нұрғиса Тілендиев

Өнерін өнеге еткен Нұрғиса Тілендиев

муМаңғыстау ауданы

Маңғыстау облысы

Е.Айшуақұлы атындағы орта мектебі

Сабақ. Музыка пәні 6 сынып

Жазгуль Сабытаева

Сабақтың тақырыбы:  Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Н.Тілендиев шығармашылығы жайлы әңгімелеу.

Білімділік: Н.Тілендиев шығармаларымен таныстыру.

Дамытушылық: Н.Тілендиевтің  әнін үйрету арқылы ән айту қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өнерді түсіне білуге, рухани сауаттылыққа тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктер:

Слайдтар, Н.Тілендиевтің суреттері, тыңдауға арналған шығармалары

Жоспар:

І Ұйымдастыру. Үй тапсырмасы.

ІІ Жаңа сабақ

  1. Музыка тыңдау
  2. Түсіндіру
  3. Жаңа ән

ІІІ. Қорытынды бөлім

 

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру

(Слайдтағы сөзжұмбақты шешу арқылы үй тапсырмасы шығады. Музыкаларды тыңдау арқылы табу керек)

Сұрақтары:

  1. ҰОС кезінде оқ пен оттың арасына барып, жауынгерлердің рухын көтеріп ән салған…..? (Р.Бағланова)
  2. «Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем…» деп басталатын әннің авторы (Е.Хасанғалиев)
  3. «Армандастар» әнін асқақтатқан ерекше дауыс иесі, әнші …. (Нұрғали Нүсіпжанов)
  4. «Сағындым Алматымды» әнінің авторы (А.Қоразбаев)

 

(Слайдқа аталған адамдардың суреттері шығады.)

  • Оқушылар, осы аталған әнші, композиторлар туралы кім не біледі?

(Оқушылар аталған төрт әнші композиторлар туралы айтып шығады)

 

ІІ. Жаңа сабақ (Слайд арқылы)

1.Музыка тыңдау.

Н.Тілендиевтің күйі «Аққу»

—  Оқушылар, бұл күйден нені көрдіңіздер? Күй нені бейнелеп тұр?

(Оқушылар пікірін тыңдау)

Н.Тілендиевтің әні  «Асыл әжем» әнін бейнеклипі арқылы тыңдау.

 

2.Түсіндіру

Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев (1 сәуір1925 ж — 15 қазан1998 ж)

1925 жылы 1 сәуірде  Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылында дүниеге келген.  Ол  қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы.

Мәскеудің П.И.Чайковский атындағы консерваторисының дирижерлік факультетін бітірді. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында (19531961), қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961-1964) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (19811998) бас дирижер қызметін атқарды. Сондай ақ, 1968 жылдан  «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО ның халық әртісі. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Н.Тілендіұлына1998 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран қалдырады: әнкүй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет. Сүйікті шығармаларынан «Достық жолымен» (1958), «Менің Қазақстаным» контатасын (1959), Қ.Қожамяровпен бірлесіп жазған «Алтын таулар» операсын (1961), «Ата толғауы» және оркестр үшін жазылған шығармаларын (1962), «Халық қуанышы» (1963), «Қайрат» (1964), «Жеңіс солдаты» (1975) сияқты увертюраларын атауға болады. Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлері мен «Саржайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім» сияқты ондаған әндері халықтық бояу нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған. Мұның сыртында қырықтан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған. Тілендіұлы Нұрғиса музыкасын жазған М.Әуезовтың, Ш.Аймановтың, Т.Ахтановтың, Ә.Тәжібаевтың пьесалары, сондай-ақ «Қыз Жібек», «Қилы кезең», «Менің атым Қожа», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Ақсақ құлан» фильмдері әлдеқашан қазақ сахнасы мен экран өнерінің классикасына айналған. Ол Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге…», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім…», «Ішім өлген, сыртым сау…», «Қызарып, сұрланып…» өлеңдеріне ән шығарған. Сонымен қатар қазақ ақындарының өлеңдеріне«Ғашыққа мойын қой», «Абай арманы», «Әйгерімнің әні», «Ақынның пайғамбары — Абай ата» әндерін жазды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

 

3.Жаңа ән.

1.«Асыл әжем»

Әнін жазған Н.Тілендиев

Өлеңін жазған Қ.Мырза Әли

 

2.»Әке туралы жыр»

Әнін жазған Н.Тілендиев

Өлеңін жазған М.Шаханов

 

  1. «Біз – Отанның ұланымыз»

Әнін жазған Н.Тілендиев

Өлеңін жазған Т.Молдағалиев

 

Оқушылар өзі таңдаған әнді үйренеді.

 

ІҮ. Қорытынды

Сабақты тиянақтау.

Ой түйіндеу.(Слайд арқылы)

«Бұрыннан білемін…»

«Бүгін білдім…»

«Тағы білгім келеді…»

Оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасы:

1.Н.Тілендиевтің бір шығармасын алып, талдау.

  1. Н.Тілендиевтің өздері қалаған әнін үйреніп, жаттау.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *