Басы » Tәрбие сағаттары » Иманды елдің баласы

Иманды елдің баласы

Есір Айшуақұлы атындағы орта  мектеп

Махамбетова Б

Тәрбие сағатының тақырыбы:   Иманды елдің баласы

Тәрбие сағатының мақсаты:      Өскелең ұрпақты имандылыққа, адамгершідік қасиеттерді бойларына дарытып, болашақта саналы, иманды, халқының ұстамды азаматы болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының дамытушылық мақсаты: Қазіргі кезеңдегі діни ұғымдар туралы мәліметтерді түсініп, мұсылман діні туралы мағлұматтарды оқып, өз ойларын пікірлерін дамыту.

Тәрбие сағатының тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды тәртіпті, тәрбиелі, иман жүзді балалар болуға тәрбиелеу.

Әдісі:Әңгімелеу,баяндау,сұрақ-жауап,мәнерлеп оқу,ой толғау.

Көрнекілігі: Слайд,Абайдың өлең жинағы, Әдептану

Жүрісі:           І Ұйымдастыру

ІІ Кіріспе: Мұғалім сөзі

ІІІ Жүргізушілер

1-Жүргізуші

Бабаларымыз қастер тұтып,атадан балаға аманаттап, жүрекке дарытып келген асыл қасиеттері көп-ақ.Халқымыз сырт көзбен емес,жүрекпен ұғатын адамгершілік құндылықтарды жоғары дәріптеген. Имандылық, әдептілік,ізгілік,мейірімділік мұраттарын терең игеруге күш салған.Мал-мүлкінен,дәулетінен иманын жоғары бағалаған қазақ “Ер жігіттің үш байлығы бар:

біріншісі-иманы, екіншісі— ырысының тұрағы,үшіншісі-дәулетінің тұрағы”деп аталы сөз қалдырған.Қазіргідей “мал үшін біреуді алдап,біреуді арбаған”жандар кездесіп отырған кезде мұндай сөздің маңызы да жогары.

 2 – Жүргізуші

Иман – қазақ халқының рухани дүниетанымындағы   парасат пайымымен сабақтасып жататын өте кең өлшемді ұғым. Ата – бабаларымыздың ақиқатқа жетелер сенімінің де басты тірегі – осы. Барлық бет болмысының,  мінез-құлқының  айнасы. Шәкәрім атамыз айтқандай,

Кімде болса шын мінез,

Болмас онда екі сөз.

Өлтірсе де көзбе – көз

Иманын сатып алмас бөз, — дегендей иман.

Имандылық деген бір ғана сөздің бойына ұят, ар, ынсап,қанағат сықылды бүкіл жақсы қасиеттер түгел сыйып тұр.

1-Жүргізуші

Қазақтың жүзі жылы жанды жолықтыра қалса, “бетінен иманы төгіліп тұрған адам екен”немесе “иманды кісі екен”деп етісетіні де сондықтан.Тіпті адам ғұмырының мәні болып саналатын махаббат сезімінің де негізі имандылықтан басталады.Оны Абай атамыз “үш сүюмен”байланыстырып, “иманигүл”деп ат береді.

Махаббатпен жаратқан адамзатты

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп

Және хақ жол осы деп әділетті.

Дәстүрлы қазақ руханиятынан тамыр тартып,нәр алған данышпан тұлғалардың елді жақсылыққа үндеудегі көптеген ой-пікірлерінің имандылық мақыны келәп тоғысатыны шындық.

2 – Жүргізуші

М.Әуезов жас жеткіншектерге кемел тәрбие беру үлгісін имандылықтан іздеген. Бесікте жатқан жас сәбидің жүрегіне имандылық нұрын құйған жөн деп есептеген. Имандылық қасиеттің сырына тереңірек үңілетін болсақ, қазақ халқы имандылықтың үш негізін өздеріне тірек еткен.

Ол, біріншіден дін.Яғни, ерте ғасырлардың өзінде-ақ ұлан-ғайыр қазақ сахарасына кең тарап, жергілікті ұлттардың арасына сіңіп, олардың өмір – тіршілігімен қабысып кеткен ақихат дін-ислам діні. Пайғамбарымыз Мұхаммед жайған діннің ең тазасын  қаймағын бұзбай, сол қалпында елдің санасына жеткізген әулие аталарымыз. Халқымыз имандылық нұрының бастауларыг сондай жүрек көзі ашылған перзенттерімен алды деп толық сеніммен айта аламыз.

1-Жүргізуші

Екінші тірегі-салт дәстүр. Қазақ тұрмысында “тал бесіктен жер бесікке” дейін қайталанып жататын далалық  өркениеттің жарқын көрінісі.

Салтынан,әдет-ғұрыпынан  қол үзбеген жұрттың кезінде талай өзге елдің өкілдерін,ғалым,зерттеушілерді тамсандырғанын білеміз.

 Ән:Қазағымның дәстүрлері-ай

2 – Жүргізуші

Имандылықтың үшінші тірегі- ана тілі. Ананың бал әлдиімен бойға дарып, жүрекке сіңген ана тілдің құдіреті байтақ даламызға береке дарытты, ұлттың ұлан-ғайыр жерде бытырап жоғалмай, бір шаңырақ астына бірігуіне күшті құрал болды. Міне, осындай басты – үш қасиетті берік ұстаған ата – бабалар біздерге, кейінгі ұрпақтарына «адастырмас айқын жолды» көрсетіп кетті.

Ән:     Ананың тілі

 1-Жүргізуші

Ұлы Абай айтпақшы: “Иман сақтауға қорықпас жүрек,айнымас көніл,болмас буын керек”дейді. Олай болса адамгершіліктің биік мақсаттарын сөзсіз атқаруды дәріптейтін имандылық ұасиеттері жайлы тыңдайық.

                                                    Имандылық                          Достық

                                                            қасиеттері

Адалдық пен

Мейірімділік                                                                                       шыншылдық

пен ізгілік

Кісілік

Борыш пен                               Ар-ұят

жауапкершілік

Отансүйгіштік                                                   Ақылдылық

Мақсаткерлік

Кісілік – қазақ ұжымына адамгершілік ұғымымен астарлас келетін моральдық атаулардың бірегейі- кісілік ұғымы. Кісілік – өмір барысында біртіндеп қалыптасқан жеке адамның адамгершілік іс – әрекеттер мен мінез-құлқының азаматтық ар-ұжданы.

Халқымыз:

«Адам болар баланың кісіменен ісі бар,

Адам болмаса баланың кісіменен несі бар»,- деп тәрбиелі адамның үлгі –өнегесін жоғары бағалап, жастарға «Жарлы болсаң, арлы бол» деп талап қойған. Қазақ дәстүрі бойынша үлкенді сыйлау, құрметтеу, үлкен кісінің алдынан қия өтпеу, оған сілем беру, төрден орын беріп құрметтеу, көңіліне қарау кісіліктің нағыз белгісі.

Отансүйгіштік – әр заман ғұламалары адамның осынау қасиетін қастерлеп, сөздерінің небір дәмді ой түйіндері арнаған.

Мәселен, М.Әуезов: «Отан анам,

Отаным сенен аяр жаным жоқ,

Сенен іскер күшім жоқ» десе,

В.А. Сухолеминский: «Отан – өз бесігінің, өз үйің, өз бесігіңді ұмыта көрме» дейді.

«Ең зор ізгі ерліктерді Отанға деген сүйіспеншілік туғызған» дейді Ж.Ж.Руссо

Мақсаткерлік — бұл адамның  өз мінез-құлқын көздеген мақсатына алаңсыз бағыштауы, мұны өзінің ұстанған бағыт-бағдарына алуы. «Мақсатсыз өмір сүрген адам неткен бейшара» деп орыс жазушысы И.С. Тургенев.

«Адамдарды алдына қойған мақсатымен бағалау» деген белгілі саяхатшы Миклухо – Маклай. Мақсаткер адам ылғида жалындап жанады, бықсу дегенді білмейді, ол жеңілмеу үшін күреседі.

Ақылдылық —  бұл жан-жақты жетілген білімді, салмақты да байсалды қарапайым да кішіпейіл, аса ізетті адам. «Ақылды адамға екі дүниеде жол ашық» деген Ж.Баласағұн. Қазақ мақал – мәтелдерінде де «Ақылдан кісі озбайды», «Ақылды адам ақымақтан да бірдеңе үйренеді», «Ақылды айттырмай біледі» деп ерекше мән берген.

Борыш пен жауапкершілік – бұл адамның әке-шеше, үй-іші, тума-туыстарына қатысты перзенттік парызынан туындайтын қасиет. Мұның негізінде өзін әлпештеп, адам етіп өсіргендердің алдындағы жауапкершілігін бар санасымен терең аңғара алып түсіну, сондай-ақ, осы арадағы өз парызы мен қарызын қалай ақтау жолын ойластыру жатады. Борыш пен жауапкершілікті түсіне білуден адамның имандылығы мен адамгершілігінің дәрежесі байқалады.

Мейірімділік пен ізгілік – бұл егіз қозыдай екі  қасиет.

«Мейірімділік, — деп жазды К. Бови, — мылқаулар сөйлей алатын, кереңдер ести алатын тіл». Үйде де, түзде де кісіге ізгілік, имандылық қара, оның қамын ойлау, оған мейірімділік пен мейірмандық білдірген жанашырлық пен қамқорлық жасай білу кісіліктің, ұнамды мінездің көрінісі.

Халқымыздың сан ғасырлар тарихында бүкіл өмірін халық бақыты үшін сарп еткен біртуар перзенттер аз болмаған. Әл- Фараби, Асанғайғы, Сырым батыр, Махамбет, А.Байтұсынов, М.Дулатов, Ш. Құдайбердіұлы т.б.

Адалдық пен шыншылдық – адал адам шынайы да ,шыншыл адам. Адалдық сөздің таным мен сенімге ұщтасуы, оның іс-әрекетке қайшы келмеуі. Адал да шыншыл, әділетті болу – еңбек пен білім алуға, жалпы іс-әрекетке дұрыс көзбен қарау, инабатты, тіршілікке тиянақты болу деген сөз.

Адалдық пен  шыншылдық бар жерде әділет, кішіпейілділік, қайырымдылық пен қарапайымдылық та еріп жүреді, бұлар кісінің ат пен абыройына дақ түсірмейді.

2 – Жүргізуші

Әр заманды жасаушылар өз тұсындағы адамдардан гөрі мұраттары асыл, имандылығы биік, ақылды, көпке үлгі-өнеге боларлық, жаны пәк, ажар-көркі көз суарардай әрліні өткен замандардан іздеген.

1-Жүргізуші

Соның бір мысалы халқымыздың ұлы ақыны Абайдың ұлы Әбдірахманға берген адамгершілік қасиеттері туралы өлеңін тыңдайық.

          “Орынсызды айтпаған” өлеңі

2 – Жүргізуші

«Адамның кейбір мінездері»  ақынымыз Ж.Қалжанованың өлеңін тыңдайық. (Ақерке)

Өмірге кісі қонақ келіп кетер,

Мақсатқа біреу жетпес, біреу жетер.

Кейбіреу ұрпақ үшін қызмет етсе,

Кейбіреу шегірткеше ән сап өтер.

Өмірді неше түрлі мінезімен

Адамдар өз тұсында жүріп өткен.

«Бақ» пен «Бақыт» арасын ажыратпай,

Кейбіреу босқа өмір сүріп кеткен.

Тыныштық күндерінде бейбіт заман,

Көре алмаулық, күндестік нәрсе жаман.

Арамдық пен қарғыс айтса,

Оқ бар ма, жан жаралар артық сонан…

1-Жүргізуші

“Жаман айтпай жақсы жоқ”дейді қазақ,

Көрсе де жамандықтан талай азап.

“Жақсылық”пен “Жамандық”жолда жүрген,

Көптен мысал айтайын менде аздап…

Сан түрлі мінездер бар балапаным

Мен дағы жақсыларын ұнатамын

Қолдағы бес саусақтың тең емесін,

Мысал ғып өзімді-өзім жұбатамын

Жақсыға жаның әуес болса балам,

Есіңе ақиқаттың жолын салам

Көкірек көзіңді ашар иманың мен,

Пейілің,әділ сөзің,сезім санаң.

Қорытындылау

 [bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *