Жамбыл облысы ,
Қордай ауданы
Гвардейский қалашығы
№43 Б.Момышұлы атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Куттибекова Кулжахан Нурматовна
4 сынып математика
Тақырыбы: Бір-біріне қарама-қарсы қозғалыс. Жақындау жылдамдығы.
Мақсаты: 1. Бір –біріне қарама-қарсы қозғалыстарға есептер шығару әдістерімен таныстыру, жақындау жылдамдығы деген ұғым беру.
Оқушыларды қозғалысқа қатысты есептерді шығару дағдыларын , ақыл-ойын, ой- өрісін, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту.
Пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз ойын қорытындылай білуге баулу.
Оқушыларды біліктілікке, тез әрі дұрыс жауап беруге, ұйымшылдыққа және белсенді болуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: топтық- жарыс.
Әдісі: түсіндіру, «Ой ашу» стратегиясы, сұрақ- жауап, топтық жұмыс, логикалық
тапсырма, көрнекілікпен жұмыс, жұптық жұмыс, графикалық тест жұмысы.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, дүниетану, бейнелеу, еңбекке баулу.
Көрнекілігі: Сызбалар, кестелер, тест тапсырмалары, қозғалысқа қатысты формулалар, интерактивті тақта, слайд.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың дұрыс отыруын, оқу құралдарын толық алуын қадағалап, назарын сабаққа аударамын.
Сәлемдесу
Бүгінгі күн терезеден,
Бізге, міне, тұр қарап.
Сондай жақсы көңіл күймен,
Басталады бұл сабақ.
Оқушылар математикалық шамалар арқылы топтарға бөлінеді.
І топ: «Қозғалыс» -Ұраны : Қозғаламыз алға біз, кедергіге қарамай!
ІІ топ: «Жылдамдық» Ұраны: Жылдамдықты сақтаймыз, жарысуды бастаймыз!
ІІІ топ: «Уақыт» Ұраны: Уақытты текке біз, өткізбейміз себепсіз!
ІV топ: «Қашықтық» Ұраны : Қашықтыққа қашпаймыз, сұрақтардан саспаймыз!
Бүінгі сабағымыз ерекше және жарыс түрінде өтеді, сабаққа белсене қатысып,
өз білімімізді көрсете білейік.
— Балалар таңертең тұрғанда күнді дене жаттығуларынан бастайтын сияқты сабағымызды «Ой жаттығуларынан» бастайық.
ІІ. «Ой ашу» стратегиясы
- бөлім:
- Жылдың төртінші айы? ( Сәуір)
- Бүгін аптаның қай күні? (Сәрсенбі)
- 120 мен 3 тің көбейтіндісі? (360)
- Шаршы, тік төрт бұрыш, үш бұрыш нелер? (геометриялық фигуралар)
- Есік қандай геометриялық фигура? (тік төрт бұрыш)
6.2015 жылы 4 қыркүйекте қазақ үшін қандай жаңалық болды? (Айдын Айымбетов ғарышқа ұшты)
7.Қазақтың тұңғыш математигі? ( Әлімхан Әбеуұлы Ермеков)
8.Пайдалы қазбалар неше түрге бөлінеді? (3 ке)
(Жауапты дұрыс берген топтың ұпайын санап отырамын. )
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: №3. (Ауызша оқиды)
ІV. Өткенді қорыту:
Әр топқа өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады.
І. Топ Үйден кітапханаға дейінгі арақашықтық 1800м. Осы арақашықтықты оқушы 30 минутта жүріп өтті. Ол қандай жылдамдықпен жүрді? (60 м/мин)
ІІ топ Жүк машинасы 200 км жолды 4 сағатта жүріп өтті. Оның қандай жылдамдықпен жүргенін тап. (50км/сағ)
ІІІ топ Мотоциклші 120км арақашықтықты 2 сағатта жүріп өтті. Ол қандай жылдамдықпен жүрді? (60км/сағ)
ІVтоп Велосипедші 8 км/сағ жылдамдықпен 8 сағат жол жүрді. Сол қашақтақта 4 сағатта жүріп өту үшін ол қандай жылдамдықпен қозғалуы керек? (16 км/ сағ)
— Сонымен қозғалысқа қатысты қандай ұғымдармен таныспыз? (балалар жауабы)
- Жаңа сабақ:
-Бүгінгі сабағымызда бір –біріне қарама –қарсы бағыттағы қозғалыстарға есептер шығаруды жалғастырамыз.
Күн ретін жазамын . Көркем жазу:
Бөлуді орында және оны көбейту арқылы тексер:
І топ: ІІІ топ:
72024 :12 =6002 96048:12=8004
ІІ топ: ІV топ
6002*12=72024 8004*12=96048
№1 тапсырма: Көрнекілікпен жұмыс.
а ) Екі қаладан бір мезгілде екі машина бір –біріне қарама- қарсы жолға шықты. Олардың біреуі кездескенге дейін 348 км, ал екіншісі одан 3 есе кем жол жүрді. Қалалардың арасы қанша километр?
V1 = 348 км жүрді Шешуі: 1) 348 : 3 = 116 км (V2)
V2 —? 3 есе кем жүрді. 2) 348+ 116 = 464 км
S = ? S = 464 км
ә ) Берілген есепке кері есеп құрастыру:
S = 464 км Шешуі: 464 – (348 : 3) =116 км
V1 = 348 км V2 = 116 км
V2 —? 3 есе кем жүрді.
V2 —?
- бөлім: «Математикалық жаңылтпашты жаңылмай айту»:
1) Ұшып кетті үш құс 2) Жоғалды бес шыбыш, жоқ әлі еш сыбыс.
Ұшып келді ұшқыш Жоқ әлі еш сыбыс, жоғалды бес шыбыш.
№2 тапсырма:
Шаруа қожалығы күзгі өнімнен 1128 т бидай, одан 25 т кем арпа және бидайдан 8 есе кем қарабидай сатты. Шаруа қожалығы барлығы қанша астық сатты?
Бидай -1128 т Шешуі: 1) 1128 – 250 = 878 т (арпа сатылды)
Арпа — ? 25 т кем 2) 1128 : 8 =141 т (қарабидай сатылды)
Қарабидай — ? 8 есе кем 3) 1128 + 878 + 141 =2147 т
Барлығы — ? астық сатты. Жауабы: Барлығы 2147 т астық сатты.
Сергіту сәті: Ән ырғағымен қимыл – қозғалыстар жасайды.
- бөлім: «Ойлы болсаң, озып көр» :
1.Кез келген нәрсенің төрттен бір бөлігі көп пе, әлде жартысының екіден бір бөлігі көп пе? (екеуі бірдей)
- Егер Т-дан бастасаң санмын, Т-ны алып тастасаң жаумын. (төрт-өрт)
- 5 жыл бұрын Айжан 8 жаста болған, 6 жылдан кейін Айжан неше жаста болады? (19 ж)
4.Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды? (1 адам)
№3 тапсырма:
Өрнек түрінде жазып көрсет:
Қозғалыстағы дене | Жылдамдық | Уақыт | Қашықтық |
Жеңіл машина | 90км / сағ | 2 сағ | ? |
Жүк машинасы | Х км / сағ | 3 сағ | ? |
1)S = 90 км * 2сағ 2) S = х км * 3 сағ
3) S = (90 км * 2сағ) +( х км * 3 сағ) 4) V = 90 км + х км
- бөлім: «Математикалық мақал – мәтелдерді жалғастыру »
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім ал)
2. Білекті бірді жығады, (білімді мыңды жығады)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сына ма, (үш жыл сына)
5. Еңбек адамның – (екінші анасы)
6. Жүз теңгең болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
8. Жалқаудың екі досы бар: (бірі — ұйқы, бірі – күлкі)
9. Бес бармақ жиылса, (жұдырық болады)
10. Ер бір рет өледі, (қорқақ мың рет өледі)№6 тапсырма: Теңдеу құру арқылы шығару:
Шаршы тәріздес ас үйдің еденінің ауданы 9 м2 . Ас үй еденінің ұзындығын тап.
а *3 = 9
а = 9 : 3
а = 3м (ас үй еденінің ұзындығы)
- бөлім: «Сәйкес санды тап» ойыны
№7 тапсырма: Жұптық жұмыс. Сәйкес келетін цифрларды таңдап ал:
37: = 27 27: = 90 60 : = 34 64 : = 80
327 : 1 = 327 270 : 3 = 90 608 : 2 = 304 640 : 8 = 80
- бөлім Тамаша бестік.
Оқушылар тақтадағы бірден беске дейінгі сандардың біреуін таңдап, сұраққа жауап береді.
1. Ана тілі. «Қарабатыр » ертегісінің авторы кім? (Ы. Алтынсарин)
2. Дүниетану. ҚР жері неше шаршы км? (2 724 900км2)
3. Қазақ тілі. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
(Екі немесе одан да көп сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем деп атайды.)
4. Еңбекке баулу. Киіз үйдің керегесін құрайтын ағаш қалай аталады? (Желі)
5. Бейнелеу. Композиция дегеніміз не?
(Үйлестіру, Туындының негізгі бөліктерінің белгілі бір жүйеде орналасуы.)
- Қорытынды: Графикалық тест таратамын. Дұрыс жауабын белгілейді.
І топ: V1 = 20 км / сағ ————t = ? сағ———— t = 2 сағ
V2 = 26 км / сағ t = 10сағ
———————————- S = 460 км t = 5 сағ
ІІ топ: V1 = 60 км /сағ ———t = 2 сағ ————— S = 280км
V2 = 80 км /сағ S = 360км
———————— S = ? км S = 140км
ІІІ топ: V1 = ? км/ сағ ———— t = 3 сағ————- V1 = 5км /сағ
V2 = 5 км /сағ V1 = 6км /сағ
——————————- S = 27 км V1 = 4км /сағ
ІVтоп: V1 = 20 км / сағ ————t = 3 сағ———— V2 = 25км /сағ
V2 = ? км / сағ V2 = 20км /сағ
———————————- S = 120 км V2 = 15км /сағ
Сонымен жақындау жылдамдығы неге тең? (Жылдамдықтардың қосындысына)
Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де есеп
Ауырсаң, ішетұғын дәрі де есеп
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау
Дүниенің бар тұтқасы есеп демек
Жеңіске жеткен топты марапаттап, бағалау
Үйге тапсырма: №7,9.