Басы » Cыныптан тыс » Ұлттық руханиятымыздың өзегі – ана тіліміз

Ұлттық руханиятымыздың өзегі – ана тіліміз

Набиева С.М

Аудандық семинар

Тақырыбы:Ұлттық руханиятымыздың өзегі – ана тіліміз

Мақсаты: мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезіну, басқа тілді құрметтей білуге үйрету.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

21 ақпан- халықаралық ана тілі күні.

Халықаралық ана тілі күні— 1999 жылдың 17 қарашасында болған ЮНЕСКО-ның басты конференциясының 30-сессиясындағы қаулысымен 2000 жылдан бастап әр жылдың ақпан айында тілдік және мәдени ерекшеліктер мен көптілділікті сақтау мақсатында бекітілген. Бұл күн 1952 жылдың 21 ақпанында шығыс Пәкістанның (1971 жылдан Бангладеш) Дакка қаласында (қазіргі Бангладештің астанасы) болған өздерінің ана тілі бенгал тілін қорғау үшін елдегі ресми мемлекеттік тілдің бірі ретінде тануын талап еткен демонстрацияға қатысушы студенттерге қарсы қолданылған қатаң жазаға байланысты белгіленді. Бангладеште сол қанды оқиғаны еске алу күні ретінде аталып өтіледі.

«Не себептен ана тілге сондай көп мән беріп отырмыз? Себебі, тілдер қабылдау мен ойлаудың және қатынастың құралы болумен қатар, әлемге деген көзқарасымызды жеткізудің жолы, өткен мен бүгіннің және келер күннің арасындағы байланыс» — деген болатын 2003 жылдың 21 ақпанында ЮНЕСКО-ның бас директоры К.Мацуура.

Өз кезегінде, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 2008 жылды Халықаралық тілдер жылы деп, ал 2010 жылды мәдени жақындасу жылы деп атады.

Тілдер рухани және материалдық құндылықтарымызды сақтаудың ең негізгі құралы. Мамандардың айтуы бойынша, тілдердің өмір сүруі үшін кемінде 100000 адам сөйлеуі керек екен. ХХ ғасырдағыдай тілдердің өлуі бұрын-соңды болмаған. Жаңа технологиялардың қарқынды дамуы аз тұтынушылы тілдердің жойылуына негізгі себеп ретінде қарастырылады.ЮНЕСКО-ның есебі бойынша, әлемнің  шамамен 6000-ға жуық тілінің жартысы жуық арада өз тұтынушыларын жоғалтуы мүмкін. Халықаралық ана тілі күнін белгілеудің бір себебі ретінде осы жойылуға бет алған тілдерді сақтап қалу мәселесі де қарастырылған.

«Қазақстан халық тілінің қалыптасуы Қазақ халқының қалыптасуы кезеңдерімен қатар жүріп отырған», — деп тіл тарихын зерттеген ғалым М.Т.Томанов айтқандай, ана тіліміздің қадірін жетіп, дамып, өркендеуіне, келешекке кемел жетуіне өз үлесімізді қосайық…

Елбасының мына бір сөзі бізге өмірлік ұстаным болуға тиіс: Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару,  әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы- ана тіліміз.

Батырғожина  Аружан «Қазақ тілі» М.Жұмабаев

Елбасы өзінің «Жаңа әлемдегі- жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға  тиіс» дей келіп «Тілдердің үш тұғырлығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңімен іске асыруды ұсынды.Үш тұғырлы тіл-өмірлік қажеттіліктен туындаған идея.Яғни,бүгінгі таңда  Қазақстан үшін үш тұғырлы тіл-елдің бәсекеге қабілеттілікке  ұмтылудағы бірінші баспалдағы.(видео)

Енді топтарға сөз беріп осы үш тұғырлы  тілге байланысты пікірін таңдап көрейік.Топтар американ профессоры Эдвард Бонаның «Ойлаудың алты қалпағы» атты сыни тұрғыдан ойлау  модуліне байланысты бөлінген.

Ақ қалпақ

Тіл білудің артықшылығын қазақ даналығы «жеті жұрттың тілін біл», «неше тіл білсең сонша адамсың» де бағалайды.Әлемдегі екінші ұстаз Әбу Насыр Әл Фараби өмірінде 70-ке жуық ұлттың тілін білсе,қазақ поэзиясының  данышпаны ұлы Абай орыс,қазақ тілдерімен қатар парсы,араб тілдерін білген. Шоқан Уалиханов түркі тілдерінің біразын және орыс тілін жетік білген.

Елбасы «қазақ тілі 3 тілдің  біреуі болып қалмайды.Үш тілдің біріншісі,негізгісі,бастысы,маңыздысы болып қала береді.»деп атап көрсетті.Ақпараттық техниканың дамыған заманында тілді үйрену көп қиындық тудырмайды.Алғашқы тәрбиені ана тілінде қабылдап қазақы қасиетпен жетілген бала қанша тілді үйренсе де өз тілін,ұлттық құндылықтарын ұмытпайды.

Біздің мақсатымыз- ағылшын,орыс тілін үйрену арқылы ағылшын не орыс болып өмір сүру емес.Біздің мақсатымыз- сол тілдерді жетік меңгерген Мәңгілік қазақ еліне айналу.Өз тілің бірлік үшін,өзге тіл тірлік үшін керек екенін ұмытпайық.

«Тілім менің» өлеңі орындайтын Ақлима,Еркенұр

Қара қалпақ

1.Қандайда бір тілді меңгеру адамның өмір бойғы уақытын алады. Тілді жетік меңгеру үшін көп дайындық қажет. Адам өміріндегі дене тәрбиесі, жанұясына көңіл бөлу, қайырымдылықпен айналысу, қолөнерге ден қою сиақты пайдалы амалдарға жұмсауға болатын уақыты мен энергиясы тіл үйренуге кетіп қалады.

2.Орыс және шетел тілдерін білудің қазақ тілінің динамикасынада әсер ететін басқа да негативті тұстары бар. Қазіргі жаңа кезең қазақ тілі үшін бір жағынан жетістікке жету кезеңі болса, бір жағынан жоғалту үдерісін де бастан кешіп отыр.Тіліміздің әдеби нормасына сәйкес емес сөз тіркестері мен сөйлемдер көбейді.

3.Үстем тілде сөйлейтін халықтардың тілімен қоса менталитетін де қабылдау бізге өз мәдениетімізден қол үзуге, ұлттық құндылықтармызды аяқ асты етуге әкеліп соқтыруы мүмкін.

Сары қалпақ

1.Көп тіл білу- мақтаныш, әйтсе де өз ана тілін аяқ асты ету- тексіздіктің ісі.Ана тілін жақсы біліп тұрып, өзге тілде жетік сөйлесе бұл- сүйініш,мақтаныш, ал ана тілін білмей тұрып өзге тілде сөйлесе-бұл күйініш,өкініш.

  1. Мемлекеттік тіл-қазақ тілі үш тілдің бірі болып қалмайды, ағылшын мен орыс тілін өзінің көлеңкесінде ұстап, ығына ығыстырып, үш тұғырдың ең үстінде тұрады.Адам көп тіл білген сайын оның көкірек көзі ашылып, өмірінің көкжиегі кеңіп өрісі ұлғая түсетін болады.

3.Бүгінгі егеменді Қазақстан азаматтарының басты парызы-өз тілін құрметтеу және өзге тілді меңгеру арқылы бәсекеге қабілетті тұлғаға айналу.

Қызыл қалпақ

Бишебай Аружан «Ана тілі» өз туындысы

Нәжмадин Мейірбек «Балбырауын» күйі

Жасыл қалпақ

Оқушылар постер қорғайды.

Көк қалпақ

Мұғалімдер пікір айту

Түйебай Полина,Нұрлыбай Расул

«Мен қазақпын» Ж.Молдағалиев

Қани Альбина «Ана тілі» әні

Қорытынды сөз.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *