Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№11 мамандандырылған физика-
математикалық мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі:
Абдуллаева Лида
Оқушы жетістігін критериалды бағалау
2015-2016 оқу жылының 1-қыркүйегінен бастап республикамыздағы 30 пилоттық мектебі Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша білім мазмұнын жаңарту жұмысын бастады.Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы №11 мамандандырылғын физика-математикалық мектебі де осыжоба бойынша жұмысын бастады. Елбасымыз өзінің кезекті жолдауында білім саласына айрықша көңіл бөлу керектігін айтып өткен. Өйткені ел болашағы- білімді, саналы, парасатты ұрпақтың қолында. Еліміздің экономикасын, әлеуметтік жағдайын әлемдік деңгейге жеткізу, жаңа технология мен экономиканың қарқынды дамуына үлес қосатын жаңа тұлғаны қалыптастыру қажет. Жаңа заман талабы –топта жұмыс істей білетін, критикалық ойлау, зерттеу дағдылары, бағалау мен анализдеу және тағы басқа дағдыларға иеоқушыны қалыптастыру. Бұл дағдыларды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындады. Ол жаңа бағыттардың бірі — критериалды бағалау. Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқушының білім-білік дағдысын анықтау үшін критериалды бағалаудың маңызы зор.Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты мектепте оқыту сапасын жоғарлату, мектеп оқушыларының білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру болып табылады. Бұл алдын ала құрылған критерийлерарқылы оқушының жеке оқуын түзетуге мүмкіндік беретін, оқу мақсаттары бойынша күтілетін нәтижеге жету үшін оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау. Оқу жылы барысында оқушылардың ілгерлеуі мен үлгерімі туралы деректерді жинау үшін бағалаудың екі түрі жүргізіледі: қалыптастырушы бағалау және ішкі жиынтық бағалау. Әр тоқсанда қалыптастырушы бағалаудың 10 оқу мақсаты іріктелген. Тоқсан басында қалыптастырушы бағалау үшін әдістемелік ұсыныстарды басшылыққа ала отырып, оқушының жеке ерекшеліктерін және оқу дағдысын ескере отырып, өз тапсырмаларымды да дайындап отырамын. Қалыптастырушы бағалауды күнделікті сабақ барысындажүйелі жүргізіп отырамын.Мысалы: 1-сыныпта 1.3.12.2 Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, гигиеналық талаптарға сай жазумақсатын орындауда оқушыға оқылым критерийі бойынша мынадай жетістік критериі берілді:
Оқу бағдарламасына сілтеме | Оқу мақсаты | Бағалау бойынша ұсыныстар | |
3.12 Каллиграфиялық нормаларды сақтау
|
1.3.12.2 Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, гигиеналық талаптарға сай жазу | Баспа әріппен жазылған сөздерді жазба түрінде жазып көрсет.
Алан — Отан — Шара — Асау ат. |
|
Шона шар ал. — | |||
Жетістік крийтерилері | |||
Оқушы оқу мақсатына жетті, себебі | Оқушы оқу мақсатына жетуге талпынады, себебі | ||
әріптерді бір-бірімен каллиграфиялық талапқа сай байланыстырып жаза алады. | әріптерді каллиграфиялық талапқа сай байланыстырып жазуда қателіктер жібереді немесе жазу барысында гигеналық талаптарды сақтауда қиналады. | ||
жазуда гигиеналық талаптарды сақтай алады. | |||
Бұл оқушылардың жаңа сабақты, тарауды қалай меңгеріп жатқандығын жүйелі түрде бақылап, қадағалап отыруға пайдалы әрі жиынтық бақылау жұмысына дейінгі оқушының білім деңгейін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру. Осы орайда критериалды бағалаудың артықшылықтарына назар аударуға болады. Оқушылар нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білуге, түсінуге, рефлексияға қатысуға, яғни өзін және өз достарын бағалауға, нақты тапсырмаларды орындауда өз білімдерін қолдануға, ойларын еркін жеткізе білуге, сын тұрғысынан ойлай білуге дағдыланады. Сабақты жоспарлауда әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдану арқылы жаппай оқыту, топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүргізіліп отырады. Оқушылар өзгенің пікірін тыңдау арқылы бір-бірін бағалауды және өзін-өзі бағалауды да жүргізіп отырады. Қалыптастырушы бағалау жұмысы сабақтың толық бөлігін қамтуы міндетті емес. Ол сабақтың басында, сабақтың ортасында , сабақтың соңғы бөлігінде жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалауды өткізу кезінде оқушыларға оқу мақсаттарын бағалайтын жетістік критериін алдын ала түсіндіру қажет. Оқушылармен бірге «жетті», «талпынды» шешімі бойынша рефлексия жүргізіп отырамын. Оқу мақсатына сәйкес қай жерде жетістікке жетті, және неге көңіл бөлу керектігі анықталады және сол оқушымен оқу мақсатына жету үшін жеке жұмыс жүргізіледі. Оқушылардың оқу жылы бойындағы жасаған жұмыстарын, жеке жетістіктерін портфолиоларға жинақталған. Әр тоқсан басында және тоқсан ортасында ата-аналарды оқу мақсаттарымен таныстырып, оқушының жеке жетістігі туралы есеп беріледі. Оқу мақсатына жетпеген оқушыларды қай жерде көмек бөлу керектігіне көңіл бөлуді керектігі ескертіліп отырады.Осы оқу жылының 19 қарашасында мектебімізде «Бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын арттыру арқылы білім сапасын көтеру» атты облыстық семинар өтті.Осы семинарда ана тілі сабағынан «Отбасы» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабақтың оқу мақсатына сәйкес оқушылар «Отбасы» туралы өз ойларымен бөлісті, өзгенің пікірін тыңдай білді. Сурет бойынша сөз, сөйлем құрастырып, оны топта талдау жасады. Оқушылар өзін-өзі, бір-бірін жұмыстарына талдау жасап бағалады.Алдағы уақытта тағы нені білгісі келетіндерін айтты.Сабақ өте тартымды өтті. Қатысқан қонақтар сабақтан алған жақсы әсерлерімен бөлісті.
Қорыта келе критериалдық бағалау жүйесін қолдануда біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттап, өзіндік жауапкершілікке, нәтижеге жеткізумен бірге білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын,оқушының еңбегін кез-келген кезеңде анықтай аламыз.
Пайдаланған әдебиеттер:
«Бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау нұсқаулығы» НЗМ Астана 2015ж
«Оқушы жетістіктерін критериалды бағалау» НЗМ Астана 2015ж
[bws_related_posts]