Басы » География » Таулар. Таулардың биіктігіне қарай бөлінуі

Таулар. Таулардың биіктігіне қарай бөлінуі

аляМаңғыстау облысы

Маңғыстау ауданы

Жыңғылды ауылы

Есір Айшуақұлы  атындағы орта мектептің

география  пәні мұғалімі:  Аля Құлтумаева

Сабақтың   тақырыбы:  Таулар.  Таулардың  биіктігіне  қарай  бөлінуі

 Сабақтың  мақсаты: 

Білімділігі:

Оқушылардың  «таулар», «тау жотасы», «тау аңғары», «таулы өлке», «тау торабы»  ұғымдарымен  таныстырып, физикалық  карталар  бойынша  басым  биіктіктерін  және  биік  шыңдарды  анықтау  тәсілдерін  үйрете  отырып  оқушыларға  аласа,  орташа  және  биік таулар  ұғымдарын  қалыптастыру.

Дамытушылығы:

Әр  аймақтың  өзіне  тән  ерекшелігін,  табиғатының  әсемділігін  көруге  оны  қорғауға,  аялай  білуге  деген   ойларын  әрі қарай  тереңірек   дамыту.

Тәрбиелілігі:

Ұйымшылдыққа бірлесе қызмет жасауға, ойлау  қабілетін  дамытуға,  өз  беттерімен  тұжырымдай  білуге,  танымдық  қабілеттерін  дамытуға

дағдыландыру.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: тірек-сызбамен оқыту, сұрақ-жауап,

картамен жұмыс, «бес тұспал» ойыны.

Сабақтың  түрі:

Техникалық  құралдар:  Интерактивті тақта, компьютер,

Пәнаралық  байланыс:  қазақ  әдебиеті

Көрнекілігі:

Жарты  шарлар  картасы  және   Қазақстанның  физикалық  картасы, атлас,интерактивті тақта, анықтамалықтар, «Таулар» тақырыбына  арналған  суреттер,   тірек- сызбалар.

Сабақтың  құрылысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

      ІІ. Өткен  тақырыпты  қорытындылау  кезеңі

    ІІІ. Жаңа  тақырыпқа  бейімдеу  кезеңі.

  1. Мұғалімнің кіріспе  сөзі.
  2. Сұрақтар бойынша  пікірлесу.

    ІҮ. Жаңа  тақырыпты  оқып —  үйрену.

  1. Мұғалімнің  баяндауы, түсіндіруі
  2. Картамен жұмыс

Ү. Жаңа  тақырыпты  бекіту  кезеңі

  1. «Бес тұспал» ойыны (таулардың геогр. орнын анықтау)

2.Атлас  карталарымен  жұмыс  жасау

  1. Диограмма сызу
  2. Сөздікпен  жұмыс

 

ҮІ. Сабақты  қорытындылау

ҮІІ. Бағалау.

ҮІІІ. Үйге  тапсырма.

 Сабақтың  барысы:

                                            І. Ұйымдастыру  кезеңі.

                                           ІІ. Өткен  тақырыпты  қорытындылау.

Оқушылрмен  сұрақ – жауап  әдісі  бойынша  өткен  тақырыпты  қайталап  еске  түсіріледі.

  1. Жер қыртысында  қандай  қозғалыстар  болып  тұрады?
  2. Жанартау дегеніміз  не?
  3. Жанартаудың элементтерін  мына  суреттен  атап  көрсет.
  4. Қандай жанартауларды  білесіңдер?
  5. Сөнген жанартау  дегеніміз  не?
  6. Сөнбеген жанартаулар  дегеніміз  не?
  7. Жанартауды не  үшін  зерттеу  қажет?
  8. Жер бетін қалыптастыруда   жанартаудың  әрекеттерінің  рөлі  қандай?
  9. Ыстық бұлақтар  мен  гейзерлер  қандай  жағдайда  пайда  болады?
  10. Бұрын жанартау  атқылаған  жерге  тап  болдың  дейік. Оның  сөнген  жанартау  екендігін  қандай  белгілері  бойынша  дәлелдер  едің?

ІІІ. Жаңа  тақырыпқа  бейімдеу  кезеңі.

  1. Сабақтың мақсат – міндеттері  айтылады. Жаңа  материалды  оқып  үйрену  жоспары  айтылады.

Жаңа  сабақтың  жоспары

1.Таулар

2.Таулардың  биіктігіне  қарай  бөлінуі

3.Таулардың  географиялық  орнын  қалай  анықтауға  болады

 

2.Оқушылардың  жаңа  тақырыпқа  қатынасын  қалыптастыру

  1. Жер қыртысы  дегеніміз  не?

2.Жер  қыртысы  қозғалысының  неше  түрі  бар?

  1. Баяу көтерілу  дегеніміз  не?
  2. Төмендеу дегеніміз  не?
  3. Өздерің табиғаттан  н/е  суреттен  көрген  төбелер  мен  тауларды

естеріңе  түсіріп,  олар  туралы  айтып  беріңдер

  1. Салыстырмалы биіктік  деген  не?

ІҮ. Жаңа  тақырыпты  оқып – үйрену  кезеңі

  1. Мұғалімнің баяндауы, түсіндіруі
  2. Тірек – сызбамен оқыту.

Төбе  секілді  тау  да  —  жақсы  байқалатын  шыңы,  табаны,  беткейлері  жер  бетінің  дөңес  формасы.  Алайда  төбелердің  салыстырмалы  биіктігі  200 м – ден  аспайды,  ал  таулардың жер  бетінен  биіктігі  қашан  да  200  м – ден  жоғары  болады.

Төбелердің  үсті  тегіс,  беткейлері  жалпақ  болып  келеді,  өйткені  олар  әдетте  борпылдақ  шөгінді  жыныстардан  тұрады.

Таулардың  жер  бедері.  Табиғатта  оқшау  тұрған  таулар  сирек  кездеседі.  Вулкандар  бұған  жатпайды

Таулардың  биіктігі.  Таулардың  жазық  кеңістіктен  биіктігі  жүздеген,  тіпті  мыңдаған  метрге  жетеді.  Тауларды  абсолют  биіктігіне  қарай  үшке  бөледі.

Таулардың географиялық орнын қалай табуға болады?

А) Берілген нысанның геогр орны

Ә) Тау жоталарының бағыты

Б) Таулардың км-мен есептегендегі ұзындығы

  1. 2. Картамен жұмыс. Оқушылар  тауларға  қатысты  термин  сөздерді  дәптерге  жазып,  тауларды  ж/е  олардың  ең  биік  нүктелерінің  орнын  картадан  табады.

3.Тірек – сызба  бойынша  жаңа  тақырыпты  қорытындылап  шығады.

Ү.  Жаңа  тақырыпты  бекіту  кезеңі.

Оқушылыр  үш  қатарға  бөлініп  тапсырма  орындайды.

  1. Тапсырма:  Кесте  толтыру. (картамен  жұмыс)
  2. Тапсытма: «Бес  тұспал  ойыны»  (тауларға  сипаттама  беру)
  3. Тапсырма: Таулардың  ең  биік  нүктелерін  диаграмма  құру  арқылы

салыстыру.

  1. Тапсырма:  Сөздікпен  жұмыс
  1. Тапсырма: Кесте толтыру. (картамен  жұмыс)

І – ші  қатар:  Мұғалжар тауы мен Альпі тауын салыстыра отырып, кестені толтыр.

Нысананың  аты Географиялық орны Жоталардың бағыты Орташа биіктігі Өң биік жері

 

Мұғалжар

 

       
Альпі

 

       

 

ІІ – ші қатар:  Таудың ең биік нүктелеріне сипаттама бер.

 

Тау шыңы Географиялық координаталары Қай тауда Абсолюттік биіктігі
 

Джомолунгма

     
 

Маккинли

     

 

   ІІІ — қатар  Таудың  жер  бедеріне  сипаттама  бер

 

Географиялық нысан Жер бедерінің түрлері Жауабы
1.Камерун

2.Орисаба

3.Қоңғар

4.Орал

5.Кавказ

6.Шелек — Кебін

7.Везувий

8.Мұғалжар

9.Жеңіс

10.Мұзтау

 

 

І. Шыңдар

ІІ. Таулар

ІІІ. Жанартаулар

 

ІІ- тапсырма  « Бес тұспал » ойыны

 

Бұл  ойынның  тапсырмаларына  берілетін  жауаптар  оқушының  пайымдау, логикалық  ойлай  білу  мен  талдай  білуді  талап  етеді. Белгілі  бір  географиялық  нысандар  көмегімен  табу  ұсынылады.     Барлығы  5 тұспал  бар.  Әр  тұспалдан  кейін  жауап  қабылданады.  Бірінші  тұспалдан соң  жауап  дұрыс  болса  — 5 ұпай, екіншіден  соң — 4 ұпай,  үшіншіден соң — 3  ұпай, төртіншіден  соң  — 2  ұпай,

бесіншіден  соң — 1    ұпай  беріледі.

Мына  « Бес  тұспал» ойыны  бойынша  таулардың  географиялық  орнын  анықтаңдар

1 — тапсырма

1 – тұспал: Еуразия материгінде, Қара ж/е Каспий теңіздерінің

аралығында орналасқан.

2 – тұспал: Тау жоталары солтүстік – батыстан оңтүстік – шығысқа қарай

созылған.

3 – тұспал: Таудың  ұзындығы 1100 км

4 – тұспал: Бұл тау биік тауларға жатады.Басым биіктіктері 3000 – 5000 м

болып келеді.

5 – тұспал: Ең биік  шыңы  Эльбрусь (5642 м),

координаттары  430 с.е. 430 ш.б.

Жауабы:  Кавказ  тауы

 

2 – тапсырма:

1 – тұспал: Солтүстік жарты шар  материгінің  батысында  орналасқан .

2 – тұспал: Тау жоталары солтүстік – батыстан оңтүстікке  қарай

созылған.

3 – тұспал: Таудың  ұзындығы 7830 км

4 – тұспал: Бұл тау биік тауларға жатады.Басым биіктіктері 3000 – 6000 м

болып келеді.

5 – тұспал: Онда Орисаба жанартауы бар.

Жауабы: Кордильер тауы

3– тасырма:

1 – тұспал: Бұл тау оңтүстіктегі  материктің  бірінде  орналасқан .

2 – тұспал: Батыс жарты шардың ең биік тауы.

3 – тұспал:Бұл  таудың  оңтүстік – шығысында Парана өзенінің алабы бар.

4 – тұспал: Бұл тау биік тауларға жатады.Басым биіктіктері 3000 – 6000 м

болып келеді.

5 – тұспал: Ең биік шыңы 6959 м, координаттары  330 о.е. 700 б.б.

Жауабы:  Анд  тауы

ІІІ – тапсырма: Таулардың  ең  биік  нүктелерін  диаграмма  құру  арқылы  салыстыру.

Эверест 8848  м
Жеңіс 7439  м
Хан тәңірі 6995  м
Мұзтау 3816  м

Жауабы:

 ҮІ. Сабақты  қорытындылау.1. Тірек – сызба бойынша 1 – 2 оқушы жаңа сабақты  қысқаша қорытындылап шығады.

Бағалау:

 Үйге тапсырма:
Таулар.
Таулардың  биіктігіне  қарай  бөлінуі
№ 5, 6 тапсырмаларды дәптерге  орындап  келу.

І – тапсырманың  жауаптары

І – ші  қатар:  Мұғалжар тауы мен Альпі тауын салыстыра отырып, кестені толтыр.

Нысананың  аты Географиялық орны Жоталардың бағыты Орташа биіктігі Өң биік жері

 

Мұғалжар

 

Орал тауының оңт. Жатыр ж/е табиғи жалғасы болып табылады Солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр 300 – 500 м Үлкен Боқтыбай 657 м
Альпі

 

Еуразия матер. Оңт – бат — да Жерорта теңізі, оңт – шығ-да  Қара теңізбен шектеседі Солтістік –батыстан оңтүстік –шығысқа қарай созылған. 2000 – 3000 м Монблан

4807 м

 ІІ – ші қатар:  Таудың ең биік нүктелеріне сипаттама бер.

Тау шыңы Географиялық координаталары Қай тауда Абсолюттік биіктігі
 

Джомолунгма

290 с.е 830 ш. б Гималай 2000 – 5000 м
 

Маккинли

620 с. е. 1510 б.б. Кордильер 2000 – 4000 м

   ІІІ — қатар  Таудың  жер  бедеріне  сипаттама  бер

Географиялық нысан Жер бедерінің түрлері Жауабы
1.Камерун

2.Орисаба

3.Қоңғар

4.Орал

5.Кавказ

6.Шелек — Кебін

7.Везувий

8.Мұғалжар

9.Жеңіс

10.Мұзтау

 

 

І. Шыңдар

ІІ. Таулар

ІІІ. Жанартаулар

ІІІ

ІІІ

І

ІІ

ІІ

ІІ

ІІІ

ІІ

І

І

 [bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *