Баяндама тақырыбы: Ғылыми-жаратылыстану білім беру мазмұнындағы оқушылардың саламатты өмір салты мен өмір қауіпсіздігін қалыптастырудың мазмұндық-функционалдық және аксиологиялық аспектілері
Мақсаты:
«Ұлт тағдыры-ұрпақ тағдыры» екенін жақсы түсінетін ұстаздар қауымы тарапынан оқушылардың денсаулығын сақтауға белсене қатысып және салауатты өмір салты мен өмір қауіпсіздігін қалыптастыру бағытында жасалатын жұмыстармен таныстыру.
Өмірге келген әрбір адам үшін ең басты байлық- денсаулық .Дені сау адам ел үшін де пайдалы. Бұл туралы ағылшын философы Томас Карлейль «Дені сау адам –табиғаттың ең қымбат жемісі» деп өте дұрыс айтқан .Сондықтан денсаулықты бала жастан, яғни мектеп қабырғасынан сақтауды үйретуіміз керек.
Сондықтан да бұл тақырып-өзекті тақырыптардың бірі деп есептеймін. Адам өмірі ең басты құндылық. Тақырыпта берілген «аксиология» сөзі осы мағынаны береді.
Аксиология (грек, axios — құнды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Яғни ,тақырып бойынша денсаулық құндылық қасиеттері сөз болмақ.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына кіруі жөнінде мемлекет басшысы алға қойған міндетті жүзеге асыруда халықтың денсаулығы ең маңызды мәселе болып табылады.
Елбасының «Қазақстан – 2030» бағдарламасында «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім және әл – ауқаты» тармағында «Азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы, оларды қоршаған ортаның таза болуы үшін азаматтарымыздың салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттілігі» көрсетілген. Сондықтан да елімізде салауатты өмір салтын қалыптастыру ісі жандандырылуы елімізде бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының мақсаты да «Еліміздің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту» болып табылады. 2008-2016 жылдарға арналған «Салауатты өмір салты» бағдарламасы да аса қажеттіліктен туындап отырған жұмыс болып табылады.
Қазіргі кездегі білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі оқушыға терең білім мен тәрбие беруде оның денсаулығын сақтай отырып, дені сау, қабілетті тұлға қалыптастыру болып отыр. Мағжан Жұмабаев бір сөзінде: «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі…» – депті. Осы ой бүгінгі күні өзекті мәселе болып тұр. Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.
Мектепте оқушы өзінің 11 жылын өткізеді. Ал мектепке келген оқушының денсаулы
ғы жақсы, дене бітімінің мықты болуы шарт. Өйткені мектептегі жетістіктері дене дамуының, денсаулығының мықтылығына тікелей байланысты .
Статистикалық деректер көрсеткендей, ХХ ғасырдың соңында мектеп жасындағы дені сау балалар саны 4-5 есе кеміген.
Балалар денсаулығының төмендеуіне айтарлықтай деңгейде мектептің де кінәсі бар деуге негіз бар. Ғалымдар мектеп оқушыларының денсаулығына кері әсер ететін факторларға: оқушыларға оқу жүктемесінің шамадан тыс көп берілуін, педагог пен оқушы қарым-қатынасындағы авторитарлық стильді, балаларды оқыту мен тәрбиелеуде жас және дербес ерекшеліктерінің жеткілікті ескерілмеуін, гиподинамияны және т.б. жатқызады. Балалар денсаулығының төмендеуіне сонымен қатар, нашар экологиялық ахуал, рухани құндылықтардың ауысуы, жекелеген БАҚ және т.б. теріс ықпалы әсер етеді. Мектептегі денсаулықты сақтауға негізделмеген тәлім мен тәрбие үрдісі тиімді болуы мүмкін емес. Сондықтан да білім беру саласындағы мамандардың барлығының денсаулықты сақтау ұстанымына негізделіп жүргізілген де ғана нәтижелі болады.
Қазақстандық ғалымдар Б.Ә. Әбдікәрімов, К.М. Кертаева, Г.С. Сыздықова және т.б. мектептің заманауи даму жағдайында балалардың денсаулығын сақтау және нығайту проблемасы медицина қызметкерлері мен мұғалімдердің бірлескен әрекеті негізінде шешімін табатыны анық деп есептейді. Халықтың әл-ауқаты, елдің өндірістік әлеуеті және қорғаныс қабілеті орта мектеп түлектері денсаулығының жай-күйіне байланысты.
Ұлт тағдыры – ұрпақ қолында екенін жақсы түсінген ата-бабамыз жас жеткіншектерді еңбекке баули отырып, рухани-адамгершілік ізгі қасиеттерге тәрбиелеу мәселесін алғашқы орынға қойған. Сондықтан, біз болашақ педагогтар өз кезегімде алдымызға келген әрбір оқушының денінің сау болуы үшін осы бағытта да тәрбие бере білуге тиіспіз. Білім алушыны сауықтыруда дене шынықтыру пәні жетекші орынға ие болатын болса, басқа пәндердің өз үлесі болуы керек екені сөзсіз. Мектептегі әрбір мұғалім өзіне бекітілген бағдарламаны оқытумен қатар, оқушының тәрбиесіне, оның ішінде салауатты өмір сүруді қалыптастыруына да көңіл бөлуі қажет.
Бұл орайда бала денсаулығына деген жауапкершілік ата- ана мен мектепке бірдей болмақ.Жасөспірім, мектеп бітіру жасында дене активтілігінің ең жоғары деңгейіне жетуі тиіс. Бірақ жас өспірімдердің бәрі бірдей жарты шақырым жүгіріп, бел темірге оншақты рет тартыла алмайтыны, тым болмаса 50 рет отырып – тұра алмауы мектептегі денсаулық жұмысының қандай деңгейін көрсетеді?
Нәтижесінде мектеп түлектерінің 40% денсаулығы тұрғысынан армия қатарына алуға жарамайды, қыздардың да осындай бөлігі дүниеге дені сау ұрпақ әкелуге жарамды емес болып шығады. Бұл жерде оқу бағдарламасын толық қамтымаған дене шынықтыру мұғалімдері ғана емес, сабақтарын қозғалмастан отыратын, бұлшық еттері қатып қалып, денесі статикалық кернеуде болатын, ішкі органдардың қан айналымы бұзылып, түрлі ауруларға бейім болатындай етіп ұйымдастыратын өзге оқытушылар да кінәлі. Ал үй жағдайында бала белсенді дене қозғалысынамәжбүрлемейтін, жатып оқу, дұрыс тамақтанбау сияқты зиянды әдеттеріне назар аудармайтын, күн тәртібі деген маңызды мәслені мүлдем ескермейтін, салауатты өмір салтын ұстанып баласына үлгі көрсетпейтін ата- аналардың кінәсі мүлдем бөлек әңгіме.
Ендеше білім беру мазмұнында мектеп оқушыларының денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін қалыптастыру үшін жасалатын жұмыстар кезек күттірмейтіні белгілі.
Қазіргі мектеп оқушысын салауатты өмір салтына тәрбиелеудің басты міндеттеріне мына төмендегілер жатады:
- Халық педагогикасы элементтерін қолдану (ауызша халық шығармашылығы, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындар т.б.);
- мектеп оқушысының бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруда тиімді психологиялық-педагогикалық шарттарды қолдану;
- «салауатты өмір салты» — ұғымын қалыптастыру;
- салауатты өмір сүру туралы оқушыларды ынталандыру;
- оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне көмек көрсету;
- өз денсаулықтарын сақтауда, салауатты өмір сүру дағдыларында жауапкершіліктерін қалыптастыру.
- арнайы денсаулық сақтау технологиясы арқылы салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру.
- Осы орайда, «білім берудегі бала денсаулығын сақтау технологиясы» сияқты түсініктер қалыптасып, ол педагогикалық теория мен тәжірибеге белсенді түрде еніп келеді. Бұны айқындайтын болсақ: « білім берудегі бала денсаулығын сақтау технологиясы дегеніміз – ұстаздың бала денсаулығына зиян тигізбеу ниетінен туындайтын оқыту мен тәрбиелеудегі жүйелі атқаратын жұмыстар кешені» болып шығады. Демек, бұл- негізінде бала денсаулығына деген қамқорлыққа жататын денсаулық сақтау педагогикасының принциптері мен тәсілдерін тәжірибе жүзінде іске асыру дегенді білдіреді. Бұндай технологияның 3 түрі бар.
1) Оқыту барысын гигиеналық оңтайлы жағдаймен қамтамасыз ету.Бұл мәселе санитарлық ережелер мен нормалардың талаптарында толықтай қарастырылған және оның сандық көрсеткіштері қатаң бекітілген. Оған: сынып бөлмесіндегі қалыпты температура мен ылғалдылық,жұмыс орнының дұрыс жарықталуы,оқу мебелінің бала денесіне сай келуі,барлық полиграфиялық қағидалар қатаң орындалған сапалы оқулықтар,монитор алдындағы уақыттың сақталуы сияқты көптеген регламентарлы ережелер жатады.
2.Білім беру процесінің дұрыс ұйымдастырылу технологиясы.Ең алдымен –оқытушыға ыңғайлы емес,оқушыларға қолайлы жасалған сабақ кестесі. Сондай-ақ бұл қатарға еңбек пен демалудың гигиеналық оңтайлы ұйымдастырылуы,сабақ пен үзілістің,оқу аптасы мен мектеп каникулдарының дұрыс ауысымы сияқты нәрселерді жатқызуға болады.
3.Психологиялық – педагогикалық технология лар көп түрлі және еркін қолданылатын болғанымен,бала денсаулығына тікелей қатысты мәселе.Педагог өзінің кәсіби тәсілдері бала денсаулығына қаншалықты әсер беретінін ескере ме,жоқ па,әлде ол негізінен оқу нәтижесіне ғана көңіл аудара ма-оқу процесінің бала денсаулығын сақтайтын немесе бұзатын болатыны осыған байланысты.Мұғалімнің педагогикалық іс әрекеті оқушының денсаулығына тигізетін мектеп әсерінің жалпы,интегралды нәтижесінің
50 пайызын құрайды.
Қажетті талаптар.
Мұғалімнің оқушыларының денсаулығына зиянын тигізбей жұмыс істеуге деген талпынысы табысты болу үшін мына талаптар талқыланды орындалуы тиіс.
- Бала денсаулығына жауапкершілікпен қарау үрдісі бұл талаптардың жекелеген баптарын ғана қамтымай, жалпы мектептің өскелең ұрпақтарың денсаулығына қамқорлық жасаудағы жұмысы жүйелі түрде құрылуы тиіс.Демек, оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту бағытында іс шаралар ғылыми негізделген жұмстардың кешенді бағдарламасын жасау, мақсатында айқындау, жауаптыларды бекіту сияқты нақты қадамдардан басталуы керек. Бұл үшінмектеп немесе оны басқаратын ұйымдар қандай да бір ғылыми-зерттеу орталықтарының деимеуіне,білікті мамандардың көмегіне сүйенуі керек.
- Мектеп мұғалімдері бала денсаулығын сақтау мен нығайту технологиясын педагогикалық жұмыстың ажырамас құрамдас бөлігі ретінде өтуі қажет. Мұнда бұл тақырыптағы кітапшаларға не монографияларға сүйену аздық етеді .Бұл жерде мұғалімдер мен психологтарға арнайы, нақты, кәсіби дайындық қажет.Бұл шараға мектеп директорының оқу- тәрбие жөніндегі орынбасары валеология, дене шынықтыру, биология,технология, эстетика, АӘД пәндерінің оқытушылары, класс жетекшілері, бастауыш класс оқушылары, тәрбиешілер де белсене атсалысуы керек.Мектептің оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған жұмыстарын осы талаптар орындалғаны ғана, яғни, ғылыми негізделген арнайы бағдарлама, дайындалған мамандар, бағдарламаны орындауға ынталандыру шаралы, объективті бақылау мен қадағалау, жұмыс нәтижесінің экспрертизасымен мониторингі сияқты жұмыстап кешенді түрде жүргізілуі жағдайында ғана мектеп жұмысы денсаулық сақтау бағытында айтуымызға болады.
Денсаулық сақтай отырып білім беру принципі – оқушының дене және психологиялық денсаулығын дамытып, нығайтуға жағдай жасайды.
Білім беру мазмұнында оқу жұмысын ұйымдастырғанда мына мәселелер назардан тыс қалмау керек.
- Оқу жүктемесінің көлемі:сабақтар саны мен оның ұзақтығы,үй жұмыстарының көлемі;
- -мектептегі қосымша сабақтардың жүктеме көлемі:факультативтер,жеке
Сабақтар,оқушылардың өздері таңдайтын қосымша сабақтар/олардың жиілігі,ұзақтығы,жұмыс түрі мен ауқымы/.
-активті-қозғалыстық негіздегіжұмыстар:динамикалық паузалар,дене шынықтыру сабағы,спорттық үйірмелер,спорттық-мерекелік шаралар/ұзақтығы,жүктеме көлемі,жұмыс түрі мен көлемі/.
Мектепте «сабақ кестесі мұғалімге ыңғайлы емес,оқушыға қолайлы етіп жасау» тезисі басты болу керек.Сабақ кестесін жасауда балалардың оқуға деген қабілеті мектеп күні,аптасына қарай қалай өзгеретінін ескеру қажет.Рационалды жасалған мектеп кестесінде сабақтардың күрделілігі ментүрлі сабақтарда балалардың қозғалыс белсенділігіқалай өзгеретіні міндетті түрде қамтылады.Бұл тұрғыда кеңестік кезеңнен бері қолданыста болып келе жатқан1975 жылыИ.Г. Сивков негіздеген/СанПины2.4.2.117802 «Гигиенические требования к условиям обучения школьников в различных общеобразовательныхучреждений» талаптарға сүйеніп келеміз.
Әр деңгейдегі сынып оқушыларының белсенділігінің төмендеуі түрлі сағаттарда болады.Төменгі сынып оқушыларында бірінші сабақта белсенділік төмен,өйткені олар оқу процесіне әлі де болса қосыла қоймайды.Олар екінші және үшінші сабақтарда бар қабілеттері толық оянып,төртінші сабақтан бастап қайта төмендей бастайды.Ал орта және жоғары сыныптардабұл көрініс өзгешерек.Мысалы,төртінші сабақта белсенділіктері төмендесе, бесінші сабақта қайта жоғарылап,алтыншы сабақта қайта нашарлай бастайды. Сондықтан да ең қиын сабақтарды сабақ кестесінде екінші,үшінші сабақтарға қою ұсынылады. Екі-үш қиын сабақтарды қатарынан қоюға болмайды.
Апта барысында оқушылардың жұмысқа қабілеті былайша өзгереді:дүйсенбі-сабаққа бейімделу;сейсенбі,сәрсенбі-ең өнімді күндер;бейсенбі –шаршау сезіле бастайтын күн;жұма,сенбі-оқушылардың белсенділігі төмен күйде болады.
Оқу жылы барысында да оқушылардың жұмысқа қабілетін тоқсан бойынша бөлуге болады.Олардың қабілеті екінші тоқсаннның аяғына қарай төмендей бастайды,бұлағзаның функционалдық мүмкіндіктерініңтабиғи төмендеуіне де байланысты.Қысқы каникул кезінде балалар жақсы демалып,күштерін қалпынакелтіріп үлгергенімен,осы сабаққа қайта ден қою фонында және қысқы ауа-райының әсеріне байланысты ақпан айы оқу процесі үшін ең қиын ай болып табылады.Көктемгі демалыстан балалар демалып қайтқанымен,төртінші тоқсан соңына қарай үлгерім,жұмысқа қабілеттілік қайта төмендей бастайды.
Сонымен ,сабақтың ұйымдастырылу барысы оқушылардың денсаулығына,олардың үлгеріміне ой және дене жұмыстарының тиімділігіне тікелей байланысты. Сабақтың физиологиялық негізделген ұзақтығы-45 минут.1-сынып оқушылары үшін ғана сабақ І жартыжылдықта 35 минут болып есептеледі.Себебі оларыдң зейіні қысқа.Ал екінші сынып оқушыларынан бастап оқытылатын 45 минуттың соңғы 10-15 минуты оқушылар зейінінің төмен уақыты.Осындай зейіннің төмендеуін болдырмас үшін,яғни оқушылардың шаршауын басу үшін физкульт үзілістер жасалып отыру керек.
Физкультүзіліс деген ФУ- қысқа мерзімде өтетін, ағзаны сергітуге, демалдыруға арналған дене жаттығуларының сериясы. Әр мұғалім өз сабағының спецификасын ескере отырып ФУ өткізе білуі тиіс. Әдетте, бұл 3-5 әлементтен тұратын, теориялық циклдардағы сабақтарда 2-3 минут, еңбек сабағында 5-7 минут уақыт алатын дене жаттығулары мүмкін болса музыкалық сүйемелдеумен элементтерімен өткені дұрыс.ФУ өткізу уақытын, ұзақтығын, түрін мұғалім өзі таңдайды. Бір сабақ барысында 1-2 ФУ жеткілікті.Үшінші және одан кейінгі сабақтарда ФУ міндетті түрде болуы керек.
ФУ төмендегі мақсаттарды шешуі тиіс.
1.Ағзаны сергіту
2.Зейінін сергіту
- Эмоционалдық сергіту
4.ФУ құрылымына міндетті түрде дене қалпын жарататын көру қабілетін нығайтатын және тиімді тыныстауға үйрететін жаттығулар кешенін қосу керек.
Бастауыш сынып оқушылары жүктеме жүру, жүгіру және дем алу жағдайында дұрыс тыныстауды білмейді. Ал дұрыс тыныстамау жүрек-қантамыр жүйесіне,тыныс алу мүшелеріне,зат алмасу процестерінің қалыпты өтуі мен қанның оттегімен қанығуына теріс әсерін тигізеді. Сондықтан оқушыларға терең тыныс алу,дене мен аяқ-қолды қозғай отырып тыныстау сияқты тәсілдерді үйрету қажет.Жаттығулар жиынтығы қозғалысқа қатыспайтын бұлшық еттерді қозғап,ұзақ уақыт күш түскен бұлшық еттерді босаңсытуы керек.
ФҮ өткізерде сынып бөлмесінің ауасын тазартып,оңды эмоционалды фон қалыптастыру керек.Жаңа жаттығуларды оқытушы өзі көрсетуі тиіс.ФҮ түрлі сабақтарда қайталана бермес үшін оны мектеп бойынша ұйымдастыруға жауапты тұлға/дене шынықтыру мұғалімі/ әр оқытушыға арнап,сабақ кестесі ескерілетіндей жоспар жасап бергені абзал.ФҮ оқушылардың өздерін жауапты етіп сайлау да оң нәтиже береді.6-сыныптан жоғары сыныптарда «денсаулық кезекшісі» оқытушының бағалауымен ФҮ табысты өткізе алады.
ФҮ арналған жаттығулар кешені
Мидың қан айналымын жақсартуға арналған жаттығулар:
1.Бастапқы қалып/БҚ/-орындықты отырып.1-басты оңға қисайту;2-БҚ;3-басты солға қисайту;4-БҚ;5-иықты көтермей,басты алға ию;6-БҚ.
Баяу темппен,3-4 рет қайталау.
2.БҚ-отырып,қолды белде ұстау.1-басты оңға бұру;2-БҚ;3-басты солға бұру;4-БҚ;Баяу темппен,4-5 рет қайталау
Дене бұлшық етін сергіту
1.БҚ-тұрған қалпы,аяқтарды алшақ ұстап,қолды желкеге қою.1-5-белді оңға қарайбұру;4-6белді солға қарай бұру;7-8-қолдарды төмен түсіріп,сілкілеу.4-6 рет қайталау.Темп орташа.
2.БҚ-тұрып тұру,аяқты алшақ қою.1-2 денені оңға еңкейту,оң қол аяқты бойлай төмен түсіп,сол қол дене бойымен жоғары көтеріледі.3-4-БҚ;5-8-керісінше еңкею,5-6 рет қайталау.Темп орташа.
Иық пен қолдың шаршауын басу
1.БҚ-қолды белде ұстау,түрегеліп тұру.1-оң қол ды алға созып,сол қолды жоғары көтеру.2-қол дардың орнын ауыстыру.3-4 рет қайталап,қол дарды ақырын төмен түсіріп,ақырын сілкілеу,
басты алға еңкейту.Тағы 3-4 рет қайталау.
2.БҚ-отырып немесе түрегеліп тұрып,қолдың үстін белге қою/алақандар сыртқа қарайды/.
1-2-шынтақтарды алға созу,басты еңкейту.3-4-шынтақтарды артқа созу,белді қайқайту.5-6 рет қайталап,қолдарды төмен түсіріп,ақырындап сілкілеу.Темп баяу.
Төменгі сынып оқушыларына арналған жазу элементтері бар сабақтардағы ФҮ жаттығуларының кешені
1.Мидың қан айналымын жақсарту.БҚ-отырып ,қолды белге қою.1-бастыоңға бұру;2-БҚ;3-басты солға бұру;4-БҚ;5-бастыалға еңкейту;6-БҚ.4-6 рет қайталау.Темп орташа.
2.Қолдың майда бұлшық еттерінсергіту.БҚ-отырып,қолды жоғары көтеру.1-жұдырық түю;2-алақан ашу.6-8 рет қайталау,қолдарды ақырын төмен түсіріп,сілкілеу.Темп орташа.
3.Оқушылардың зейінін арттыру.БҚ-тұрып,қол -ды төмен ұстау.1-оң қолды белге қою;2-сол қолды белге қою;3-оң қолды иыққа қою;4-сол қолды иыққа қою;5-оң қолды жоғары созу;6-сол қолды жоғары созу;7-8 алақандарды шапалақтау;9-сол қолды иыққа түсіру;10-оң қолды иыққа түсіру;11-сол қолды белге қою;12-оң қолды белге қою;13-14-алақанмен белдішапалақтау.4-6 рет қайталау.Темп 1 рет ақырын;2-3 рет орташа;3-4 рет жылдам;1-2 рет ақырын.
Дене сымбатын қалыпта ұстау жаттығулары
1.1-тұрып,өкшені біріктіріп,аяқ ұштарын алшақтату,иықты керіп,жауырынды біріктіру,ікті тартып,иекті көтеру.2-денені босаңсыту.6-8 рет қайталау.
2.Дене қалпын қадағалай отырып жай жүру.
3.Қолды жоғары соғып,аяқтың ұшымен жүру.
4.Қолды бел де ұстап,өкшемен жүру.
5.Қол белде,шынтақты артқа тартып,табанның сыртымен жүру.
Көзге арналған ФҮ жаттығулары
Кейде баланың басы ауруының басты себебі көз шаршағандықтан болуы мүмкін.Келесі жаттығу көздің шаршауын басады.
-Көзді барынша ашу.Басты қозғамай,барынша жоғары арап,1-2 секунд ұстау.Осылайша төмен,солға қарату.Сағат тілімен 5 рет қайталау,салат тіліне кері 5 рет қайталау.Көздерді алақанмен басып,қараңғыда демалдыру.
Мектеп оқушыларында гиподинамия –дене бұлшық еттерінің аз жұмыстануын болдырмас үшін де жұмыстанғанда ФҮ-дің көмегі жетпейді. Олар үшін мектептен тыс ойындар ,спорттық үйірмелер үнемі ұйымдастырылып отыру керек.
Сонымен, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару керек?
Өмір салты дегеніміз не?
Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. Біздіңше, адамның әлеуметтік – психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:
— белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану;
— физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
— жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
— қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету;
— дұрыс жыныстық тәрбие алу;
— зиянды әдеттерден аулақ болу.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары мынаны көздейді:
— Жауапкершілік, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау;
— Табиғи сезімталдық, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;
— Ғылымилық, тек тексерілген ғылыми дәлелденген деректерге ғана
сүйену;
— Экологияландыру, адам организміне қоршаған орта факторларының
әсерін білу;
— Ұлттық аймақтық ерекшеліктерді ескеру, салауатты өмір салты
туралы ұлттық салт-дәстүрлерімен танысып оны ұстана білу;
— Үздіксіз оқыту, салауатты өмір салты дағдыларын үздіксіз
қалыптастырып үнемі пайдалану;
— Әлеуметтендіру, салауатты өмір салтын ұстанған қоғам мүшесін
дайындау.
Осы ұстанымдарды негіздеп жасөспірімдерді салауатты өмірге тәрбиелеу барысында мұғалімнің орны ерекше болуы тиіс. Мұғалім мектептегі басты тұлға. Қай мектептің болсын нәтижелі, жемісті жұмыс істеуі түптеп келгенде сол мектепте еңбек ететін әр мұғалімнің өз міндетіне, көзқарасына тікелей байланысты. Әрбір сыныпта ұстаз алдында отырған шәкірттері де сол болашаққа барар жол үстіндегі талапкерлер.
Қазақстан Республикасының «Білім заңында» мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, адамзаттыққа тәрбиелеу және олардың ақыл-ой, танымдық шығармашылық қабілетін анықтау басты міндет екендігі айтылған. Осы міндеттердің жауапкершілігі негізінен мектептегі сынып жетекшісіне жүктеледі. Сондықтан оқушы бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой,танымдық сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құруды көздейді.
«Он екі мүшең сау болса — жарлымын деме»,- деп халқымыз денсаулықты адам өміріндегі орнын, тән сұлулығын,жан тазалығын еш нәрсемен айырбастауға, теңестіруге болмайтынын ұрпақтарына ескертіп отырған. Шәкәрім атамыз «адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек»,- деген еді. Көзге көрінбейтін нәзік сезімді, аса құнды қасиеттерді жүректен жүрекке жеткізу шебер тәлімгердің ғана қолынан келеді. Біздің тәрбие бастамамыздың негізі салауатты өмірге жас жеткіншектерді баулу, оны қалыптастыру. Жастарымыздың жүзінен күлкі, жүрегінен жалын, саналы сезім төгілсе онда ұрпағымыздың денінің саулығы. Еңселі егеменді еліміздің ертеңінен үлкен үміт күтеміз. Жастардың денсаулығы, жігері, қайраты, білімі егемендігіміздің беделі, еліміздің мақтанышы болмақ.
Харькин орта жалпы білім беретін мектебі Дайындаған: Байгазиев Ж.Қ.-география пәні мұғалімі
[bws_related_posts]