Ақтөбе қаласы
Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжі
Елеуова Лиза Алибековна
Арнайы технология
Сабақтың тақырыбы: Құралкүймешіктің жылжымасын реттеу арқылы конустарды өңдеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі; құралкүймешіктің жылжымасын реттеу арқылы конустарды өңдеудің түрі- мен таныстыру.
Тәрбиелілігі; оқушылардың қызығушылығын ояту, ұқыптылыққа баулу.
Дамытушылық; конустарды өңдеудің барлық әдістеріне шолу жасау
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, тірек-сызба
Сабақтағы өзіндік жұмыстардың түрлері: Конспектпен жұмыс
Сабақтың материалды-техникалық көрнекілігі: Плакат «16К20П токарь станогі». слайдтар , электронды тақта, токарлық станоктың макеті.
Пән байланысты:Кесу теориясы негіздері, өңдіріс процесінің технологиясы, материалтану
Сабақтың мазмұны және барысы
1.Ұйымдастыру бөлімі: (3 минут)
1 кезең: сәлемдесу
2 кезең: оқушыларды журнал бойынша түгендеу
3 кезең: сабаққа дайындығын тексеру және сабаққа дайындау
4 кезең : оқушылар көңілін аударту
2.Өткен тақырыпты қайталау
- Конус қандай өлшемдермен сипатталады? (Конус келесі өлшемдермен сипатталады:
d және D – кіші және үлкен диаметрлері L – жазықтықтар арақашықтығы; α – конустың еңкіштік бұрышы;2α – конус бұрышы.)
- конустық деген не? (K=(D—d)/t қатынасын конустық деп атайды және көбіне бөлу белгісімен белгілейді. Мысалы, 1 : 20 немесе 1 : 50, У=(D-d)/2l=tgα қатынасын еңкіштік деп атайды.)
- Қандай конусты жалпақ кескішті көлденең беру арқылы өңдейді?(ені 20ммден аспайтын конусты жалпақ кескішті көлденең беру арқылы өңдейді)
4.Аспаптық конустарды ата? (Морзе конустары № 0, 1, 2, 3, 4, 5 , 6 және метрлік конустар
№ 80, 100, 120, 140)
- d = 60 мм, I = 900 мм және К = 1 : 30 шамалары берілген, конустың үлкен диаметрін табыңыз?
4.Жаңа тақырып
Конусты бет алудың әмбебеп әдісі – суппорттың айналдырылған жоғарғы жылжымасын (салазкасын) кескішұстағышпен бірге α бұрышына бұрып өңдеу (1 сурет).
Тақта бекітудің бұрама сомындарын әлсіретіп, суппорт тақтасын жоғарғы жылжымамен бірге қолданылатын жылжымаға байланысты бұрады. Бұрылу бұрышын тақта бөлінуінен бақылайды. Бұл әдістің кемшілігі кескіштің беруі қолдық беріліспен орындалады.Соның салдарынан өңделген беттің кедір-бұдырлығы өседі. Бұл әдіспен ұзындықтары жоғарғы жылжыманың жүрісіне сай келетін конустық беттерді өңдейді.
Білік пен төлкенің жанасқан конусты беттерін өңдеу кезінде өзектен оңға қайырылған,кеңейтілген бастиегі бар кескіш колданылады,ал айналдырыққа кері айналыс хабарлайды.Бұрылған тақта орны осы кезде өзгермейді
1 сурет. Суппорттың айналдырылған жоғарғы жылжыма кезінде конусты беттерді өңдеу: а – сыртқы бетті жону; б – қырнап кеңейту.
2-сурет. α бұрышқа бұрылған суппорттың жоғарғы салазкасы кезінде конустық беттерді өңдеу.
Бұл жердегі α-конустың еңкіш бұрышы, 2α-конустың бұрышы.
5.Жаңа тақырыпты бекіту:
- Конусты бет алудың әмбебеп әдісі
- Бұл әдістің кемшілігі
- Бұл әдіспен қандай конустық беттерді өңдейді?
- Қорытындылау:
- Бағалау
8.Үй тапсырмасы: α-конустың еңкіш бұрышы 28о болатын конустың өңдеу схемасын дайындау
[bws_related_posts]