Аида Серікқызы Шоңбаева
Технология пәнінің мұғалімі
№4 С.Сейфуллин атындағы орта мектеп
«Ал, қанекей қыздар!» сайысы
«Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле» Абай.
Мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығуылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері: Ойын тәсілі арқылы оқушылардың ойын дамытып, пәнге деген қызығушылығын ояту; Өнерді түсініп, бағалап, меңгеруге бағыт-бағдар беру; Өнер үйренуде өз беттерінше ізденудің қажеттілігін сезіндіру.
Әдісі: Ойын сауық, жарыс.
Көрнекілігі: тақырыбы, ұлағатты асыл сөздер жазылған плакаттар, қабырға газеттері, сурет көрмесі, қолөнер бұйымдары.
І. Ұйымдастыру бөлімі:
— сайыстың тақырыбымен таныстыру,
— сайысқа қатысушы топтармен таныстыру,
— әділқазы алқаларымен таныстыру.
— сайыстың шарттарымен таныстыру
ІІ. Сайыс барысы:
Жүргізуші:
Қызымыз сүйкімді болсын деп,
Өнер –білімге икемді болсын деп,
Бәйтеректей бойшаңдансын деп,
Өрен-өршіл өркенді болсын деп,
Жақсы жолды таңдайық.
Жамандық тәлім алмайық,
Ары адал, жаны жаз.
Арулар жолын таңдайық, — дей келе «Ал, қанеки, қыздар» атты сайысымызды бастаймыз.
Жүргізуші: Армысыздар қадірменді көрермен қауым! Бұл сайысқа 8 «а», 8 «б», 8 «в» сыныптардың «Аспазшылар», «Болашақ», «Айтұмар» топтары өз өнерлерін көрсетуге келіп отыр. Ендеше сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз. Бірінші болып өнер көрсететін «Аспазшылар» тобы, еінші болып өнер көрсететін «Болашақ» тобы, үшінші болып өнер көрсететін «Айтұмар» тобы.
Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер!
Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шартарымен таныстырып өтейін.
1-шарт. «Сәлем – сөздің атасы» – деп аталады, әр топ атымен, ұранымен эмблемасымен таныстырады.
2-шарт. «Үй тапсырмасы» ұн өнімдерінен, жеміс-жидектерден, көкөністерден тағамдар немесе ас әзірлеу
3-шарт. «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» — қолөнер бұйымдарын көрсету
4-шарт. «Кім жылдам?»
Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді.
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)
ә) картоп ашу
б) Инені сабақтап түйіндеу
в) түйме қадау
г) 1 мин ішінде инеге бисер өткізу (кім көп тізіп шығады).
5-шарт. «Тіл өнері»
Мақал-мәтелдерден, жұмбақтардан жасырылған сөздердің жаубын табу.
6-шарт. «Өз өнері»
Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділқазы алқаларын.
Ән әуез, технология пәндер бірлестігінің жетекшісі – Адиева А, технология пәнінің мұғалімі – Бисенова С, сурет пәнінің мұғалімі – Мамбеталиева.
Сайыстың 1 шарты бойынша ортаға шығатын «Болашақ» тобы.
2 «Үй тапсырмасы» Үйден әзірлеген тағамдарыңды аділ-қазылар алқасының алдарына апарып, тағамның атын, жасалу жолдарымен таныстырып өтіңдер. Жарайсыңдар аспазшылар
3 «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» — қолөнер бұйымдарын көрсету.Оқушыларымыз өздерінің дайындаған қолөнер бұйымдарымен таныстырады.
4-шарт. «Кім жылдам?»
Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді.
а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)
ә) картоп ашу
б) түйме қадау
5-шарт.
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей келе, «Тіл өнеріне» кезек берсек. Мақал-мәтелдерден, жұмбақтардан жасырылған сөздердің жауабын 3 тілде табу.
1.Қолымда бір құсым бар екі басты,
Аяғын басқан кезде нәрсе қашты.
Аузын аждаһардай ашқан кезде,
Бөлектеп атып тастар ішкен асты.
(қайшы-ножница-scissors)
- Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді.
(Ине-иголка-nidle)
- Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың.
(Тұз-соль-solt)
- Арық ат қарны қабысқан
Бір көлді ішіп тауысқан.
(Қасық-ложка-spoon)
- Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
(Дастархан-скатерт-board)
- Дастарханға шуылдап,
Күніне үш жиылар,
Жарты сағат қимылдап,
Жарты сағат жуынар.
(ыдыс-аяқ- dish)
- Бес ін, бес іннің аузы бір ін
(қолғап-перчатка-finger)
- Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең уыз ұртыңда.
Бәрі содан шығады,
Ірімшік май құртыңда.
(Сүт-молоко-milk )
9 Инеден өзі бір елі де қалмайды,
Бөлшектерді тігіспен ол жалғайды.
(Жіп-нитки- needle)
- Тұмсығы мықты ,
Қыр мен ойды тегістеп шықты. (Үтік-утюг-iron)
- Еңбек адамның екінші несі?
(анасы-мать-mother)
6-шарт. «Өз өнері» Өнерлінің өрісі кең. Яғни осы бөлімде аруларымыздың өз өнерлерін тамашалайық
ІІІ.Қорытынды: Сайысқа түскенімен топ балалар,
Ішінен жүйрік шыққан орын алар.
Ендеше бүгінгі өткен сайыстың да,
Бабы мен бағы жанған бағасы бар.
Олай болса, ортаға шақырайық,
Есімін баршаңызға танытайық.
Ерекше білімі мен білігі үшін,
Алғыс айтып қошемет танытайық
Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Сөз кезегін әділ-қазылар алқасына ұсынамыз.
[bws_related_posts]