Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мүғалімі:
Мәмбетәлі Нұржамал Кенжебекқызы
Сабақ тақырыбы: Зат есім
Мақсаты:
Білімділігі: Зат есім, олардың жазылу емлесі туралы 2 — сыныпта өткен білімді еске түсіру және кеңейту.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың бір — біріне деген сыйластық, жылы сезімдері тудыру, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Грамматикалық тапсырмалар арқылы сөздік қорларын, тілін, сауатты жазу, елестету арқылы шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ — жауап, әңгімелеу, қызығушылықты ояту, СТО әдістері
Сабақ көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар, ереже жазылған плакат,
интерактивті тақта.видео роликтер
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып ұраны:
Қайырлы күн деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтсін күніміз!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
7 — жаттығу. Сөздер мен сөз таптарын сәйкестендіру.
1. Біз нені білеміз? Өткен тақырыпқа тоқталу
«Аралас жұптас,қатып қал»
Әр ережеге тоқталу, 2 — ші сыныптағы өтілген материалдарды еске түсіру.
Топқа бөлу
Бірнеше заттарды алу арқылы оқушылар топқа бөлінеді
Сол заттар атауына қарай ережені шығару
І ЖемістерІІІ.
ІІ Оқу құралдар
ІІІ Тіршілік әлемі
Сөз таптарын қайталап өту «қолдарына ұстаған заттарға сұрақ қою арқылы ережені шығарып отыру »
-Оқушылар олай болса қолдарыңыздағы нәрсенің бәріне ортақ атауы заттар
Заттың атауы болады олардың саны,сапасы,іс қимылды
Зат есімдердің мағыналары кең, өте бай болып келетінін аңғарды
Әрбір тапсырма орындалған сайын ұяшықтан жаңа маал-мәтелдер ашылып отырады
Жаңа сабақ. Зат есім
ІІ — жаттығу
Суреттерге қара. Суреттегі құстардың атын білмеген жағдайда, оларды білу үшін қандай сұрақ қоясың?
* Бұл не? Сөйлемде сұраулық мағына беріп тұрған сөз қайсы?
* Не? Сұрағына жауап беріп тұрған сөздерді ата.
*Кім? Сұрағына қандай сөздер жауап береді?
Құстар атауы
1қарлығаш
2сауысқан
3қарға
Көркем жазу минуты
Оқушылар 2 — ші сыныпта өткен «Зат есім» туралы ережені еске түсіреді.
Ереже: Заттың атын білдіретін сөз табын зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтар қойылады.
2 жаттығу
Суретке қарап зат есімдерді тауып айту
Тақтамен жұмыс.
3 — жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз.
Қыс. Қақаған аяз. Қалың қар жәндік біткенді жатқан індерінен шығармай тастады. Ашыққан түлкі түн жамылып ауылдың маңын торыды. Ол тауық тәрізді оңай олжа аулауға кірісті. (Ж. Садықов)
* Мәтіннен зат есімдерді тауып, астын сыз.
* Зат есімдерге сұрақ қой.
Өз бетіндік жұмыс.
4 — жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті зат есімді қойып, көшіріп жаз.
Төрт түлік:…,…
Аңдар:…,…
Құстар:…,…
Отбасы мүшелері:…,…
Суреттермен жұмыс
Сергіту сәті
6 жаттығу мәтіннен зат есімдерді табу
Оларды таразыға орналастыру
Ү. Сабақты бекіту.
ЗАТ ЕСІМ
Кім? кімдер? Не? Нелер?
Заттың атын білдіреді
Бағалау
[bws_related_posts]