Басы » Cыныптан тыс » «Қадірлеңдер қарттарды, майдангерді»

«Қадірлеңдер қарттарды, майдангерді»

Маңғыстау ауданы

Жыңғылды ауылы

Е.Айшуақұлы атындағы орта мектептің

ІІ санатты информатика пәнінің мұғалімі

Сатыбалдиева Гульнара Шалхыбаевна

Тақырыбы: «Қадірлеңдер қарттарды, майдангерді»                                                                 

 Мақсаты: Ұрпаққа үлгі болған  Отызбаев Азанның  өмір – тарихымен,  саналы еңбектерімен танысу. Ел ағасы Азанның   сарабдал  ғұмырынан  үлгі алып, болашақ  ұрпақ  өз  жадында сақтап,  мақтан  тұту.

Көрнекілігі: проектор, гүлдер, шарлар, Азан ағаның суреттері, нақыл сөздер жазылған бетшелер

Жоспары:

І. Кіріспе: «Соғыс туралы бірер сөз»

ІІ. Ұлы Жеңіске мың тағзым! (жеңіс туралы әндер, өлеңдер оқу)
ІІІ.  «Ұлтқа – мақтаныш, ұрпаққа – үлгі»

ІҮ. Еңбегі  ерен  азамат

Ү. Ескірмейтін  естелік

ҮІ. Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды! (оқушылардың шығармашылығы)

ҮІІ. Қорытынды

Өткізілу барысы:
1. Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік!
2 : Соғыс олардың көбін ең негізгі бақыт -ана болу бақытынан айырды.

“Мені майданнан оралған соң дәрігерлер оқу оқуыма тыйым салды. Өйткені, сұм соғыстан алған жарақатым денсаулығыма қауіпті еді”

4: “Мен “соғыс” деген сөзден жиіркенемін. Өйткені, соғыстан тірі қайтсам да, ол менің өмірге деген құштарлығымды өзімен алып кетті. Әлі күнге дейін соғыстың сұмдық көріністері көз алдымнан кетпейді…”

5: “Мен соғыстан кейін де түсімде барлауға барып жүрдім. Бір күні автоматым іске келмей қалады, екінші күні фашистер бізді қоршауға ала бастайды. Ояна келе қорыққаннан дірілдеп жатқанымды байқаймын…”

6: “Мен соғыстан келгенде 20 жасар бойжеткен болатынмын. Бірақ, өзімді құрбыларымның ортасында егде тартқан қартаң әйелдей сезінуші едім. Құрбыларым көңіл көтеріп, өмірге қуанып жатқанда мені өзгеше ой басатын да тұратын….”

7: “Біз соғыстың от-жалынынан өттік, өліммен бетпе-бет кездестік, адамзат қасіретін, нелер сұмдықты көрдік, қорлық көріп, әбден әлсіреген кеңес адамдарының неміс тұтқынынан босағанын көрдік, соғыстың алғашқы айында құлдыққа түскен жігіт пен қыздардың үйлеріне қаусап қайтқанын көрдік, не көрмедік! Бұл ендігәрі қайталанбауы тиіс! ”

8: “Мен майданға аттанатын күні дүкенге барып қант-кәмпитті толтырып алдым. Сосын жолдорбама ең әдемі көйлегімді, туфлиімді салдым. Өйткені, мен соғыстың тез бітетініне сенімді едім… ”

9: “Мені анам майданға шығарып салып, егіліп, бір кішкене түйіншек беріп тұрып, “бұл түйіншектің орауын ең ауыр, қиналған сәтіңде ашарсың” деп еді. Сондағы анамның маған бергені – туған жерімнің бір уыс топырағы екен.

10: Мен келешек ұрпаққа ешқашан соғыс дегенді көрмесін деп тілеймін. Қыздарымыз қолына қару емес, әрқашанда гүл ұстасын.

Мұғалім  сөзі.

Майдан шебі.Зіркілдейді зеңбірек

Оқ пен оттан астан  — кестен төңірек

Қанға бөккен құндақтаулы сәбиін

Құшақтап жүр жаралы ана еңіреп

Қатарласып танк-тажал қаптады

Қара жердің қайысты күй қатпары

Түршіктіріп тірі жанның жүрегін

Бар өмірді табанымен таптады

Аспан астын ұшақпенен бомбалап

Атқылады ажал оғын айырылып,

Қанша қырқын жатты жерде домалап.

Оқи отырып, ойға шомасың, көріп отырып, көзіңе жас аласың; ести отырып, егілесің. Аза бойыңды қаза ететін көріністерді көріп, біз, бүгінгі ұрпақ, сол үрейлі соғыс деген сөзге және ел тыныштығын бұзған неміс фашизміне  лағнет айтамыз.

Лағнет айтамыз да, ұрпақ үшін ұрандаған, жарқын болашық үшін жанын қиған, Отан үшін отқа түскен, тыныштық үшін тажалдан тайсалмаған болат шенгел қырандар – майдангерлермен мақтанамыз.

« Айбындана шапқаннан ажал да сескенеді» демекші, бүгінгі ардагерлер, кешегі жауынгерлер ажал оғы алқымынан алғанда да еш қаймықпаған. Сонда тарихи тағдыры ортақ болған көпұлтты халыққа осыншама қуат берген не нәрсе болды екен?!

Әрине туған жерлерінен мыңдаған шақырым алыста арыстанша алыстырып, қандарын қайнатқан, жігерлерін жанып, «Тек қана алға!»  — деп ұмтылдырған, алдымен, «Отан-Ана» деген қасиетті сөз болса, екіншіден, туған елінің абыройын, ата салтын ардақтаған намыстылық еді. Сұм фашистердің сұрқия саясатын керзі етігімен келекеге айналдырып, қапыда, жауыздың шеңгеліне іліне қалғанда да жалтаруды, жарамсақтанып  жаншылуды білмеген жампоздарым-ай десеңші?!Мұз жастанып, қар жамылып, астарынан өткен сызға қарамай, жер бауырлап, траншеяда зыр жүгіріп, тұс-тұстан анталаған ақымақ жауға қарсы атылған ардың оғы мен намыс оты емес пе, өздеріңді Жеңіске жетелеген…

Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды! Табаны күректей 1418 күнге созылған қанды қасапта талай қазақ боздақтары қыршын кетті. Оқ бораны ұйытқып соққан ұлы айқаста ар-ұятына  шаң жұқтырмай: « Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін, алға!» — деп, жүректерінде  қайсарлық орнаған батыр бабаларды ұмыту мүмкін емес. Жер-ананы, көк аспанды жалын шарпыған заманда халқына қалқан болған батырлар туралы білмеу бүгінгі ұрпақ, біздер үшін кешірілмес күнә болары сөзсіз.

  1. Көшкінбай Айгүл: «Майдангерлер»
    Қан майданның жүректе жарасы бар,
    Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.
    Арамызда жүретін алшаң басып,
    Ардагерлер азайып барасыңдар.
    Қастерлейді халқымыз қаһарманын,
    Жүр есінде сан жарық, сапарларың.
    Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер,
    Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың.
    Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,
    Жүздеріңде жанған от жарқылы бар.
    «Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің,
    Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар.
    Жасқанбаған жауынан жарақты ер,
    Ерлігіңді аңыз ғып таратты ел.
    Қаһармандық дегенді кейінгі ұрпақ,
    Жүздеріңе сендердің қарап білер.
    Дарқан мінез, дария ой, дара шыңдар,
    Жарқын жүзді, жүрегі ақ, жаны асылдар.
    Арамызда жүретін алшаң басып,
    Майдангерлер азайып барасыңдар

Махмұтбай Әміреұлы

І. Кіріспе:

Мұғалім:Құрметті  ұстаздар,  оқушылар!  бүгінгі тәрбие сағатымызда  Жыңғылды ауылында  өсіп – өнген, өнегелі  өмірімен  жадымызда  қалған ағамыз  Отызбаев Азан ағамызды  сөз  етуге,  өмір – тарихымен  танысуға  міндеттіміз.

Отызбаев Азан 1906 жылы 28 наурызда дүниеге келген.1940 жылы КПСС мүшесі болған. Алғашқы еңбегін Шайыр артелерінде қарапайым жұмысшы болып бастаған.

Ұлы Отан соғысының алдында Ұланақ артелінде председателі болып жұмыс жасап жүргенде  армия қатарына шақырылған. 1942-43 жылға дейін жаяу әскер бөлімінде  1939-1942 жылдары  Маңғыстау ауданының «Ұланақ» , «Орпа» колхоздарының төрағасы қызметін атқарған. Әскерге 1942 жылы аттанып, Сталинград майданындағы  соғыс қимылдарына қатысып, барлық соғыс жылдарынан өткен. Мерейлі медальдарымен марапатталған.

ІІІ  бөлім.Ұлтқа – мақтаныш, ұрпаққа – үлгі(өмір жолы)

ІҮ. бөлімі.     Еңбегі ерен азамат.

Ерасыл:

Әлбетте.1939 жылы кетіп, 1947 жылы оралдым. 1940 жылы армияда жүргенде Коммунистік партия қатарына өттім.

Иә, соғысып та көрдік. Бәрі де бір күндегідей болған жоқ, өте шықты. Келсек ел күйзхеліп қалған екен.

Мен сауатты адам емеспін, хат тануға ғана жарайтын білімім бар адаммын. Дегенмен соғстан кейінгі жылдары «Орпа» колхозының председателі болып қызмет істедім. Колхоздың одан да басқа жауапты қызметін атқардым. Ал «Куйбышев» атындағы совхозы құрылған 1969 жылдан бері егіншімін. Я бәрін де бастан кешірдік, дамыл да, тыныштық та таппадық. Сөйтіп міне бұл күнге де жеттік. Неткен тамаша өмір мынау, мінгендері машина, демелатын жері курорт.

 (Отызбаев Азанның газетке берген сұхбатынан үзінді)

 Ү  бөлім.Ескірмейтін  естелік                    

Тәрбие сағатымыздың қадірменді қонақтары Отызбаев Азанның қызы Отызбаева Нарзан апай мен атаның келіні Жолбаева Ақкүміс апайларға сөз кезегін береміз.

 ҮІ. Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды! (оқушылардың шығармашылығы)

 ҮІІ. Қорытынды.

Мұғалімнің  қорытынды  сөзі:

Міне, соғыс осындай бір ғана жанның тағдырын бұзып қойған жоқ, миллиондаған адамдарды қайғыға ұшыратты.

Алдағы біздің өмірімізде соғыс болмаса екен. Әрқашан еліміз аман, жұртымыз тыныш, байрағымыз көк аспанда самғап, өскелең ұрпақта жалынды жастар көбейе берсе екен деймін.

Енді қару алмайық,

Өртенбейік, жанбайық

Біз адасып қалмайық,

Көк аспанда самғайық

Аталардың өмірін

Әрі қарай жалғайық – дей отырып, бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *