Басы » Бастауыш сыныптар » Ө.Канахин «Жер идірген»

Ө.Канахин «Жер идірген»

Батыс Қазақстан облысы
Шыңғырлау ауданы
Тасмола  ауылы
Утенова Кумис Филановна

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Ө.Канахин «Жер идірген»

Сабақтың мақсаты: Оқушылар мәтінді түсініп оқиды, талдайды. Негізгі идеясын ұғады. Міндеттерді шешу үшін, өзіндік ой айтуға дағдыланады.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,ой қозғау,топтық жұмыс.

Сабақтың көрнектілігі:Автор суреті, физикалық карта – Ақтөбе;Ойыл өзені – суреттері,интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: дүниетану ,қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

 Психологиялық дайындық:

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен –

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз.

Көп қызық бар әлемде,

Құштар бол сен білімге

Бізбен оқы, жалықпа

Білмегенді анықта.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, бағалау.

Несіпбек Айтов «Өнер жолында»түсінік айту,бағалау

Қызығушылығын ояту

Жұмбақтар жасыру:

  1. Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында нан бар.               (бидай)

  1. Алыстан көрсең ақ тас,

Жақыннан көрсем – дәмді ас. (күріш)

  1. Түскенде салқын күз,

Жинадық алтын тіс                  ( жүгері)

  1. Күннен көзін алмайды,

Өзгемен ісі болмайды.           (күнбағыс)

5.Аласа терек

Күлтеленген жалына,

Ұнаса керек,

Моншақ таққан малына (Тары)

-Міне,балалар біз бүгін өзіміздің біліміміз бен біліктілігімізді көрсету

үшін сыныпты үш топқа бөліп отырамыз.

1) «күріш»

2)  «бидай»

3) «Тары»

ІІІ. Жаңа сабақ

— Балалар, күріш, бидай, жүгері, нелерге жатады? ( дәнді дақылдар)

— Тағы қандай дәнді дақылдарды білесіңдер?

— Дәнді дақылдарға не қажет?

— Бүгін Өтебай Канахиннің «Жер идірген» деген мәтінмен танысамыз.

— Қазір осы мәтіннің авторымен танысайық: Өтебай Канахин

Өтебай Қанахин(1923-1990) — 17 желтоқсанда Ақтөбе облысыЫрғыз ауданыТәуіп ауылында туған.Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1960 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Әдебиетке елуінші жылдары келді. Алғашқы әңгімесі «Екі кездесу» 1947 жылы жарық көрді. «Ауыр күндер», «Мұрагер» (1958), «Көл жағасында» (1960), «Маздақ» (1964), «Тұңғыш махаббат» (1966), «Жас дәурен» (1966), «Жер басып жүрсем» (1968), «Дәмелі» (1962), «Жүрек қалауы» (1974), «Бақыт бәйшешегі» (1976), «Құдірет» (1979), «Қарт сарбаз хикаясы» (1986), «Ата қоныс» (1990), т.б. кітаптардың авторы.

Мәтінді оқып, талдаймыз.

-Мәтін кім,не туралы ?

— Көз алдарыңа не елестейді?

— Кейіпкерлерді атаңыздар?

-Балалар, тары  қай облыста егіледі? ( Ақтөбе).

— Ақтөбе  Қазақстанның қай жерінде орналасқан? (Солтүстік-батыс өңірінде орналасқан ).

Физикалық  картадан көрсету.

-Енді оқулықтың  128-131  бетін ашып,әр топ  үзінді  оқу.

Дәптермен жұмыс.

Сөздік жазу

Сұрақ-жауап:

— Агроном қандай мамандық иесі?( Агроном — егіншілік пен өсімдік өсірудің жоғары білімді маманы, көп салалы ауыл шаруашылық өндірісінің ұйымдастырушысы.

— Айтылған оқиға Қазақстанның қай аймағында болған?(Ақтөбе облысы,Ойыл ауданы ,Құрман ауылы)

— Тарышы еңбегін жалғастырғандар

— Балалар, Шығанақ  ата туралы не білесіңдер?

Сергіту сәті:

— Мақал-мәтелдер:

Қосымша мәлімет:

— Тары – пайдалы дәнді дақыл. Тары түрлерін білесіңдер ме?

— Ақтөбе  халқы немен айналысады?

— Тарының  қандай пайдасы бар?

Қорытынды:

— Бүгін сабақта не білдік?

— Не үйрендік?

– Не ұнады?

Үйге тапсырма: 128-131бет.Әңгімені оқып келу.  Ш Берсиев  туралы мәлімет жинау.

Бағалау.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *