Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы
«Комсомол»(Айнатас) жалпы орта мектебі
Химия пәнінің мұғалімі Қабаева Гулжамал
Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің тотығу дәрежесі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік. «Тотығу дәрежесі» ұғымын бекіту, химиялық элементтерінің тотығу дәрежесі туралы ұғымдарын түсіндіру,
ә) дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, бақылап, анализ жасау, салыстыру, себеп-салдарлы байланыстарды табу, қорытынды жасау, алгоритммен жұмыс жасау дағдасын дамыту, пәнге қызығушылығын қалыптастыру.
б) тәрбиелік. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, еңбек ету дағдысын жетілдіру, оларды логикалық ойлауға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ. Жаңа сабақты топтастыру.
Сабақтың түрі: Панорамалық сабақ.
Сабақты ұйымдастыру формалары: Жеке, топтық, жалпылама.
Сабақты өту әдісі: СТО әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: Физика,математика.
Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Деңгейлік тапсырмалар
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
а) Кім алғыр
б) Кім жылдам
в) Ой толғау
ІV. Бекіту.
Оқулықпен жұмыс
б) №5 жаттығу.
- Оқушыларды бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақ барысы:
Сергіту сәті
«Ақ тілек. Әсем күлкі»
— Көңіл — күйлеріңіз қалай?
— Керемет!(қолдарын көтереді)
— Сабаққа дайындықтарың қалай?
— Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)
— Ынталарыңыз қалай?
— Ғажап! (қолдарын көтереді)
— Ендеше ашық сабағымызды бастайық!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Деңгейлік тапсырмалар бойынша топтық жарыс
- Сутектің химиялык таңбасы
- Сутектің атомды, массасы
3 Сутектін жаи зат екенин анықтап оған «гидрогениум» деп ат берген француз ғалымы
4 . Сутекті 1776 жылы алған ағылшын ғалымы кім?
- Сутектің өнеркәсіпте алыну жолы қандай?
- Сутектің зертханада алыну жолы
- Сутектің физикалық қасиетін сипатта
- Белсенді металл сумен әрекеттескенде қандай заттар түзіледі?
- Су құрамындағы сутектің массалық үлесі қаншаға тең?
- Жер қыртысында сутектің массалық үлесі қанша?
Кім жылдам? Ойыны
Топтарға кеспе қағазы таратылып ондағы химиялық реакция теңдеулерін аяқтап теңестіру қажет.
1-кеспе қағазы
а) Zn + HCl ә) Ca + H2O
б) H2+ S в) 2H2 O
2-кеспе қағазы
а) CuO + H2 ә) K + H2O
б) Zn + H2 SO4 в) H2 + C
3-кеспе қағазы
а) Са + HCl ә) Na+ H2O
б) К + H2 SO4 в) H2 +O2
Жаңа сабақ
Тотығу дәрежесі – қосылыстағы элементте электрондарын толық беру немесе қосып алу нәтижесінде пайда болған заряд.
- Жай заттағы элементтің тотығу дәрежесі 0-ге тең.
- Кейбір элементтердің қосылыстардағы тотығу дәрежесі тұрақты болады:
- H+1; О-2;
- Металдардың барлығы оң тотығу дәрежесі оның валенттілігіне сәйкес:
- Na+1 ; K+1 ; Ca+2 ; Mg+2 ; Ba+2 ; Al+3 .
Қосылыстардағы химиялық элементтердің тотығу дәрежесін табу жолдары
- MnO2, Mn2O7, NO, NO2, Cr2O3, CrO3, CO2, CO
- №1 Мына қосылыстарды қай элементтің тотығу дәрежесі нольге тең және басқалары қандай тотығу дәрежесін көрсетеді ?
- H2S, N2, HJ, H2, NaF, Cl2, CaF2
- КМпО4 H2CО3 H2SО3
«Ой толғау»:
- Тотығу дәрежесі деген не ?
- Тотығу дәрежесін қалай анықтайды? Оның сандық мәні неге байланысты ?
- Оттек пен сутектің көрсететін тотығу дәрежелерін ата
- Күрделі қосылыстағы элементтердің
белгісіз тотығу дәрежесін қалай есептеп шығарады ?
«Кім жылдам?» тест сұрақтарын шешу
- Тотығу дәрежесі +4 ке тең элемент:
а) CO2 ә) K2O б) HF в) H2O
- Қай қосылыста элементтің тотығу дәрежесі нольге тең ?
а) FeS ә) О2 б) CaF2 в) Ca3(PO4)2
- Қосылыстардағы хлордың +7 тотығу дәрежесін анықта
а) KClO3 ә) HClO4 б) HCl в) Cl2
- Қосылыстағы металл атомдарының тотығу дәрежесі
а) үнемі оң б) бірде оң, бірде теріс
ә) үнемі теріс в) нольге тең
- Көміртектің төменгі тотығу дәрежесі неге тең?
а) -6 ә) +4 б) -4 в) 0
Рефлексия сөйлемді толықтыру
Бүгінгі сабақта мен . . . үйрендім.
Бүгінгі сабақта мен . . . білдім.
Бүгінгі сабақтан кейін…
Бағалау
Үйге тапсырма беру: §64 №6,7.