Басы » Оқушыларға » Шығармалар » Мен осындай анам болғанына қуанамын

Мен осындай анам болғанына қуанамын

Алматы облысы, Қарасай ауданы,

Исаев  ауылындағы  бастауыш  мектеп

4 «А»  сынып  оқушысы  Сабихан  Али  Амангелдіұлы

 Мен  осындай  анам  болғанына  қуанамын

Мен    анамның  болғанына өте  қатты  қуанамын.Ана  деген  балаға  ең  жақын  адам. Өмірде  екі  анаң  бар. Анадан  басқа  баланы  кім  жаратады. Екінші  анам  мектептегі  ұстазым. Мама… Бұл  сөз  әрбір халықтың  тілінде  бар. Барлық  тілде де  бұл  қасиетті  сөз, нәзік, мейірімді  жылы  естіледі. Менің  анам  өте  жақсы  адам. Ол  бәрін  кешіреді. Ананың  тілі, ананың  махаббаты, ананың  тілегі  тіл  жетпес  бір  жатқан  теңіз  емес пе! Па  шіркін,  ананың  айналып  толғанғаны  кімнің  есінен  кетеді.

Шырылдап  жерге  түскеннен-ақ  сенің  ең  бір  жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың  бар. Ол – ана: қара  жерді  баспай  жатып, есіңді  білмей  жатып, тырмысып  бауырына  жабысатының  шырылдап  жылап  іздейтінің — ана. Сен  жан  болып  дүниеге  келдің. Сенің  іздейтінің  бірақ  жан. Ол – ана. Ол  саған  бәрінен  қымбат. Сен  үшін  ол  жалпақ  өмірден де  үлкен. Сондықтан да сен бірақ жанды  білесің. Ол –ана.

Міне, анаға  деген  махаббат  сенің  құндақта  жатқан  күніңнен – ақ  басталады. Ананың  жолы. Ана  деген сөздің  өзі  ыстық. Сен  анаңа  ұқсайсың  деп  айтқанда  ол  ма,ан  мақтаныш  болады. Ана  десе  толқымайтын  жүрек,  тасымайтын  қан, сезбейтін сезім  болуға  мүмкін  емес.

Ана – тіршіліктің  қайнар  көзі. Махаббаттың  шуақ  күні, мейірімнің  кәусар  бұлағы. Сондықтан  ананы  ананы  ардақтамайтын  халық  жоқ. Ана  баланы  тоғыз  ай  көтеріп, толғатып дүниеге келтіріп қана  қоймайды.

Бала, бала, бала деп

Түнде  шошып  оянған.

Түн  ұйқысын  төрт  бөліп,

Мұздай  бесік  таянған – да  ана. Көзінің  қарашығындай  қорғап,  аялап  өсіріп  аяғынан  тік  тұрғызатын да  ана. Туған  елін,  тілін  үйретіп, сазына  қандыратында ана. Сондықтан  әр  ұлттың  тілі де  ана  тілі  аталады.

Ана  деген  ең  нәзік  жан!!!

Сынып  жетекшісі: Жакипбаева  Сауле  Жапаркуловна

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *