Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Қазатком орталау мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Тойлыбекова Гулзира Жарылкасымовна Т
Әдебиеттік оқу
№94 сабақ |
Күні:29.02. | 2-сынып | Мұғалім:
Тойлыбекова Гулзира Жарылкасымовна. |
||
Сабақтың тақырыбы | Алтын балта | ||||
Сабақтың жалпы мақсаты |
Білімділік: оқушылар ертегіні түсініп оқиды, мазмұнын ашады, Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу тілі дамиды, Тәрбиелік: оқушылар өз Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиеленеді, бойларына адамгершілік қасиеттерді сіңіреді; Сабақтың әдісі: СТО технологиясы;; |
||||
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ- жауап , түсіндіру . | ||||
Көрнекіліктер |
Смайликтер , плакаттар, маркерлер, |
||||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||||
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру |
|
||||
Топқа бөлу | Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу . | ||||
Үй тапсырмасын сұрау | Өткен сабақты пысықтау мақсатында «Шимайбек» тақырыбында эссе жазған оқушылары тексеру . | ||||
Қызығушылықты ояту |
Әр оқушығақ парақ таратылады. Енді осы, ақ параққа кез келген өздеріне ұнайтын әріпті таңбаландар. Енді осы әріптеріне қатысты жақсы сөздер жазындар. Мысалы: Іі -ізетті, ілтипатты |
||||
Жаңа материалмен жұмыс. | Мұғалімнің түсіндірмесі.
Мәтінмен жұмыс : Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Алтын балта» ертегіне оқымас бұрын мынадай сұрақтарға жауап беріндерші.
Баяғыда бір кедей болыпты . Ол көршілес байдың балтасын сұрап алып , отынға барыпты . Біраз отын шауып бола бергенде , балтасының басы ұшып кетіпті . Ол қасындағы диірмен тасын айналдырып жатқан суға барып түсіпті . Кедей диірменші шалға келіп , «балтамды алып бер» , — деп жалынады . шал диірменін тоқтатыпты . Суға қолын тығып жібереді де , бір алтын басты балтаны алып шығады — Мынау ма балтаң ? – дейді диірменші . — Жоқ , бұл емес , — дейді кедей . Шал суға екінші рет қолын малып жіберіп , күміс басты балтаны алып шығады да: Мынау ма балтаң?- дейді тағы да кедейге . — Бұл да емес . Диірменші үшінш рет суа қолын малғанда , қара темірбалта ілігеді . Сол кезде ғана кедей: — Е , міне , мынау менің балтам – деп оған қолын соза бергенде , диірменш шал: — Шырағым , дүниеқоңыз емес , ақпейіл , адал жан екенсің .Сол үшін менен мына балтаны сыйға ал . Оның сен сияқты кедейге пайдасы көп . Осы балта қолыңда тұрғанда , күнкөрісің түзелер . тез арада –ақел қатарына қосыларсың , — деп , оған алтын балтаны береді . Кедей бұл балтаны үйге әкелген күннен бастап , құлшына еңбек етеді . Алтын балта сиқырлы балта екен , кедей отынды да өндірте жарады . Сөйтіп , ісі оңға басады . Үйге береке кіреді . Мұны көрші бай да байқап қалады . Бір күні ол кедейден мұның сырын сұрайды . Кедей жасырмай , болған оқиғаны айтып береді . Енді баяғы кедейге берген қара балтасын ала салып, бай да отынға келеді . О балтасын диірмен суына лақтыры жібереді . Сон соң «алып бер» деп диірменші шалға келеді . Шал судан алтын басты балтаны алып шығады . Сол – ақ екен , бай: — Менің балтам , мынау менің балтам» -деп , тұра ұмтылды . — Бірақ диірменші шал оның кеудесінен итеріп тоқтатады да: — Қоя тұр , құлқыны тоймаған қу неме! Міне , сенің балтаң , — деп , байға өзінің темір басты балтасын алып береді . Бай амалы құрып , үйіне қайтады . Еңбегімен күнелткен кедейді күндеп , көре алмай , ішқұса болған бай шаруасына да жөндеп қарай алмапты.Тұрмысының да берекесі кетіпті .Ақырында бай кедей болып қалыпты . 1.Өмірде алтын балтаның болуы мүмкін бе? Сұрақтар: 1. Балтаның иесі кім? |
||||
Ой толғаныс | «Венн диаграммасы»І топ-Бай ІІ топ-Ортағын ІІІтоп-Кедей ы» | ||||
Үйге тапсырма беру. | «Алтын балта» ертегісін мазмұндау . | ||||
Бағалау | І топ -Білдім. ІІ топқа-Білем. ІІІ топқа- Білгім келеді.
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою. |
||||
Кері байланыс | Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер . |