Басы » Технология » Тақтай бетіне геометриялық ою-өрнегін салу

Тақтай бетіне геометриялық ою-өрнегін салу

жігітШығыс Қазақстан облысы

Аягөз ауданы
«Сары-Арқа жалпы білім беретін орта мектеп »КММ
Технология пәнінің мұғалімі:
Бармашиков Мақсат Шаймұратұлы
Тақырыбы: Тақтай бетіне геометриялық ою-өрнегін салу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ою- өрнектер туралы түсінік беру, ою- өрнектерді ою әдістерін үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың байқағыштық қабілетін , сөздік қорын, шығармашылық бағытта дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларға ою-өрнекті бұйымға үйлесімді, қонымды етіп, пайдалана білуге үйрете отырып, ұқыптылыққа, талғамға сай жұмыс жасай білуге тәрбиелеу..
Түрі: сайыс сабақ.
Әдісі: сұрақ- жауап.
Көрнекілігі: слайд, буклет,тақырыптық плакаттар.
Қажетті құралдар: ағаш, қашау, сызғыш,
қарандаш.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, әдебиет,
геометрия, саз.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Тақтай бетіне геометриялық ою-өрнегін салу». Жаңа сабаққа кірісу алдында өтілген материалдарды қайталайық.
ІІ. Ой қыздыру (Үй тапсырманы тексеру) /слайд №1/
 Жапсырмалау деген не ?
 Жапсырмалау өнері неше бөлікке бөлінеді ?
 Қалқымыздың қандай ұлттық бұйымдарында жапсырмалау өнері қолданылады ?
Ал балалар, енді 2 топқа бөлініп отыра қаламыз. (ою-өрнектер арқылы топтарға бөлемін).
1 топ: «Шеберлер»
2 топ : «Өнерлі өрендер»
ІІІ. Жаңа материалды беру:
Ою -өрнек ата бабамыздан келе жатқан асыл мұра.
Бір өрнекке салып қиып алған үлгіні ою дейді.
Ал өрнек деп әр түрлі ою бедерлеп , күйдіріп жалатқан әшекейді айтады. Қазақ халқының ою- өрнектерін ің түрлері де, атаулары да көп. Ертедегі ата-бабаларымыз ою өнерінің өзіндік қыр-сырын жете меңгере білген. Халық шеберлері өздерінің туындыларын ешқандай геометриялық аспаптарсыз- ақ шебер жасаған. Оюшылар күрделі композицияларды дүниеге әкелгенде қатаң симметрия заңдарымен , үйлесім шарттарын өте орынды қолданған. Ою өнері дүние жүзі халықтарының барлығына тән. Қай халықтың оюларын алып талдау жасасақ та барлығына ортақ бір заңдылық бар. Ол симметрия заңы. Ерте замандағы адамдар өз ойын тасқа, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. Ертедегі қазақ оюларын мазмұн жағынан іріктеп қарасақ, негізінен үш ұғымды бейнелеген.
1. Мал өсіру мен аңшылықты. (слайд №2)
2. Жер –су, көшіп қоу көріністерін.
3. Күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесі.
Мағынасына қарай өрнектер мынадай 8 топқа бөлінеді.
1. Ай, Күн жұлдыздарға- аспан әлеміне байланысты.
2. Малға, малдың түрлеріне, аяқ таңбаларына байланысты өрнектер.
3. Құрт- құмырсқа , жәндіктерге байланысты.
4. Жер, су, өсімдік, гүл, жапырақ, бұтақ бейнеленген өрнектер.
5. Қару, құралдарға байланысты құралдар.
6. Геометриялық денелерге байланысты өрнектер.
7. Құстарға байланысты өрнектер.
8. Аңның түріне, аяқ таңбаксына байланысты өрнектер.
ІҮ.Топтық жұмыс.

І топтың ұраны: «Бармағынан бал тамған шебер ұлдар көп бізде».
ІІ топтың ұраны : «Өнерлі өрге жүзеді».

Ою -өрнек сәндігі,
Көздің жауын алады.
Болмаса зат өрнексіз,
Ешбір мәнсіз қалады.

V. «Ою ойғанның ойы ұшқыр».
Тақтай бетіне геометриялық ою-өрнегін саламыз. Бұл жұмысқа кіріспес бұрын , Қауіпсіздік ережесімен танысайық.
Қауіпсіздік ережесін оқушылардың алдына үлестіріп беремін және онымен танысамыз.Слайдта да көрсетіледі.
Болғаннан кейін мұғалімді шақырып жұмысты
тапсырады.
ҮІ. Мақал –мәтел айтысу (өнер, ою-өрнек
туралы).
ҮІІ. «Жұмбақтас бөлімі» (слайдта сандар
көрсетілген, әр санның артында сұрақ бар,
жылдамырақ жауап берген топ ұтады.
10 балл: Ұлттық өрнек (ою).
10 балл: Ең көне ою? (қошқар мүйіз).
20 балл: Ауыспалы жүзді әшекей пышақ дегеніміз не? (сүргінің қызметін атқаратын құрал).
20 балл: Қос қолды пышақ дегеніміз не? ( ағаш діңінің қабығын аршуға қолданылатын құрал).
30 балл: Шаппа шот дегеніміз не? (сүргінің қызыметін атқаратын құрал).
30 балл: Ағаш ұқсату шеберлігімен айналысатын адамды қалай атайды? (Ұста).
40 балл: Әдіптеу деген не? (заттың не киімнің шетін екінші түсті мата не терімен жапсыра тігу, жиектеу).
40 балл: Бәдіз деген не? ( тасқа шауып жасаған мүсін, өрнек, бедер).
ҮІІІ. Көрнекі- бейнелеп ойлау
Мұнда оқушылар карточканың ортақ тақырыбын анықтайды. Суреттегі карточканың реттік санын, ортақ тақырыбын , артық ою түрін айту керек./слайд/
ІХ. Сабақты қорытындылау:
Үйге: Тұмарша оюын қағаз бетіне түсіріп келу. Оқушыларды бағалау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *