Басы » Дене шынықтыру » Спорт ойыны «Волейбол». Допты жоғарыдан тура беру.

Спорт ойыны «Волейбол». Допты жоғарыдан тура беру.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шымкент қаласы

№5 колледж «Дене тәрбиесі» пәнінің оқытушысы

Аширбеков Абдрахман

Сабақтың тақырыбы:  Спорт ойыны «Волейбол».  Допты    жоғарыдан тура беру.

 Сабақтың мақсаты:       а) Білімділік:  оқушыларға допт ы

жоғарыдан беруді айтып түсіндіріу және әдісін  көрсету

ә)  Дамытушылық:  допты жоғарыдан  беруде күшпен соғып доптың жылдамдығын арттырып алаңғ түсіруді дамыту.

б) Тәрбиелік:  ептілікке, төзімділікке, кез  келген доп соққысына икемді азамат етіп тәрбиелеу.

Сабақ түрі :спорт ойыны, түсіндіру-көрсету, аралас сабақ.           Пән аралық  байланыс:   алғашқы әскери дайындық

Сабақтың керекті құрал жабдықтары:  доп, ысқырық, тор,

спорт алаңы.

Сабақтың  барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі (15мин.)

  1. Сапқа тұру, сәлемдесу

Орнынан бұрылу:  оңға, солға айналу, спорт залды айнала жүру.

Қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен, қолды желкеге аяқтың өкшесімен қолды белге аяқтың сыртымен, аяқтың ішімен қолды алға созып жартылай жүрелеп, отырып жүру қолды белге толық отырып жүру, алға секіру. Жүгіру және оның ерекшеліктері:  қолды созып, тізені көтере қолды жамбасқа қойып аяқты артқа серпі. Қолды белге қойып оң және сол жақтарымен кезек-кезек сол иықтан алға қарап артпен алға. Адымдай жүгіру, терең тыныс алып демді басу. Залды айнала шеңбер болып тұру. Дененің барлық бөлігін дамыту үшін жалпы жетілдіру жаттығуын орындау.

1) Аяқ иық деңгейінде, қол белде, басты оңға қарай 2 рет, солға

қарай 2 рет айналдырамыз.

2) Аяқ иық деңгейінде, қол иықты 2рет алға, 2рет артқа

айналдырамыз.

3) Аяқ иық деңгейінде, оң қол жоғары сол қол төмен, бір-екі артқа

қарай керілеміз.

4) Аяқ иық деңгейінде, бір қол алда, екі қол жоғары, үш қол

жанымызда, төрт бастапқы қалып.

5) Аяқтың арасы алшақ, қол көкірек тұсында, бір-екі алға қарай

керілеміз, үш төрт жанымызға қарай қолды жазып керілеміз.

6) Аяқтың арасы алшақ, оң  қол белде, сол қол жоғары, бір екі оңға

иілеміз, үш-төрт қолды ауыстырып солға иілеміз.

7) Аяқ иық деңгейінде, қол белде, белді жамбасты оңға 4 рет, солға

4 рет айналдыру.

8) Аяқ иық деңгейінен алшақ, бір қолды оң аяққа тигіземіз, екі

ортаға иілеміз, үш сол аяққа иілеміз төрт бастапқы қалып.

9) Аяқ иық деңгейінде, екі қол тізеде, тізені ішке қарай 2 рет,

сыртқа қарай 2 рет.

10) Оң аяқпен 4 рет секіру, сол аяқпен 4 рет секіру және екі аяқты

қосып биіктікке 4 рет секіру.

Топты  залды  айнала   шеңбер   жасап  тұрғызып,2  валейбол   добын  алып допты  бір –біріне   екі  қолмен  беру  арқылы  кішкене ойын  жүргізу.

Негізгі бөлім:                                                  

Топты  екіге  бөліп,залдың  бір  жағында бірінші  топ оң жаққа,

екінші  топ  сол  жаққа. Залдың  екінші  бөлігінде  волейбол добын

тосып және  қайтарып  беріп  тұратын  екі  оқушы  болады. Ал мына бөлінген  екі топ екі жақтан  біртіндеп  кезекпен допты  сол  қолмен жоғары  лақтырып,екінші  оң  қолымен қарсыластарына  қарай жоғарыдан допқа  соққы  береді. Әр оқушы 3-4  қайтара жаттығуды  қайталап  үйренгеннен  соң  жеке-жеке  бағаға допқа  соққы  береді.

5 рет  допты  жоғарыдан  беріп соның 3-і алаңға  түссе  «5»

5 рет  допты  жоғарыдан  беріп соның 2-і  алаңға түссе  «4»

5 рет  допты  жоғарыдан  беріп соның 1-і алаңға  түссе   «3»

 Жаңа сабақты қортындылау: (5мин.)

  1. Сапқа қатарға тұру.
  2. Оқушылар өзін-өздері ретке  келтіру

3.Оқушылардың  сабақта  алған  бағаларын  хабарлау

  1. Үй тапсырмасын беру «пресс»
  2. Кезекшілерді белгілеп сабақты аяқтау
[bws_related_posts]

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *