Бұланды ауданы әкімдігінің білім бөлімі жанындағы
«Солнышко» бөбекжай-балабақшасы МКҚК
қазақ тілі мұғалімі
Мухамадиева Асель Кадербаевна
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білім беру салалары: «Қатынас»
Тақырыбы: «Ұлттық киімдер мен бұйымдар»
Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық киімдері мен бұйымдары жайлы балалардың білімдерін кеңейту. Музыкалық аспаптары жайлы білімдерін бекіту. Мақал-мәтелдер, тақпақтар, ән мен жаңа сөздер арқылы тілдерін жаттықтыру, үш тілде сөздік қорларын байыту. Ата-бабамыздан қалған қазақ халқының мұрасын құрметтеуге үйрету.
Көрнекіліктер: компьютер (слайд), ұлттық киімдегі қуыршақтар, үнтаспа, қағаз қуыршақ пен қуыршақтың ұлттық киімдері, ұлттық бұйымдар суреті, қалта, сандық, домбыра, ою- өрнектер үлгісі ватман, желім.
Сөздік жұмысы: сәукеле, қамзол, қосетек көйлек, шапан, шалбар, тақия, сырға, сақина, білезік, шашбау, домбыра, қобыз, сыбызғы, асатаяқ; ою-өрнектер: қошқармүйіз, құсқанат, қызғалдақ, тарақ.
Билингвалдық компонент: ұлттық киім-национальная одежда, ұлттық бұйым-национальное украшение, ұлттық аспаптар- национальные инструменты,ою-өрнек-орнамент, салт-дәстүр-традиции и обряды; ағылшын тілінде: Good morning !-Қайырлы таң!-Добрый день! Отбасы-семья-family, әке-папа- father, ана- мама- mother, ата- дедушка-grandfather, әже-бабушка- grandmother, киімдер- одежда -clouther.
Іс-әрекет кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Ұйымдастыру кезеңі: «Сәлеметсіңдер ме, балалар!»
Амандасу шеңбері— (қонақтармен ағылшын тілінде амандасады)
— Дұрыс, балалар біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Отанымыз туралы тақпақтар мен мақал-мәтелдер білесіңдер ме?
-Біздің Республикамызда көптеген ұлттар тату-тәтті өмір сүреді. Әр халықтың өзіне тән ұлттық киімдері мен бұйымдары, салт-дәстүрлері бар. Бүгінгі ашық ұйымдастырылған іс-әрекетіміз ерекше өтеді. Өйткені қазақ ұлттық киімін киген Айсұлу мен Айдар қуыршақтары және қонақтарымыз бүгінгі іс-әрекетімізге қатысады. Сондықтан ұят болмау үшін тәртіптеріңіз жақсы болып, мені мұқият тыңдауға тырысыңдар.
Қайталау. -«Ұлттық аспаптар» тақырыбын қайталап өтейік.
«Ұлттық аспапты тап» — дидактикалық ойыны.
«Аспаптың дыбысын ажырату»
Жұмбақ жасыру:
Қолы бар, Саусағы жоқ. Мойыны бар, Басы жоқ.
-Дұрыс балалар, бүгін біз ұлттық киімдер мен бұйымдар жайлы әңгімелесеміз.
(Экранға назар аударып, түсіндіреді) — Ұлттық киімдер әйелдер мен ерлерге арналған. Әйелдер киімдеріне: көйлек, қамзол, сәукеле жатады. Ерлердің киімдеріне: шапан, тақия шалбар жатады.
1-тапсырма. Қазақ халқының ұлттық киімдерін атаңдар.
«Қуыршақты киіндіру»- дидактикалық ойыны.
«Ұлттық киімді кім киеді?»- дидактикалық ойыны.
-Қазақ халқының киімдерін ұлттық бұйымдар толықтырып, әшекелейді. Ұлттық бұйымдармен таныстыру үшін мен сіздерге қалта дайындап келдім. Мынау білезік, сақина, сырға, шашбау, алқа. Қалта тарату рәсіміне тек қыз балалар қатысады. Қазақ халқы ата-бабамыздың салт-дәстүрін сақтауға тырысады.
2-тапсырма: (слайд) Қазақ халқының ұлттық бұйымдарын атаңдар.
«Білезік» — сергіту сәті: Он қолымда білезік, Сол қолымда білезік. Сәнді көйлек киелік, Бәріміз бірге билейік.
Музыкалық сергіту сәті. |
-Сәлеметсіз бе!
Армысың, асыл күн, Армысың, асыл жер! Армысыз құрметті қонақтар! — Сәлеметсіз бе! — Good morning !
Good morning, good morning ! Good morning to you. Good morning, good morning ! I am glad to see you.
—Қазақстан Республикасында.
Отан-отттан да ыстық.
Отанды сүю- отбасынан басталады.
Отан үшін күрес- Ерге тиген үлес.
Лейла: Отан деген — атамекен Отан-туған ел. Отан-ана, Отан-өлкем Қазақстан туған жер.
Лера: Туған жерді сүю парыз, Сүю үшін білу парыз. Адалдықты сүю парыз, Қасиетін ұғу парыз.
Берілген музыкалық аспаптар ішінен ұлттық аспапты таңдап, атайды.
Үнтаспа арқылы ұлттық аспаптың дыбысын ажыратып, атайды.
-Көйлек.
Жұптасып бірнеше рет қайталайды.
Балалар Айсұлу мен Айдардың ұлттық киімдерін көрсетіп, атайды: Мынау көйлек. Мынау қамзол. Мынау сәукеле. Мынау шапан. Мынау шалбар. Мынау тақия.
Магниттік тақтадағы ұл мен қыз қуыршақтарына ұлттық киімдерді таңдап, атайды, түстерді де еске түсіреді.
Отбасы мүшелерін үш тілде атайды: Дедушка-grandfather- ата киеді. Бабушка- grandmother- әже киеді. Папа- father- әке киеді. Мама- mother- ана киеді.
Ұлттық бұйымдарды жұптасып және жекеше атайды: Мынау білезік. Мынау сақина. Мынау сырға. Мынау шашбау.
Балалар сергіту сәтін орындаған кезде қолдарына білезік тағады.
Музыкалық қозғалыс сергіту сәтін орындайды. |
Ұйымдастыру-
іздестіру |
(Қонаққа әже келеді, қолында сандық) — Сәлеметсіздер ме, балалар! Қандай әдептісіңдер! Бүгінгі тақырыптарыңыз қандай тамаша! Менің де сендерге дайындаған сыйлығым бар, бірақ ең алдымен маған көрпешені ұлттық ою-өрнекпен әшекелеуге көмектесіңдер.
4- тапсырма: (жапсыру жұмысы) «Киімдерді әшекелеу»
-Киімдерді әшекелеген кезде қандай ою-өрнектерді қолдандыңдар?
Әже: -Жарайсыңдар, балалар! Шынында да өте ақылды және өнерлі балалар екенсіңдер.
-Қазақ халқының тойы домбырасыз өтпейді. «Еркем-ай»- халық әніне айтыс.
|
—Сәлеметсіз бе, әже!
Балалар төрт топқа бөлініп әжеге қамзол, сәукеле, тақия мен орамалды ұлттық ою-өрнекпен әшекелеуге көмектеседі.
Тақтаға шығып, орындаған жұмыстарымен таныстырады.
Лейла: Ойыншыққа бұрын мен Қызыққанда шығармын Енді міне өсіп ем Домбыраға құмарттым.
Әже:
Витя: Қолың жетпей мойныңа Қиналмайсың тентегім Алып жатып қойнына Түсінде де шертерсін.
Мен: Үкі тағып басына Күнде қолға аларсың Әкеннің домбырасына Қашан ие боларсың. Қ-сы: (бірге) |
Рефлексивті-түзетушілік: |
-Балалар, бүгінгі ашық ұйымдастырылған іс-әрекетімізде не жайлы әңгімелестік?
Қуыршақтарымыздың киімдеріне қарап тағы бір рет қайталап шығайық.
-Қазақстан Республикасында тұратын болғандықтан бүгінгі сабағымызда біз қазақ халқының ұлттық киімдері мен бұйымдары, ою-өрнектері мен салт-дәстүрлері жайлы әңгімелестік. Ұлттық музыкалық аспаптарын қайталадық. Ата-бабамыздан қалған ұлттық киімдеріміз бен салт-дәстүрімізді әрдайым құрметтеп жүрейік. Бүгінгі іс-әрекетімізге қатысқан Айсұлу мен Айдар қуыршақтары, біздің қонақтарымыз сендердің жауаптарыңыз бен тәртіптеріне риза болды.
(Әже сандықтағы сыйлықтарын таратады). — Осымен ұйымдастырылған іс-әрекетіміз аяқталды. Сау болыңдар, балалар! |
—Ұлттық киімдер, ұлттық бұйымдар, ұлттық аспаптар, ұлттық өрнектер жайлы.
Балалардың жауабы.
— Сау болыңыз! — Good bay! |
Қорытынды нәтиже:
Нені білу керек: қазақ халқының ұлттық киімдері мен бұйымдарын, музыкалық аспаптарын, салт-дәстүрлері мен ою-өрнектер түрін білу керек; отбасы мүшелерін үш тілде атау керек.
Қандай түсініктерді игерді: ата-бабамыздан қалған ұлттық киімдеріміз бен бұйымдарымызды, салт-дәстүрлерімізді сақтап, құрметтеу керек екенін.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: амандасу шеңбері, мақал-мәтелдер мен тақпақтар арқылы тілдерін жаттықтырды, айтыс арқылы есте сақтау қабілеттерін дамытты, жаңа сөздермен үш тілде сөздік қорларын байытты, дидактикалық ойындарға белсенді қатысты, жапсыру жұмысын орындады.
[bws_related_posts]