Шығыс Қазақстан облысы
Зайсан қаласы
КММ «Ю.Гагарин атындағы орта мектебі»
Дуланбаева Толкын Калихановна
Сабақ
Қазақ тілі |
Сынып : 4 сынып |
Барлық оқушы саны: 17
Қатысқаны: |
||
Сілтеме | Оқу жоспары, оқулық, күнтізбелік жоспар. | |||
Сабақ тақырыбы | Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейту | |||
Жалпы мақсаттар | Шығармашылық жұмыс жүргізу барысында мәтін құрауға, тақырыпты аша білуге үйрету.
Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту. Өз ойын толық жеткізуге, сурет бойынша әңгімелеуге дағдыландыру. |
|||
Критерийлер | Көркем жазу,жеке, топпен жұмыс, өз ойын жеткізу | |||
Әдіс-тәсілдер | Жеке- топтық жұмыс, «Кезекпен мұғалім боламыз», «плюс кестесі», «Т кестесі», «5жолды өлең» | |||
Көрнекіліктер | АКТ сурет көрсету,А3 плакаттары | |||
Оқыту нәтижелері | Өз ойын толық жеткізіп айта алады.Оқушылардың 70 пайызы мәтін құрай алады, тақырып қоя алады. | |||
Сабақ барысы | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||
Сабақ кезеңдері:
1-кезең. Қызығушылықты ояту: — ұйымдастыру; — үй тапсырмасын тексеру; — қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі; — белсенді әрекетке жұмылдырылады; — ойлау жұмысына ынталандырылады. |
Оқушыларды «Дыбыс», «Сөз», «Сөйлем», «Мәтін» деп 4 топқа бөлу Ойсергек «Көршіңнің суретін сал»
Топ ережесін естеріне түсірту — Балалар қандай топ ережелерін сақтаймыз№
Жұмбақ жасыру Темір тілді Күміс үнді (Қоңырау) Көркем жазу Ққ Ққ—————————— (Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі) Топтарға тапсырма береді. Барлық топты мадақтау (5 шапалақ) |
Топқа бөлінеді . Шеңберде айналып жүріп көршісінің суретін салады
Оқушылар топ ережесін естеріне түсіреді
Оқушылар жұмбақты шешеді
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті 1 топ: Қ әрпінен басталып Қ әрпінен аяқталатын сөздер жазады 2топ: Қоңырау сөзіне фонетикалық талдау 3 топ: Қәрпінен басталатын сөздерден сөйлем 4 топ: Қоңырау сөзіне сөзжасам Әр топтан бір спикер өз жұмыстарын қорғайды
|
||
2-кезең. Мағынаны ажырату:
— оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады; — жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады.
|
Жаңа тақырыпқа бағытталу
Сөзжұмбақ шешкізу ……….. сөздің мәйегі. ……….. көңілдің ажары. ……….. оттан да ыстық. ……….. тас жарады, тас жармаса бас жарады Оқу ………… мен құдық қазғандай -Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай екен? Сабақтың мақсатын анықтау Тақтадан мәтінді көрсету -Осы мәтінді оқымай- ақ бірден не туралы айтылатынын таба аласыңдар ма? -Оны қайдан білідіңдер? — Мәтін неше азат жолдан басталған? «Бөлімнің атауын келтір» тәсілі -Енді әр бөлімге ат қойыңдар -Балалар, әр азат жолға ат қоя отырып, біз не құрдық? -Жоспар арқылы мәтіннің негізгі мазмұны көрсетіледі,мәтіннің мазмұны ретімен айтылады. Оқулықпен жұмыс «Кезекпен мұғалім боламыз» тәсілі 3 жаттығу
|
Тақтадағы слайдқа назар аударады
Сөзжұмбақты шешеді Мәтін
Оқушылар өз ойларын айтады, дәлелдейді
Оқушылар топта пікірлесіп, өз ойларын ортаға салады. Әр топтан бір спикер өз ойларын жариялайды
Мәтінге жоспар құрдық
3- жаттығу
¨ 1. Жаттығудың берілгенін топқа оқып береді,қалайша орындайтынын топ ішінде талқылайды. ¨ 2. Жаттығуды орындау кезінде әрбір сөйлемді дауыстап айтады. (комментарий) ¨ 3. Грамматикалық тапсырманының орындалу жолын түсіндіреді. 4. Ереже құрастыруды ұйымдастырады (Мәтін сөйлемнен құралады. Мәтінде бір ой айтылады. Мәтінде сөйлемдер байланысады.) |
||
3-кезең
Ой толғаныс.(АКТ, сыни тұрғыдан ойлау) Қорытынды . |
«Плюс кестесі»
«Жигсо-1» тәсілі бойынша жаттығу жұмысын талдау
«Толықтыру тесті»
Шығармашылық тапсырмалар Модель құрастыруға тапсырма беру |
№1 Мәтінге ат қояды
№2 Мәтінге жоспар құрады №3 Негізгі ойын табады №4 Мәтіннің түрін анықтайды 1) Бөліну 2) Үй топтарындағы жеке жұмыс 3) Сарапшылар топтарына ауысу 4) Үй топтарына оралу ¨ Мәтін- өзара мағыналық байланыста айтылатын ………… сөйлемнен құралады ¨ Мәтінге ат қою- ондағы……………қысқаша атау деген сөз ¨ Тақырып-мәтінде баяндалатын………….білдіреді. ¨ Мәтіндегі негізгі ой-…………………. басты пікірі 1 топ: 5жолды өлең |
||
Үйге тапсырма | «Менің Отаным — Қазақстан» тақырыбына шағын мәтін жаз. | Тапсырма жазады | ||
Бағалау | Формативтік бағалау , бағалау критерийлері сабақ басында таратылады мұғалім жиынтық баға қояды. | Оқушылар өзін-өзі бағалайды бағалау парағын өткізеді.
«Жетістік сатысы» |
||
Рефлексия | Сұрақтар:
1 сұрақ:Бұрын не білуші едің? 2 сұрақ:Не үйрендің? 2 сұрақ: Қай тапсырмада қиналдың?? 3.сұрақ: Сабақ ұнады ма? |
Рефлексия жасайды.
«Үй» Іргетасына – Бұрын не білетінін жазады |
||
[bws_related_posts]