Басы » Бастауыш сыныптар » Алтын іздеген адам. Р.Мумеев

Алтын іздеген адам. Р.Мумеев

Абдугазиев Китабия Скиндировна  

Жоғары  санатты, III деңгейлі сертификатталушы бастауыш сынып мұғалімі

Шыңғырлау ОББМ

БҚО  Шыңғырлау ауданы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Сыныбы:4«а» пәні: Әдебиеттік оқу.  
Тақырыбы: Алтын іздеген адам. Р.Мумеев  
Мақсаты: Мәтінді мәнелреп, түсініп оқуға; идеясын ашуға; өз ойларын дәлелдеуге үйрену.  
Күтілетін нәтиже: А ).Мәтінді түсініп оқып, өз желісінде мазмұндайды.

В). Кейіпкерге таңдау жасап, сипаттайды.

С). Мазмұнын салыстыра дәлелдейді, қорытынды жасайды..

 
Дереккөздер, құрал-жабдықтар:

 

Әдебиеттік оқу Жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған оқулық/ Оқулық авторлары: Б.А.Тұрғынбаева,З.Муфтибекова «Алматыкітап баспасы» 2015 жылы. Әдістемелік нұсқау, Хрестоматия, дидактикалық материалдар.Интербелсенді тақтада көрсетілетін презентациялар.Мазмұнды суреттер, қосымша материалдар.  
Сабақтың модулдері:

 

 

1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 2.Сыни ойлауға үйрету. 3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. 4.АКТ. 5.Талантты және дарынды балаларды оқыту. 6.Оқушылардың жас ерекшеліктері. 7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.  
Тапсырмалар:  Жаңа тәсілдер: «Ойлан/жұптас/талқыла» түрткі сұрақ, қайта бағыттау, сұрақ-жауап әдісі, топтық әңгіме, диалогтық оқыту,постер,мәртебесі жоғары және төменгі сұрақтар.Сыни тұрғыдан ойлау әдісі: «Ассоциация», «Өкіл»,«Серпілген сауал», «Венн диаграммасы» ,«Ой қозғау», «Сұрақтары бар қорап». АКТ-ны қолдану:белсенді тақтамен таныстырылым, электронды оқулық, ғаламтор желісінін  материалдары (сергіту сәтін ұйымдастыру).  Оқыту формасы: Топтық, жұптық, жеке, жаппай.  
Бағалау: Формативті бағалау:Ынталандыру мақсатында қолдау көрсету. «Қолпаштау»,  «Екі жұлдыз, бір тілек», «Критерий бойынша бағалау». Жиынтық бағалау. Кері байланыс:  «Сұрақтары бар қорап».  
Сабақтың барысы:   Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылармен сәлемдесу, психологиялық ахуал, сергіту жаттығуы белсенді тақтадан «Қара жорға».«Қанағат», «Еңбек», «Қазына» сөздерімен  топқа бөлу.        «Серпілген сауал» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады.

1-топ: «Қанағат»

-Мәтіннен негізгі ойды ашып тұрған ұлағатты сөздерді ата.

2-топ: «Еңбек»

“Қанағат” сөзіне түсініктеме бер.

3-топ: « Қазына»

 -Мәтін неліктен “Қанағат қарын тойғызар ” деп аталады?

Мұғаліммен сәлемдеседі, сергіту жаттығуын жасайды.

 

Топқа бөлінеді.

 

Оқушылар бір-біріне мәтін мазмұны бойынша жуан-жіңішке сұрақтар қояды, жауап береді, ынталандыру мақсатында қолдау көрсетіп,  қолпаштау  арқылы бағалайды.

Тұсаукесер:

 

 

 

  Белсенді тақтамен таныстырылым, ғаламтор желісінен алынған материалдар  « Ой қозғау» арқылы көрсетіледі.

Өмірдегі ең қымбат не  екендігі жайлы ойланайық.

-Адамға  жақсы өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?

Оқушылар шығармадағы оқиғаны болжап айтады.

 

Видео материалдармен танысады.

 

Оқушылар өз ойларын айтады.

Негізгі бөлім:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ:Сабақтың мақсаты хабарланады.

Оқулықпен жұмыс: Мәтінді түсініп оқып, жұпта,топта  және «Өкіл» әдісімен әңгімелеу;  мәтін мазмұны бойынша жуан-жіңішке сұрақтар.  Сөздік жұмыс:  

Сіңірі шыққан – бұл жерде: қолында малы жоқ кедей.

Төңкеріс – көтеріліс.үкіметті құлату.

Тұяқ – бұл жерде: қой.

Бақыр – мыстан жасалған ұсақ тиын.

Кеңейтілген тапсырма:

 А).Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімеле.

В). «Ауыл тұрғындары не арқылы байлыққа қол жеткізе алады?» тақырыбына пікірталас.

С).Әңгімедегі Жазыбек ата туралы ақпарат іздестір.

Әзірге кедергісі бар балалар: мәтінді  мазмұнын  мақал-мәтелдермен байланыстыру.

Топтық жұмыс:

1-топ: « Қанағат» 

”Ассоцация”

-Әңгімедегі Жазылбек ата кім,  оның өмірбаянына топтастыру жаса.

2-топ: «Еңбек»

— Жазылбек  атаның туған жері туралы мәлімдеме жаса.

3-топ: «Қазына»             

“Венн  диаграммасы” (Үй жұмысы мен жаңа сабақты салыстыру)

Әр топ постер қорғағаннан кейін  ынталандыру мақсатында қолдау көрсету, «Қолпаштау», «Екі жұлдыз, бір тілек»  арқылы бірін-бірі бағалау.

Мәтінді кезекпен мәнерлеп оқиды.

Жұппен және топта мазмұнын әңгімелейді. Сұрақтар беріп, сұрақтарға жауап береді.

 

Жаңа сөздерді оқып, мағынасымен танысадаы.

Ресурстарды оқып, танысады. Бір-бірімен мәлімет алысады, жазады, топтастырады, диаграммалайды.

 

Оқушылар А.В.С. деңгідегі кеңейтілген тапсырмаларды орындайды.

 

 

Әзірге кедергісі бар  балалар

мәтінді  мазмұнын  мақал-мәтелдермен байланыстырады.

 

Әр топ өзіне берілген тапсырманы топта талдайды,постер дайындап, оны қорғайды.

 

 

 

Ынталандыру мақсатында қолдау көрсету. «Қолпаштау»,   «Екі жұлдыз, бір тілек»      арқылы 1-топты 2-топ; 2-топты 3-топ; 3-топты 1-топ     бағалайды.

Қорытынды:

 

   Мәтін мазмұны бойынша жуан-жіңішке сұрақтар арқылы қорытынды жасалады.  Мәтін мазмұны бойынша жуан-жіңішке сұрақтар қойып, жауап береді.
Бағалау:  

 

 

 

Кері байланыс:«Сұрақтары бар қорап».

 

Жиынтық бағалау. «Критерий бойынша бағалау».

 

Сұрақ жазып оқиды, қорапқа салады.

Барлық жұмыстың бағасын топ басшысы әр мүшенің қатысу деңгейін толық баяндап, қорытынды бағасын айтады. Топ мүшесі топ басшысын бағалайды.

Үйге тапсырма:

 

   26-29- беттер. Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданында Жазылбек Қуанышбаев сияқты еңбек адамдары туралы ақпарат іздестір. Үй тапсырмасын күнделікке жазады.
Сабақтың талдауы:

 

Кіріспе бөлімінде сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында сәлемдесіп, психологиялық ахуал «Достығы жарасқан» тренинг өткізілді. Балалар достық, жарастық, бірлік туралы өлеңді айтты.   Белсенді тақтадан «Қара жорға» сергіту жаттығуы жасалды.   Қанағат», «Еңбек», «Қазына» сөздерімен  топқа бөлінді.Үй тапсырмасы балалар   «Серпілген сауал» әдісімен

Бір-біріне доп лақтырып, түрткі сұрақтар беріп, қайта бағыттау  арқылы тексерілді. Оқушылар жоғары және төменгі деңгейдегі сұрақтарды жүйелі қойып, жауап бере білді.

Тұсаукесер бөлімінде « Ой қозғау» әдісі арқылы

Өмірдегі ең қымбат не  екендігі жайлы ойланайық.

-Адамға  жақсы өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар? –деген сұраққа  оқушылар өз ойларын айта білді.  Интербелсенді тақтамен таныстырылым,  ғаламтор желісінің материалдары көрсетіліп, сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушылар анықтады.

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланғаннан соң  оқушылар  мәтінді түсініп оқып, жұпта, топта  және «Өкіл» әдісімен әңгімелеп,

мәтін мазмұны бойынша жуан-жіңішке сұрақтар  беріп, сұрақтарға жауап берді.

Ресурстарды оқып, танысты. Әр топ өзіне берілген тапсырманы топта талдап, постер дайындап, оны қорғады.

Әр топ постер қорғағаннан кейін  ынталандыру мақсатында қолдау көрсетіп,  қолпаштап, «Екі жұлдыз, бір тілек»      арқылы 1-топты 2-топ; 2-топты 3-топ; 3-топты 1-топ     бағалады.

Қорытынды бөлімінде мәтін мазмұны бойынша жуан-жіңішке сұрақтар арқылы сабаққа қорытынды жасалды.

 

«Сұрақтары бар қорап» әдісімен кері байланыс жасалды. Оқушылар, өз сұрақтарын  жазып,  қорапқа  қалдырды. Гаухар: «Жазылбек Қуанышбаевтың отбасы туралы білгім келеді» десе, Дильназ: «Мәтіндегі Хантауы тауы туралы дерек білгісі» келетінін жазды. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады.

Сабақ соңында «Критерий бойынша бағалау» арқылы бағаланды. Барлық жұмыстың бағасын топ басшысы әр мүшенің қатысу деңгейін толық баяндап, қорытынды бағасын қойса, топ мүшелері топ басшысын бағалады.

Сабақ бойынша өзгертулер:

 

Әзірге кедергісі бар балалардың оқшауланып, назардан тыс қалып қоймауын ескеріп, деңгейлік тапсырмалар әзірлеу.

 

«Критерий бойынша бағалау».

Барлық жұмыстың  бағасын топ басшысы әр мүшенің қатысу деңгейін  толық баяндап, қорытынды бағасын айтады. Топ мүшелері топ басшысын бағалайды.

Топ мүшелері

нің аты-жөні

Үй тапсырмасына дайындығы Дереккөздер

табуы

Топтық жұмыста белсенділігі Жаңа материалды меңгеруі Қорытынды
1            
2            
3            
4            
5            
6            

Баллдар суммасы                        Баға

8-10  б.                               «5»———-үздік

5-7    б.                               «4»———-жақсы

2-4    б.                               «3»———-қанағаттандырылған

0-1    б.                               «2»———-қанағаттандырылмаған

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *