Басы » Баяндамалар » ҰБТ- оқушы мен мұғалімнің еңбегін бағалайтын көрсеткіш

ҰБТ- оқушы мен мұғалімнің еңбегін бағалайтын көрсеткіш

ҰБТҰБТ- оқушы мен мұғалімнің еңбегін бағалайтын көрсеткіш

Ұлттық бірыңғай тестілеу дегеніміз – жалпы орта білім беру мекемелерінде оқушылардың орта немесе жоғары білім беру орындарына түсу және бітіру емтихандары біріккен қорытынды аттестациялаудың бір түрі. ҰБТ қатысушылары – үстіміздегі жылы жоғары оқу орындарына түсуге ниетті,  жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестат пен үздік аттестат алуға үміткер өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері. Олар қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ҰБТ  тапсыра алады. Сондай-ақ ағымдағы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобалар жарысында жүлделі орын алған бітіруші түлектер де ҰБТ қатысушысы болып табылады.

2016 жылғы ҰБТ ерекшелігі – биылғы жылы тест тапсырмаларының базасы жаңартылды:

  • логикалық сипаттағы тест тапсырмаларының саны ұлғайды;
  • тестік тапсырмаларға (биология, география, химия, математика, физика) пәндерінің диаграммалары, суреттері, кестелері, сызбалары енгізілді.

ҰБТ сертификатының балдарын аттестат бағасына көшіру межесін жалпы орта білім туралы аттестаттың бұрынғы деңгейде таныстыру үшін ата-аналар мен бітірушілер үшін  мектептерге жадынама жіберілді.

Тестілеуге өтініш 10 наурыздан 25 сәуірге дейін, оқу орны бойынша білім беру ұйымына беріледі. Оқу орны бойынша өтініш қабылдаудан бас тартқан жағдайда, Сізге міндетті түрде ҰБТ өткізу пунктіне өз бетінше өтініш білдіруге болады. ҰБТӨП-те тестілеу 1 маусымнан 15 маусымға дейін өткізіледі. ҰБТ жалпы білім беру  оқу бағдарламасы шеңберінде жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес әзірленген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі. Тест тапсырмаларының саны әр пән бойынша — 25. ҰБТ-ны өткізуге 3,5 (үш жарым) астрономиялық (210 минут) уақыт бөлінеді. ҰБТ-ны қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. Түлектер аудиторияға бір-бірден жіберіледі, сонымен бірге түлектің тұлғасына анықтама, жеке басын куәландыратын құжат, рұқсаттама және рұқсаттама түбіртек негізінде сәйкестендіру жүргізіледі. Дәліз кезекшісі түлектердің бөгде заттарының арнайы бөлінген орында қалдыруын қадағалайды. Түлектер отырғызу парағында нөмірге сай орынға отырады және отырғаннан кейін отырғызу парағына қол қояды, осылайша өз орнына отыруын растайды. ҰБТ басталу жарияланған сәттен бастап, бітірушілерді аудиторияға жіберу тоқтатылады.

ҰБТ жүргізілетін ғимаратта емтихан күндері барлық пайдаланылмайтын аудиториялар, кабинеттер, бөлмелер (әжетханадан басқасы), сондай-ақ түлектердің сыртқы кіру және шығу есіктерінен басқасы, жабылады және мөрленеді. Ғимарат маңындағы аймақтардан санитарлық торапқа дейінгі ғимараттан тыс жерге  бөгде адамдар үшін кіруге шектеу қойылады. ҰБТ өту уақытында аудиторияға тек қана Министрлік өкілі немесе Мемлекеттік Комиссияның Төрағасы (әр қарай — АК) міндетті түрде Министрлік өкілінің еріп жүруімен кіре алады. Түлектерге сөйлесуге, орындарын ауыстыруға, емтихан материалдарымен алмасуға, көшіруге, шпаргалка, оқулықтарды және басқа да әдістемелік әдебиеттерді, калькуляторды, фотоаппаратты, мобильді байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер (iPad. iPod, iPone, SmartPhone), ноутбуктар, плейерлерді дәрісханаға кіргізуге және пайдалануға жол берілмейді. Түлектер тыйым салынған заттарды пайдалану арқылы аудитория ережесін бұзған жағдайда, Министрлік өкілінің шешімімен түлек тесттен қайта тапсыру құқығынсыз аудиториядан шығарылады, оның тест нәтижелерінің күші жойылады. Түлектің тест нәтижелерінің күшін жою және шығару туралы шешім қабылданған жағдайда, ол оқыған білім беру ұйымдарында дәстүрлі емтихан түрінде қорытынды аттестаттауды тапсырады. Бірақ, ол сол жылы ЖОО түсу құқығынан айрылады.

Бірыңғай талаптарды сақтау мен қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын бағалау кезінде даулы мәселелерді шешу мақсатында, тестілеу өткізу кезеңінде ҰБТ қатысушыларының құқығын қорғауға, шағым (апелляция) қарау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі — республикалық апелляциялық комиссия) және әрбір ҰБТӨП апелляциялық комиссия құрылады. Өз қызметтерін орындау мақсатында республикалық апелляциялық комиссия құрамы апелляциялық комиссиялардан ҰБТ ережелерінің сақталуы туралы мәлімет, түлектердің жауап парағының көшірмесін сұратады.

Апелляциялық комиссия тест қатысушыларынан тестілеу тапсырмаларының мазмұны және техникалық ақаулар бойынша өтініштерін қабылдайды және қарастырады, бітірушіге балл қосу туралы республикалық апелляциялық комиссияға ұсыныс енгізеді және оны апелляция қорытындысынан хабардар етеді. Тестілеу қатысушысы апелляцияға берілетін өтінішті жеке өзі барып апелляциялық комиссия төрағасының атына береді.

Тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық ақаулар бойынша өтініштер келесі күні тестілеу нәтижелері жарияланғанға дейін, яғни күндізгі 14.00-ге дейін қабылданады, сондай-ақ апелляциялық комиссиямен бір күн ішінде қаралады. Өтініш берушінің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты, ҰБТ рұқсат қағазы болуы тиіс.

ҰБТ тапсырған түлектерге сертификат, жалпы орта білімі туралы аттестат (әрі қарай — аттестат) беріледі. ҰБТӨП сертификаты ҰБТ тапсырған күннен бастап күнтізбеліктегі үш күн ішінде беріледі. Сертификатта ҰБТ шеңберінде тапсырылған әрбір пән бойынша балдары қойылады.

Аттестат түлектерге ҰБТ тапсырған кезде білім алған білім беру мекемесінде беріледі. Аттестатқа жалпы білім беретін пәндер бойынша ҰБТ шеңберінде тапсырылған, АК шешіміне сәйкес,  ҰБТ алған бағасы қойылады. ҰБТ процедурасына бақылауды күшейтуге және түлектердің білім деңгейін объективті бағалауға жағдай жасау үшін былтырғы жылдан бастап қазірдің өзінде ҰБТ өткізу пункттерінде аудиториялар саны (12 артық емес) қысқартылды, ауылдық аймақтарда ҚР БҒМ өкілдерінің саны ұлғайды, есеп бойынша бір аудиторияға бір министрліктің өкілі кіреді. ҰБТ өткізу пунктін іске қосу кезінде қол металл іздегіш пайдаланылады, әр дәрісханада бейне бақылау камералары және ұялы байланыс сигналдарын жоятын құрал-жабдықтар орнатылады. Бұл шаралар тек ҰБТ процедурасына бақылауды қамтамасыз ету үшін ғана емес, бұл қауіпсіздік мақсатында да қажет, өйткені тестілеу пункттері көпшілік орын алған жер болып саналады.

17-23 шілде өтетін (ТКТ) кешенді тестілеуге өткен жылдары бітірген мектеп және колледж түлектерінің (талапкер) кешенді тестілеуге қатысуға өтініштері 20 маусым мен 9 шілде аралығында қабылданады. ҰБТ және ТКТ нәтижесі бойынша мемлекеттік грантты беру конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау 23-31 шілде аралығында жүргізіледі. Конкурсқа қатысу үшін 50 баллдан кем емес балл, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша- 55 балл, Ұлттық университеттерге түсушілер үшін- кемінде 70 балл, «Білім», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Мал дәрігерлігі» мамандықтары бойынша- кемінде 60 балл, соның ішінде кәсіби пән бойынша- кемінде 7 балл, әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде — 10 балл, ал қалған пәндер бойынша — кемінде 4 балл жинау қажет.

Білім беру грантының иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде) жарияланады.

Қазіргі Қазақстанның жағдайында ҰБТ-дан бас тартуға еш болмайды, тек оны жыл сайын оң бағытта өзгертіп, дамытып отыру қажет. Бәлкім, болашақта халықтың санасы дұрысталып, емтихан жүйесін, эссе жазу әдісін енгізуге мүмкіндік туар, сенейік! Алайда дәл қазір ҰБТ – ең дұрыс жол!

Еркебұлан  ЕСҚАБЫЛОВ    Арқалық қаласы «Ұлттық бірыңғай тестілеу»    №64 филиал жетекшісі,

Батырхан КАРАШИНОВ 

№10 орта мектеп директорының ғылыми-әдістемелік

жұмыстар жөніндегі орынбасары

[bws_related_posts]

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *