Ақмола облысы
Егіндікөл ауданы
Жаңақоныс негізгі мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Утебаева Жанаргүл Серікқызы
Сабақтың тақырыбы: Пингвиндер неге ұша алмайды?
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларға пингвин туралы мәлімет бере отырып, мәтін мазмұнымен таныстыру. Оқушыларды өз ойларына қорытынды жасай білуге дағдыландыру. И, у дыбыстарының жіңішке және жуан айтылу қалпын меңгерту;
- Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін оқу мен жазу мәдениетін дамыту және оқу дағдысын жетілдіру;
- Пингвиннің келбеті ажыратып, суреттеп, оларға қамқорлық жасауға уйрете отырып, дүниетанымын кеңету, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Құралдар: Пингвин суреті, А-4,маркер, қарындаш, интербелсенді тақта, конверттер, оқулық, жануарлар туралы энциклопедия.
Әдіс-тәсілдер: жеке жұмыс, топпен жұмыс.
Оқыту нәтижесі: пингвиндер жайлы тақырыпты меңгереді, қолдана алады, біледі. Орындаған тапсырмаларына қарап салыстыра отыып ойланады. Шығармашылық жұмыс жасайды.
Сілтеме: 1 сынып Ана тілі, Г.И. Уайсова, А.Е.Жумабаева, Г.Ж. Омарова, «Алматыкітап баспасы» 2012 ж
Сабақ кезеңдері |
Уақыт |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру
кезеңі |
3 минут | Амандасу. Оқушыларды сабаққа жұмылдыру. 4 түсті шарлар арқылы топқа бөлу, топ басшыларын сайлау. | Оқушылар сабаққа дайындалады. 4 топқа бөлініп отырады, топ басшысын сайлайды. |
Білу | 3минут | -Пингвин деген не?
-Пингвин неге ұша алмайды? |
«Миға шабуыл» стратегиясы арқылы ойларын ортаға салады. |
Түсіну | 5 минут | 4 топқа 4 конверт беріледі.
Тапсырма: конверттін ішіндегі жұмбақтарды шешіп, алғашқы әріптерінен сөз құрау. «Дыбыс» сөзіне байланысты дыбыстардың түрлерін ажырату. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды бөлек жазу, дауысты дыбыстардың санын табу және жазу. |
Оқушылар конверттегі жұмбақты шешіп, жауабынның басқы әріпіннен дыбыс сөзін тауып, жіңішке және жуан дауыстыларды ажыратып, топтастырып жазады. |
Қолдану | 13 минут | Оқушыларға мәтін беріледі. | 1- деңгей.
Мәтіннен жуан дауысты сөздерді теріп жазу. 2 – деңгей: Мәтінен жіңішке айылған сөздерді теріп жазу. 3-деңгей Пингвинді суретке қарап сипатта. Пингвиндер қайда тіршілік етеді? 4-деңгей: Сурет салу. Пингвин сөзіндегі И дыбысы қалай естілетінің айту. |
Сергіту сәті | 2 минут | Интерактивті тақтадағы бейнежаттығуға қарап, көңілді жаттығу жасатамын. | Сергіту жаттығуын жасайды. |
Талдау | 10 минут | 1. 37 жаттығу
2. Әр оқушыға жеке тапсырма беремін. |
1. Мәтін
2. Карточкадағы сөздерді жуан және жіңішке айтылуы мен жазылуына қарай бөліп жазу. |
Жинақтау | 4 минут | Синквейн әдісі бойынша 5 жолды өлең құрастыру. | Өледерін оқиды. |
Бағалау | 5 минут | Дауысты дыбыстар дегеніміз не, оның түрлері.
Постер жасау. Оқушыларға сөз беремін. Жиынтық баға қоямын. |
Әр топ өз постерін тақтаға іліп қорғайды. Өзіндік бағалау, жұбын бағалау, тобын бағалау, қойылған бағаның себебін айтып түсіндіреді. |