Басы » Бастауыш сыныптар » Сумоншақтан, моншақтан алқа жасау

Сумоншақтан, моншақтан алқа жасау

ләззатОңтүстік Қазақстан облысы

Созақ ауданы

Таукент кенті

І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінің

Бастауыш   cынып мұғалімі

Молдабекова Ләззат Тоқтарбайқызы

Жоғары санатты мұғалім

Сабақтың  тақырыбы:  Сумоншақтан, моншақтан алқа жасау.

Сабақтың  мақсаты: Оқушылардың қол өнер бұйымдарын жасауға қызығушылығын арттыру.

 Білімділігі:       Ұлттық әшекей бұйымдар туралы ,сумоншақтың қолданылуы  туралы білімдерін                             шыңдау.

 Дамытушылығы: Сарамандық  жұмыстар  арқылы  шеберлік қабілеттерін  дамыту

Тәрбиелілігі.:  Ұқыптылыққа ,өз бетінше жұмыс жасауға баулу..

Көрнекі құралдар: Слайд-суреттер, дайын үлгі-бұйымдар.

Оқыту әдістері:   Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау, сын тұрғысынан ойлауын дамыту,жұптық жұмыс.

Қажетті ресурстар:Интерактивті тақта,компьютер,кеспе қағаздар,сумоншақтар, бисер түрлері,стикер.

Күтілетін нәтиже: 1. Өз қабілетін көрсете  білетін оқушы.

2.Қолөнерді игеруде төзімді, нәтижеге қол жеткізетін оқушы.

3.Шығармашылық  қиялы дамыған, әдемілікті-әсемдікті  көре білетін  оқушы.

Сабақтың түрі: Шығармашылық.

Пәнаралық байланыс:Бейнелеу, математика,сызу,әдебиеттік оқу.

 

Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті

 

 

 

І

Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық.

 

1.Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сынып тазалығына мән беру. Зейіндерін сабаққа аудару.

«Алақан жылуы» тренингі

— Сәлемдеседі,,түгелдейді;

 

-Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады;

 

-Оқушылардың назарын сабаққа аударады;

 

 

 

ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады

-Сәлемдеседі,бір-біріне  жылы лебіз айтады;

 

Сәлем,саған, Алтын Күн!

Сәлем саған, ұстазым!

Келешегі халқымның,

Сәлем саған, достарым.!

 

-Кезекші оқушы жауап береді;

 

 

 

 

ІІ

 

1.        Кіріспе.

Қызығушылықты ояту.

 

 

 

 

 

 

2.        Ой қозғау

3.        Үй тапсырмасы Сұрақтар:Бисер неден жасалады,түрлері:

4.        Бисерден не жасауға болады.

 

 

1.        – Слайдта көрсетілген мақал-мәтелдердің жалғасын табу:

2.        Талаппен баста, …………………аяқта.

3.        Өнерді үйрен де…………………………

4.        Бүгінгі ісіңді ……………………………

5.        Өнерлінің қолы………………………..

 

 

2.  Гүл өсірсең терлеп, Мұның аты-еңбек

Кесте тіксең  зерлеп,Мұның аты- еңбек

Қиындықтың бәрін ,Еңбек қана жеңбек.

 

 

Слайд көрсету «Бисерден жасалға бұйымдар»

 

 

Оқушылардың жауаптары

 

 

 

 

Пластмассадан,әйнектен т/б асыл тастардан жасалған ұсақ моншақтарды –«бисер» дейміз

 

Алқа, моншақ, сырға…

 

 

 

ІІІ

 

1.Жаңа сабақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Сарамандық  жұмыс.

 

 

 

 

 

 

      Сумоншақтан ,моншақтан  алқа жасау

 

Қол өнері-халқымыздың асыл қазынасы.

Соның ішінде моншақпен зерлеу, әшекейлеу,алқа-моншақ  бұйымдарын жасау  аса ыждағаттылықты талап ететін өнер.

Сумоншақтың шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей  байланысты.Кейбір деректер бойынша әйнектің отаны  ежелгі Мысыр болған.

Сумоншақ көпшілік қауымға  «бисер» деген атпен белгілі

.Оның атауы арабтың «бусра» немесе «бусер» деген сөзінен шыққан, »жалған маржан» дегенді білдіреді

Қазіргі таңда сумоншақтың ең көп шығатын жері –Жапония,АҚШ,Италия және Үндістан мемлекеттері..

Жіп-моншақты тізуге қажетті материал.

Сумоншақпен жұмысқа синтетикалық жіп

қолданылады.Жіп орнына( леска) қармақ жіптерін қолдануға болады.

Сумоншақтан алқа жасау үшін сумоншақ, жіңішке әрі жұмсақ жез сым қажет.

Жұмыстың реті:

 

1Жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздік ережелерімен танысу;

2.Жобаға байланысты идеялар қарастыру;

3.Берілген эскиз-нобайларды бейнелеу ережелерін меңгерту.

 

Технологиялық карта бойынша жұмыс жасау;

 

 

Слайдтағы суреттерге , алдарына таратып берген үлгіге қарап оқушылар алқа тоқиды.

                                                     

Бисерлерді арнайы ыдыстарға салып қояды

Ұсақ моншақты ауызға салма!

 

Бисерге арналған ине арнайы жастықшаға қадап қойылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар тақырып бойынша ізденіп өздеріне ұнаған алқа түрін жасауға кіріседі.

 

Алқа жасау көрсетілген технологиялық карта арқылы іске асырылады.

 

Жұмыстың орындалуы

 

 

 

Қажетті заттар

 

1

 

Материал дайындау

 

Моншақ, бисер, жіптер

 

2

 

 

Үлгіні дайындау

 

Алқа, моншақ сүреттері

 

3

 

 

Алқа тоқу үшін бисер,моншақтар таңдау

 

Моншақ, бисер, жібек жіп, ине, қайшы

4

 

 

Алқа тоқуды бастау

 

Моншақ, бисер, ине жіп

5

 

 

Жұмысты аяқтау

 

Моншақ, бисер, ине жіп

Жұмыс барысында оқушылардың қарым-қатынасын,еңбек әрекетін бақылау.

 

 

 

 

 

 

 

ІV

 

Сергіту сәті

 

 

 

АКТ би қимылын көрсету.

«Қара жорға» биі

 

Оқушылар би қимылын қайталап орындайды.

 

 

 

V

 

 

Қорытынды:

 

 

 

1.  Интербелсенді  тақтадан өлең жолдары:

 

Шеберлікте шек жоқ,

Жалқаулыққа жол жоқ

 

Зер  өнерін меңгерген

Өңкей  шебер  ұлдармыз

Маржан тізген ерінбей,

Бал бармақты қыздармыз.. (хормен  )

 

2.Сұрак-жауап: -Алқаны кімдер тағады

-Зергерлер алқаны қандай материалдан жасайды

-Әшекей бұйымдардың түрлерін ата.

 

 

Оқушылар дайын болған бұйымдарға сипаттама береді

 

 

Жұмыс орнын жиыстыру

 

 

 

Тексеру

 

Бағалау

 

 

Рефлекция

 

 

 

Үйге тапсырма:

 

 

 

 

 

Оқушылардың  жасаған бұйымдарын тексеріп көру, талдау.

 

Формативті және суммативті бағалау

Стикер тарату.

-Не ұнады.

-Не ұнамады

Ұсыныс -тілек

 

Ұсақ моншақтардан қалауынша алқа жасап келу.

 

 

 

Топбасшы өз тобындағы оқушыларды   бағалаудың әділдігіне , шынайылығына түсінік береді.

 

 

Оқушылар өз ойларын стикерге жазады.

 

 

Күнделікке тапсырманы жазып  алу.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *