Басы » Ғылыми жобалар » Іркіттің жасалу жолдары

Іркіттің жасалу жолдары

Ш. Уалиханов атындағы орта мектебі МДШО мемлекеттік мекемесінің 2 г сынып оқушысы ИМАХАН Еркеназымның «іркіттің жасалу жолы» тақырыбындағы ғылыми жобасы

ІІІ.Кіріспе

Қазақ алқы- қонақжай.Қазақ халқының қонақжайлық дәстүрі шетелде ерте заманнан –ақ аңыз болып тараған.Атам қазақ кімді болса да «Астан  үлкен емессің» деп дастарханға шақырған.Жалпы дастарханымыздың мәдениетінде дастархан тәлім – тәрбиелік қызмет атқарған .Ендеше, ұлтымыздың мақтанышына лайық,дастарханымызға қойылатын тағам атауларын ,әрі осы тағамдарды жасайтын өнімдерді неден алатынымызды және сол тағамдарды сақтауға қолданған ыдыс атауларын келер ұрпақ білуіміз шарт.Қазақтың ұлттық тағамдары өте қуатты және құнды. Ата- бабаларымыз мал шаруашылығымен айналысқандықтан тағамдарымыз да мал өнімдерінен алынады. Бірақ оны қалай жасауын және оған сай ыдыстарды мал терісінен алу , оны қалай сақтаудың сырларын ашқан.Қазіргі кезде қарап отырсаң осының барлығын ойлап, оны іске асыра білген шебер апа-әжелеріміз бен ата- бабаларымызға таң қаламыз.Неткен  тапқырлық!

Ұлттық тағамдарымыздың көбі сүттен жасалынған. Апаларымыз бір тамшы сүтті жерге төкпей «ырыздық кетеді.малдың желіні кетеді» деп қастерлеген.Сүт өнімінен жасалынған әр тағамның өзінің құндылық орны бар. Соның ішіндегі бүгінгі зерттеу жұмысы сиыр сүтінен алынатын қазақтың ұлттық тағамы –іркіт жайлы.
Іркіттің ағзаға пайдасы
Іркіт ағзадан қожды (шлак),артық сұйықтықтарды шығаруға ықпал етеді ,және зиянды бөлінулерді денсаулыққа нұқсансыз жаңқалайды.
-бүйректің жұмысын жақсартып.бауырдың үрдісін қалыпты түрде жұмыс істеуіне ықпал етеді.
-ішектің жақсы қызмет көрметуіне жағдай жасайды,әсіресе диеталарда пайдалы
-ағзадағы артық сұйықтықты шығарады,соған орай қож бен түрлі токсиндердің шығуына әсер етеді
-ревматизмде,гипертонияда көмектеседі,қан айналымын жақсартады және атеросклероздың алдын алып ,оның дамуына жол бермейді.
-ісік үрдістерін қысқартады
-жүйке жүйесіне қалыпты әсер етеді
-теріні тазартады

Сіздерге бірнеше кішкентай айлаларды ұсынамыз:
Имунитетті нығайту үшін таңертең күн сайын бір кесе іркіт ішу керек.Ол
жеңіл іш қуатын (өткізетін)әсері бар ,сондықтан оны үйден тыс түзде жұмыс жоқ уақытта
өзіңіздің мәзірінізге енгізіңіз.
Бет терісін ағартқыңыз келсе,бетіңізді лимон қышқылы араласқан іркітпен жиі сүртіңіз.
Шашыңыз әлді және жылтыр болу үшін іркітпен жуыңыз.
Іркіт лас-кірді жақсы кетіреді және шаштың түсуін болдырмайды.Іркітке түйе жапырақ тамырының қайнатылған суын қосса ,бұдан да тамаша әсер алуға болады.
3 асхана қасығы өлшемімен ірімшік ,3 асхана қасығы өлшемімен іркітті бірге қоссаңыз
мұндай далап бет сепкілін кетіруге көмектеседі.
Күнге күйген теріден қызыл реңді және ауыртпалықты алып тастау үшін ваннаңыздағы
жылы суға 2 литр іркітті құйып,20 минут ванна қабылдайсыз.
Бетіңіздегі іркілдектерден (прыщ)айырылғыңыз келсе, келесі түрде дайындалған іркітті
екі ай бойы ішесіз:
Лимон қышқылын 0,5 литр мөлшеріндегі суықтай іркітке қосыңыз.

Мұның бәрі- іркіттің пайдасы!

Сарысудың пайдасы
Ал іркіттен бөлініп алынған сарысудың да адам пайдасына қосары мол . Мысалы.сіздің қандай да бір малыңыздың ыстығы көтерілсе сарысуды шүберекке малып алып ауырған жануарды орап тастаса ыстығы бірден түседі.Шашыңды сабынмен жумас бұрын сарысуға батырып,одан соң 10 минуттай ұстай тұрған соң сусабынмен жусаңыз, көлемін ұлғайтып және шаштың түбі бекіп.жылтырай түседі.Ал 3 мезгіл бетіңізді сарысумен шайсаңыз әжімденуден арылып , жасара түсесіз.Және де құймаққа (блины) сүтке араластыра қоссаңыз құймағыңызға ерекше дәм береді.Сондықтан сарысуды бетімен ысырап қылдыруға болмайды.
.Қазіргі заманда жастардың көбі осы тағамды, оның денсаулыққа пайдалы екенін білмейді. Өз сыныптастарымнан Іркіт туралы не білітіндерін сұрағанда, біреуі де білмей шықты. Қазақ тілі сабағында сыныптастарымды жобаммен таныстырдым. Оларға іркіттің өте маңызды тағам екенін түсіндіре алдым деп ойлаймын. Өз отбасымды да, құрбыларым да осыған көз жеткізді.
Қорыта айтқанда қазақтың ұлттық тағамы-Іркіт адам денсаулығына қажет.


[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *