Манғыстау облысы
Е.Айшуақұлы атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі:
Ерманова Әлия
1.Сабақтың тақырыбы: Қазақстан
2.Мақсаты: Өлеңді мәнерлеп оқып,мазмұнын түсіну,мәтіндегі негізгі ойды ашу,тәуелсіздік ұғымының мән мағынасын түсіну. Ойлау есте сақтау.шығармашылық қабілетін дамыту,байланыстырып сөйлеуге,сөздік қорын молайту. Отанды,туған жерді,елін сүюге,қастерлеуге баулу.Оқушы бойына ұлттықт,патриоттық сезім қалыптастыруға жетелеу.
3.Көрнекілігі:интерактивті тақта,автор тураоы видео көрініс,трек сызба,сөзжұмбақ карта,тапсырма жазылған бетшелер,Қазақстанның басты қалалары бейнеленген суреттер. 4.Әдіс тәсілдері.сұрақ жауап,көрнекілік,шығармашылық,топтастыру 5.Пәнаралық байланыс:дүниетану,музыка, 6.Сабақтың барысы. Ұйымдастыру Отан деген туған өлкем Отан деген туған жер Отан деген Отан үлкен Қазақстан туған ел.
Оқушыларға Астана, Алматы, Ақтау қалаларының көрікті жерлерінің суреттері таратылып беріледі.Сол суреттер бойынша топтарға бөлінеді.
I.топ.Астана II.топ.Алматы III.топ. Ақтау
Үй тапсырмасын сұрау. I.топ Қ.Рысқұлбеков өмірі II.топ Қайраттың өлеңін оқу III.топ Қайратқа мінездеме беру Қосымша сұрақтар: Тәуелсіздік күні қай күн? Eгемендік сөзінің мағынасын қалай түсінесің? Қазақ халқы қандай қиын кезеңдерді бастан өткерді? Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? Тақырыпты ашу
Сөзжұмбақ шешу.1- Слайд Тәуелсіздік жарияланған ай. Астана қаласының ескі аты.Тудың авторы. Гимннің музыкасын жазған автор.Мемлекеттік тіл. Солтүстіктегі көрші мемлекет. Астананың символы. Қазақтың бас ақыны. Өлкеміздің басты байлығы.
Мәтінді оқып түсіндіру.3-слайд.
Дәптермен жұмыс. Сабақтың тақырыбын жазу .2- слайд Мәтін авторы туралы мәлімет(видео көрініс). Қ.Аманжолов 1911 жылы-Қарағанды облысы .Қарқаралы ауданы Қызыл арай ауылында дүниеге келген. Ата- анасынан жастай жетім қалған.Қасымды ағасы Ахметжан Семей қаласындағы балалар үйіне орналастырады. |
Түртіп алу әдісі арқылы сөздік жұмыс жүргізу
Оқушылар хормен оқу,тізбектей оқу,жекелей оқу.
Мәтінмен жұмыс 3-слайд
I.Топқа:»Бақытты қазақ баласы,өлеңнің қай шумағын атауға болады»
II.Топқа:Ақынның қуанған шаттанған көңілңн білдіретін өлең жолдарын тауып оқу.
III.Топқа: Ақын неге қуанып шаттанады?
Дәптермен жұмыс.4-слайд.
Өлеңде ақын қолданған қандай сөздерді басқа сөздермен тіркестіруге болады.
Сергіту сәті:
Шығармашылық тапсырма:5-слайд
I.Топ. Өлең шумағын аяқта
Керемет биік —————————————————
Кестедей бақша————————————————
Айнадай мөлдір————————————————-
Анамдай ізгі——————————————————
II.Топ.Тәуелсіз ел ұланы қандай болу керек
Қ————————-
А————————
З————————-
А————————
Қ————————-
III.Топ:Отан туған жер тақырыбына мақал айту( Балалардың жауабы)
Әркімнің өз туған жері-Мысыр шаһары 6-слайд
Топтық жұмыс.
Гүл күлтелеріндегі түсті таңдау арқылы сұраққа жауап береді( көк,қызыл,сары) Тәуелсіз қазақ елі бұл уақыттарда қандай тарихи оқиғаларға қол жеткізді? ( 1995 жыл 30 тамыз. 1992 жыл 4 маусым.1991 жыл 1 желтоксан.1993 жыл 15 караша.1998 жыл 10 маусым)
Сабақты қорытындылау.7-слайд
Ақынның бұл өлеңі 1945 жылы жарық көрді.Бұл шығарманы мына жолдармен аяқтаған болатын:
Қазақстан дейтін менің бар елім Жатыр алып жарты дүние әлемін Бұл далада атам қолға ту алған Бұл даланы анам жаспен суарған Бұл далаға жылап келіп уанған Бұл даланы көріп алғаш қуанғам Бұл далада өскен жанда жоқ арман
Бағалау әр топ ұпайларын санайды.
Үйге тапсырма: өлеңді мәнереп оқу,ақын туралы мәліметтерді Қасым ата ағашына түсіру.
[bws_related_posts]