Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Мұрат Мөңкеұлы «Қарасай -Қази» дастаны

Мұрат Мөңкеұлы «Қарасай -Қази» дастаны

Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы
Жылтыр ауылы
Т.Шанов атындағы орта мектеп
Қожабергенова Игілік Рыскелдіқызы

Сабақтың  тақырыбы :Мұрат Мөңкеұлы «Қарасай -Қази» дастаны

Сабақтың мақсаты : а)   Мұрат Мөңкеұлының шығармаларынан  мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы ақынды  жан-жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б)     сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі :                                 Лекция сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі :                    бүктемелер,кітаптар

Пәнаралық байланыс :                    тарих

Сабақтың барысы : 

 а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

                                      б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Мұрат Мөңкеүлы 1843 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылкоға өңірінде туған. Мұрат каршадай кезінен-ақ өлең шығарып, ел аузына ілінеді.

Дау емес, жол окыдым бала жастан,

Өнерім он жасымда судай таскан, —

деп айтуы содан. Жас шағында белгілі Есет шешеннен өнеге алады. Ерекше дарын иесі Мұрат халқының рухани байлы-ғы — жыраулар мен батырлар жырын жатка білген. Сыпыра жырау, Асанкайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, т.б. та-рихи тұлғалардың шығармалары бізге осы Мүраттың айтуы аркылы жеткен. Ол ел тарихын өсерлі де мәнді шығармаға айналдырып, насихаттап өткен. Ақын 1906 жылы кайтыс болған.

Мұрат өмір сұрген уакыт патшалық отаршылдық мейлін-ше дөуірлеп, казак жерінің талауға тұскен, халкыньщ зорлык-зомбылыкка душар болған шағы еді. Патша ұкіметі тарапынан жұргізілген реформалар нәтижесінде ел билеу жүйесіне өзгерістер енгізіліп, халыктык салт-дөстүрлердің коғамдык-әлеуметтік тамырына балта шабылды. Міне, осы түста Мұрат сынды дарабоз акындар хальщтың басына тұскен ауырт-палыкты жырға қосты. Мұрат мұрасын зерттеген Бауыр-жан Омарұлы бьшай дейді: «Мұрат Мөңкеүлы «Үш киян”, «Сарыарка”, «Өттең, бір капы дүние-ай!” сиякты толғау-дас-тандарында казак жерін отарлаушыларды батыл әшкерелеп, озбыр саясатка каймьпшай карсы түрды”.

«Зар заман” дөуірі поэзиясының биік шоктығы болып табылатын «Үш қиян” атты толғауында Мұрат:

Кділді таргьш алғаны —

Етекке колды салғаны.

Жайьщты тартып алғаны —

Жағаға колды салғаны.

Ойылды тартып алғаны —

Ойдағысы болтаны… —

деп күйінсе, «Сарыарқада”:

 

«Үш қиян” толғау-дастанында акын «Үш киян” деп — үш өзен салаларын айтады. Олар: Батые Қазакстан өлкесі, Атырау аңғары, Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз өзендерінің айна-ласы. Олардьщ отаршылдардьщ кольшда кеткені, елдің өрісі-нен айырылып торыққаны жырланады. Соның салдарынан «заман” бүзылды: акшалыньщ күні туды, пара-пөле көбейді, арамзалар болыс болып, ел биледі, ағайындьщ пен татулыкка жік түсті, ел ішін жылпостар жайлады, дөулеттіден бак тайды деп күңіренеді:

Заманы қайтіп түзелсін, Акшасына сүйеніп,

Қоңсыдан туған би болды… Айткан сөзі пүл болды,

Акылеыздьщ баласы Заманың мүндай сүм болды.

Заманның болашагы — жастар. Акын сол жастарды заман бүза ма деп те кауіп ойлайды.

Ак борыктай иілген, Ащы суға тойдырып,

Кейінгі туған баланың Бүза ма деп іреңін.

Үстай ма деп білегін, Адыра калғьф заманньщ

Шая ма деп жүрегін… Мен жаратпаймьш сүреңін.

 

 

Бүлардан баска Мүрат акынның мүраларында «Қазту-ган”, «Шөлгез”, «Қарасай—Қази” жырлары, айтыстары, арнау өлеңдері, бірнеше толғау-термелері бар. «Қазтуған”, «Қарасай—Қази”, «Шөлгез” жырларында ноғайлы жүрты-ның аңыздарын баян етеді.

”Қазтуған” толғауының басты кейіпкері — XV ғасырда өмір сүрген, өрі батыр, өрі шешен жырау, Еділ мен Жайык алкабын жайлаған Сүйінішүлы Қазтуған. Окиға Қазтуған аузымен монолог ретінде баяндалады.

Елдің Еділ-Жайык аралығындағы шүрайлы жерлерінен айырылған күнін толғайды:

Еділді алса, елді алар,

Енді алмаған нең калар,

Жайықты алса, жанды алар,

Жанды алған соң нең қалар?..

«Қарасай — Қази” жыры — Мүрат шығармаларының ең көлемдісі, оны нағыз эпостык поэма деуге болады. Жырдың сюжеті — тартымды, ширак, жинакы күрылған. Ноғай-ка-зактың батыры Орак екіжүзді, күншіл ағайындардьщ арамза істерінен капияда каза табады. Жырда батырдың казасы ел-жүртына ауыр тигені — оның досы Акмырзаның, шешесі Көрібоздьщ, кария Қараүлектің жоктаулары арқылы үлкен психологиялык тебіреніспен беріледі. Әкеден айырылып жетім калган екі жас Қарасай мен Қази толғаныстары сай-сүйекті сыркыратады.

Жырдағы бөлекше эсер калдыратын бейне — Қарасай мен Қазидың анасы. Ол — кос батыр ұлан өсірген асыл ана, мейірімді де адал жар. Батырлар жырындағыдай «көркіне акылы сай” әйел деп суреттелмейді, оның аяғы аксақ, көзі сокыр. Жырда бүл кемдікке саналмайды. Орактьщ сүйкімді жары ерін қалай сүйсе, елін де солай адал сүйеді. Ол батырға сай — жар, әрі ана ретінде көрінеді:

…Қарсыласқан дүшпанды Қабыландай соғып жер еді.

Маңдайы күндей балқыған,

Көзі судай толқыган,

Иісі запьфандай аңқыған,

Бір патшадай неме еді,

Өтіп кетті демесең,

Қай батырдан кем еді?.. —

деп, жары Орак батырды аса жоғары бағалайды.

Орак батырдың қаза болғанын пайдаланып, елге жау шабады. Бүл кезде Қарасай — 17-де, Қази — 15-те. Жауға аттанған колдың оны тойтара алмайтынына көзі жеткен Орактың өйелі баласы Қарасайды шакырып алып, жауға карсы аттануға кайрайды.

…Атаңатартыптумадың, Аюдын етін жегіздің,

Беліңе садақ бумадьщ, Жолбарыстьщ сүтін ішкіздің.

Не болды саған, балдарым?.. Белден карға аунаттың,

Айналайьш Қарасай! Сегіз жылан жеп едім,

Мен саған жерік болғанда, Сөйтіп туған сен едің…

Қарасай мен Қази жас та болса жауға аттанады. Алдын-да кеткен қол жаудан жасқанып кейін кайтканда, кос батыр дүшпанмен шайкасқа кіреді. Жасанған жауға екеуі бірге шауып, ақыры жеңеді. Жыр окиғасы осылайша сан мың калмақтың әскерін кырып, кос батырдың елге аман-есен оралуымен аякталады.

Жырдың тілі өсерлі, көркем суреттерге бай. Қарасайдың майданға кірердегі інісі Қазиға айткан сөздеріндегі мета-форалар жанашырлық сезімді оятып, жан толқытады:

Айналайын Қазижан,

Асландағы жұлдызым,

Маңдайдағы құндызым,

Артыңда енді кім калды,

Айналайьш жалғызым?

Мұрат Мөңкеүлының өзіндік ерекшелігі — заманның бүзылуы себептеріне терендей үңіліп, өзінше шешім табуы. Мүны М.Әуезовтің сөзімен айтсак: «Бүл да азган заманның белгісін айтьш келіп, заман неден бүзылғанына шешу айтады. Шешуі: заманды бүзган казактьщ өз кауымы”. Акын когам-дагы келеңсіз қүбылыстардың бөрі адамның өз колымен жасальш жатқан кесапат екендігіне тоқталады:

Бөйіт еттім бүл сөзді Ай орнынан туады,

Қайғы шегіп заманнан. Күн орнынан шығады, —

Заман азьш не қылсын: Бүның бөрі адамнан.

Мүрат өз шыгармаларында ел мүддесін алдыңгы орынта шыгара жырлайды.

 

 

Кітаппен жұмыс:         Мұрат Мөңкеұлының  өлеңдерін       мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.

 

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

 Білімді бағалау:    Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:          Мұрат Мөңкеұлының       өмірі мен шығармаларын оқып келу.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *