К.Ж. Камбарова
№14 орта мектеп-гимназиясының бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Талдықорған қаласы
Сабақтың тақырыбы: Қағаз пластикасынан композиция құрау.
Сабақтың мақсаты: 1. Қағаз пластикасын қолдана отырып, геометриялық денелерден фигуралар құрау.
Сабақтың міндеттері: 1. Түрлі фигураларды қолдана отырып құрау.
- Оқушылардың шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын дамыту.
- Көркемдікке, әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың көркемдігілі:
әр түрлі қағаз пластикадан жасалған жұмыстар.
Сабақтың түрі: топпен жұмыс
Сабақтың әдісі: практикалық жұмыс
Сабақтың құрал-жабдықтары: формат, түрлі-түсті қағаз, клей, қайшы,
сызғыш т.б.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру.
IІ. Сабаққа дайындық.Оқу құралдарын әзірлеу.
IIІ. Жаңа сабақ.
Кіріспе. Мұғалім:
— Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қағаз пластикасынан композиция құрау». Қағаз пластика дегеніміз қағаздан жолақтарын сызып 10 мм қиып алып, мынандай түрлі композиция құрауға болады екен. — Композиция дегеніміз не?
- Көркем шығарма бөліктерінің орналасуы және олардың бірлігі композиция деп аталады.
- Суретшілер сурет салу барысында композицияның көмегі арқылы өздерінің ойлары мен сезімін білдіріп, өмір шындығы мен қиялын көрсете алады.
- Композиция суретшінің ойына байланысты заттың қозғалыстағы немесе бір қалыпты қозғалыссыз түрған қалпын көрсетуге жол ашады.
- Сурет мазмұнын ашу, пішінді нақты табу, шығарма көлемін табу т.б. шешімдерді дұрыс беру композициялық құрылым элементтеріне байланысты. ІҮ . Практикалық жұмыс. Қазір біз үш топқа бөлініп жұмыс жасауға кірісейік. Осындай түрлерді үш топқа: 1.Көгершіндер 2.Қарлығаштар 3.Тырналар Осындай желімдеу тәсілімен орындау. Ү.Жұмыстарын қорғау. Қөгершін. 1.Ерте заманда Құранда жазылған екен, Жердің бәрін топан су қаптапты. Пайғамбар кемеде келе жатқан екен. Сол кезде Пайғамбар көгершінді ұшырыпты. Біраз уақыттан кейін көгершін аузына бір тал шөпті тістеп Пайғамбарға оралып, қайтып келіпті. Бұны көрген Пайғамбар жақын жерде жер бар екенін сезіпті. Содан адамдар аман- есен қалыпты. Содан бастап көгершін адамның досы болған екен делінген. Оның адамға дос болғаны соншалықты, ертеде хат тасушы болған екен деседі. — Көгершін ненің белгісі? — Бейбітшілік пен достықтың. — Өте дұрыс. 2.-Қарлығаштың құйрығы неге айыр, балалар? — Қарлығаш ненің белгісі ? –Қамқорлықтың. Ол ұясын адамдарға жақын салады. 3. 1945 жылы Ұлы Отан соғысы кезінде Хиросима, Ногосакиде Жапонияға АҚШ елдері ядролық бомба тастады. Содан зардап шеккен көп адамдар қаза тапты, неше түрлі ауруларға шалдықты.Сол кезде рак аурына шалдыққан қызды ешбір дәрігер емдей алмаған екен. Жапонияда мынандай сенім бар.Егер көп қағаздан тырнаның мүсінін жасаса, қыз емделеді деген.Мектебіндегі барлық оқушылар қағаздан тырнаның оригамиясын жасапты. Қыз қатты ауырып жатса да, ауырғанын сездірмеуге тырысыпты. Жанына қатты батса да көрсетпей, жазыламын деген сенімде болыпты. Өкінішке орай бұндай аурудан ешкім емделмеген. Бірақ осы кезден бастап тырна Жапония елінде төзімділіктің, ерліктің белгісі болып қалған екен. Қағаздан жасалынған мүсінді Жапонияда оригами деп атайды. ҮІ. Сабақты қорытындылау. Әр бір құстың ерекше белгісі болады. Қарлығаш- қамқорлықтың, көгершін- бейбітшіліктің, достықтың белгісі. Тырна- төзімділіктің, ерліктің белгісі. Әр бір адамның жан дүниесінде қамқорлыққа, төзімділікке, ерлікке орын болу керек. Егер осы белгілер біздің бойымызда болса біз адамдарға тек қана жақсылық жасай аламыз, ал жақсылық жасасақ бұл дүниеде жамандыққа ( жаман істерге, жаман қылықтарға)орын қалмайды. -Қандай нәрсе жасап үйрендік? –Қандай құстардың қандай белгілерін білдіндер? –Оригами деген не? YIІ. Бағалау. YIIІ.Үй тапсырмасы: Өздерің ұнатқан жануарлардың , құстардың қағаздан мүсіндерін жасап келу. Басқа құстардың, жануарлардың қандай белгі білдіретінін біліп келу.
- [bws_related_posts]