Батыс Қазақстан облысы
Зеленов ауданы, Асан ауылы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Галиева Ақсұлу Айтқалиқызы
8 — сынып әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: М.Жұмабаетың өмірі, шығармашылығымен таныстыра отырып, Түркістан қаласы туралы өзіндік пікірлерін қалыптастыру, өзіндік ойлауы, көзқарасы қалыптасқан оқырман дайындау.
Дамытушылық: Түрлі тәсілдер арқылы балалардың байқағыштық, тапқырлық, сөз астарын түсіну, өз ойын ауызша жүйелі айту қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанына, халқына деген сүйіспеншілігін және елжандылық пен ұлтжандылық сезімдерін тереңдету.
Көрнекіліктер: М.Жұмабаевтың портреті, жылжымалы тақта, кубик, күйсандық, үнтаспа.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың тәсілдері: Топтық жұмыс, проблемалық жағдаят туғызу, дамыта оқыту элементтерін пайдалану, сұрақ – жауап, әдеби пікірталас.
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: А) Оқушылармен амандасу
Ә) Оқушыларды түгендеу
І. Қызығушылығын ояту.
Ой қозғау. Алдымен үнтаспадан Р.Рымбаевнаның «Түркістан» өлеңі жіберіледі. Тыңдап болғаннан кейін: — Ал енді, балалар, оы өлеңді тыңдаған кезде көз алдарыңа не елестеттіңдер. Сол елестеткен нәрселеріңді дәптерлеріңе жаза қойыңдар.
Оқушылар жазады. Олар жазып болғаннан кейін, олардың айтқандарын плакатқа жазып тұрамын.
- Ендеше, балалар, бұл өлең не туралы екен?
- Түркістан қаласы туралы.
- Дұрыс-ақ, балалар, ендеше біздің бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: М.Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі. Дәптерлеріңізді ашып, бүгінгі күннің жадын, сабақтың тақырыбын жазайық.
ІІ. Мағынаны тану. Кубийзм. 1) Мағжанның өмірі
2) М. Әуезовтың Мағжан туралы пікірі
3) Мағжанның өлеңдері
Түртіп алу. – Енді ақынның «Түркістан» өлеңін оқып шығайық. (Оқушылар өлеңді оқып, әрі өздеріне түсініксіз сөздерге белгі салып отырады)
ІІІ. Толғаныс. Сэнкуйн. «Түркістан» сөзіне
Үйге тапсырма. М.Жұмабаетың «Түркістан» өлеңінен қалаған шумақтарын жаттап келу
Бағалау.
[bws_related_posts]