Басы » Баяндамалар » Жеке тұлғаның шығармашылық жетілуін дамыту

Жеке тұлғаның шығармашылық жетілуін дамыту

зауреш «Жеке тұлғаның  шығармашылық жетілуін дамыту»      

Зауреш Мырзагалиева Нурыновна 

Маңғыстау облысы,Бейнеу ауданы

«Манашы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің

  І деңгей, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 «Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» деп Т.Фуляр айтқандай бала бойындағы дарындылық,ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу – бүгінгі заманның талабы.(www.cpm.kz)

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстанның болашағы — дарынды балалар қолында» деп бекер айтпаған. Елбасының көреген саясатының арқасында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың ортасынан лайықты өз орынын таба білді. Президентіміздің «Біз таяу уақытта дамыған 50 елдің қатарына жетуіміз керек» деген мақсатына еліміз  қол жеткізді. Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде Кеңес үкіметі заманында даярланған кадрлардың орнын заманауи техниканы меңгерген білімді мамандар басты. Бүгінде барлық салалар жоғары қарқынмен даму үстінде. Ал күн сайын өзгеріп отырған технология, нанотехнология, молекулярлық биология, ғылым салаларына ілесіп отыру үшін білім саласындағы мамандарға үлкен ізденіс керек. Адам құндылығын дамыту арқылы әлем елдері ғылым мен білімге аса көңіл бөліп, білімді де білікті маман даярлау ісіне зор мән беруде.

Оқушыны шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау-өте күрделі үрдіс. Оқушының шығармашылық мүмкіндігі оның жеке тұлға ретінде қалыптасу үрдісінде пайда болады. Сондықтан да оқушының шығармашылық әрекеті өнімді әрекетпен ұштасып жатуы тиіс.
Алдыменен мұғалім түрлі стратегияларды қолдануға қабілетті болуы керек. Ол үшін өз бетімен ізденулері, бір-бірімен білім алысуы арқылы қабілеттерін шыңдауы қажет. Оқушылардың дамуын жақсарту үшін мұғалім оқыту үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесіне енгізе білуі тиіс. Мен  мектепті дамыту жоспарының басымдығын «Сыни тұрғысынан ойлауды дамытуда Блум таксономиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру » деп алдым. Өйткені, мұғалім оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын туғызу арқылы өзі де дамиды және танымдық қабілеттерін арттыру арқылы шығармашылық деңгейге жеткізеді .

Мақсаты: Оқыту үрдісінде және бағалауда Блум таксономиясын қолдану арқылы  оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау, ой жүгірту, тұжырым жасау, проблеманы шешу және рефлексивтік тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау жағдайында танымдық қабілеттерін дамыту. Менің таңдаған тақырыбым  Халықаралық бағдарламаның негізінде іске асатындықтан оқыту мен оқу үрдісінде маңызды орны бар деп есептеймін.

«Қойылған мәселелер оқушылар үшін мәнді болу керек, ол оқушылар қызығушылығынан туған жағдайда ғана мүмкін» (Дж.Дьюи,2000)

Күтілетін нәтижем: Сыни тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың белсенділігі, өзіндік сана — сезімі мен пайымы дамиды; мұғалімнің кәсіби білімі артады. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытудағы маңызды әдіс және оның деңгейлері негізінде балаға терең білім беріледі, жеті модульде қамтылады, әрі оқушыны бағалауда мұғалім олардың деңгейін таниды, шынайы бағалау болады. Блум таксономиясының құрылымы танымдық үрдістің бір деңгейінен екінші деңгейіне, яғни қарапайымнан күрделігі біртіндеп өтеді деп саналады. Сыныпта осындай сұрақтар қою арқылы оқушылар үйреніп қана қоймайды, сондай орта қалыптастырады. Оқушылар шығармашылық деңгейге қөтеріледі.

Блум таксономиясы — жеке тұлғаға бағытталған шығармашылығын дамытушы және білімді толық меңгертудің әдісі болып табылады.

Қазіргі кездегі білім беру сапасы оқушылардың түрлі қызметтер саласындағы негізгі құзыреттілік түріндегі білім беру нәтижелерінің жетістіктерімен түсіндіріліп отыр. Оқу әрекетін ұйымдастыруда жеке тұлғаның өзін-өзі таныту тетіктерін, ғылыми ойлау әдістерін, зерттеу мәдениетінің негіздерін игеруді, кәсіби мақсаттарын қалыптастыруды қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі таңда педагогтің міндеті оқушыларды  білім мөлшерімен жабдықтау емес,  білімді өз бетімен  алу үшін жағдай жасау болып табылады. Осыған орай,  әдебиет пәнінің оқытылу сапасын  жақсарту, оқыту әдістемесін ғылыми зерттеу нысанына ала отырып, соны ізденістер жасау, оны тікелей іс-тәжірибе арқылы дәлелдеуге қол жеткізу кезек күттірмейтін  маңызды мәселеге айналуда. Әдебиеттен білім беру көркем әдеби мәтінді ой көзімен түсіне оқып, жан-жақты талдау жасаумен ерекшеленеді. Осыған орай, тілдік қатынастың дамуына  алғы шарт тудырудың басты факторы оқушыға  тілдік орта  жасау болса, сол тілдік орта оқу мәтіндерінің  коммуникативтік, ой дамытушылық, шығармашылық, зерттеушілік сипаттарымен айқындалуы  оқу тапсырмаларында  жан-жақты қарастырылуы қажет. Тұлғаның рухани-адамгершілік  тәрбиеленуі бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр.  Оқушының адамзаттық құндылықтарды игеруі үш тілді соның ішінде ана тілі және туған әдебиетіміздің рухани байлықтарын түйсінуі арқылы бойына сіңірілмек.  Ол үшін сабақта әр оқушының өзінің интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерінің шыңына жету мүмкіндігін қамтамасыз ететін, құзыреттілігін қалыптастыратын оқу тапсырмаларын  әзірлеу қажеттігі  туындайды.  Осыған орай, заманауи талаптарға сай Еуропалық біліктілік жүйесіндегі «үш тұғырлы тілде сөйлесе алу»  құзыреттілігіне негізделген  оқу  тапсырмаларын әзірлеудің әдіс-амалдарын  қарастыру көзделеді.

Оқушыны шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау-өте күрделі үрдіс. Оқушының шығармашылық мүмкіндігі оның жеке тұлға ретінде қалыптасу үрдісінде пайда болады. Сондықтан да оқушының шығармашылық әрекеті өнімді әрекетпен ұштасып жатуы тиіс.
Алдыменен мұғалім түрлі стратегияларды қолдануға қабілетті болуы керек. Ол үшін өз бетімен ізденулері, бір-бірімен білім алысуы арқылы қабілеттерін шыңдауы қажет. Оқушылардың дамуын жақсарту үшін мұғалім оқыту үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесіне енгізе білуі тиіс. Мен  өз сабағымда оқушыларды  дамыту жоспарының басымдығын «Сыни тұрғысынан ойлауды дамытуда Блум таксономиясын қолдану арқылы оқушылардың  сөйлеу қабілеттерін арттыру » деп алдым. Өйткені, мұғалім оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын туғызу арқылы өзі де дамиды және   өз бетімен сөйлем құрап сөйлеу қабілеттерін арттыру арқылы шығармашылық деңгейге жеткізеді .

Сыни тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың белсенділігі, өзіндік сана — сезімі мен пайымы дамиды; мұғалімнің кәсіби білімі артады. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытудағы маңызды әдіс және оның деңгейлері негізінде балаға терең білім беріледі, жеті модульде қамтылады, әрі оқушыны бағалауда мұғалім олардың деңгейін таниды, шынайы бағалау болады. Блум таксономиясының құрылымы танымдық үрдістің бір деңгейінен екінші деңгейіне, яғни қарапайымнан күрделігі біртіндеп өтеді деп саналады. Сыныпта осындай сұрақтар қою арқылы оқушылар үйреніп қана қоймайды, сондай орта қалыптастырады. Оқушылар шығармашылық деңгейге қөтеріледі.

Блум таксономиясы — жеке тұлғаға бағытталған шығармашылығын дамытушы және білімді толық меңгертудің әдісі болып табылады.             Мен сабақтарымда Блум жүйесін қолдануды және бағалауды қолға алдым. Сізге бір сабағымның үлгісін көрсетіп, Блум таксономиясын тек жаратылыстану бағытындағы сабақтарда емес, гумманитарлықбағыттада тиімді қолдануға болатынын айтқым келеді.Блум таксономиясының идеяларына негізделіп жоспарланған «Сөз тіркесі» тақырыбындағы сабағымда

Білу: «Миға шабуыл» әдісі

1.Тапсырма:  слайдта көрсетілген сөз тіркестері арқылы тақырыпқа шығу.

1.Сөз тіркесі туралы не білеміз?

  1. Қай грамматика түрі сөз тіркесті зерттейді?
  2. Синтаксис басқа нені зерттейді?

Түсіну: «Ой қозғау» сатысы 2 — тапсырма:

1.Сөз тіркесінің сөйлем құрудағы орны

  1. Байланыс түрлерінің айырмашылығы

Қолдану: 3 — тапсырма: «Конструктор»

Талдау: 4 — тапсырма: «Салыстыру және ассосациялау»

1.Сөз тіркесі байланысу түрлерін салыстыру

  1. «Сөз тіркесі» сөзін ассосациялау.

Жинақтау: 5 – тапсырма: Эссе жазуды қолдандым.

Қорыта келгенде, О.Бальзактың “Ұдайы еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Әрине, атқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн..

 

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық

2.Выготский Л.СУЧЕНИЕ ОБ ЭМОЦИЯХ;

  1. Білімдегі жаңалықтар. Ақпаратты-әдістемелік журнал;
  2. Шағыр Қ. Әрбір ұстазға берері мол //Тәрбие құралы. – 2005. — №5
  3. Тараз Ә. Ұстаздар – асыл тұлғалар: //Алматы ақшамы. – 1997.
  4. Общая и профессиональная педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических вузов. Под ред. В.Д. Симоненко. Москва. 2005

 

Аңдатпа: Баяндамада қазіргі білім беру жүйесінде мұғалімнің орны, деңгейі қандай болу керектігі айтылған. Білім сапасы айтарлықтай нәтижеге жету үшін сын тұрғысынан ойлау, соның ішінде Блум таксономиясының ерекше орны туралы баяндалған. Блум таксономиясын сабақта қолдану тиімділігі көрсетілген.

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *