Басы » Cыныптан тыс » Қазақтың Қадыры

Қазақтың Қадыры

кадырГалиева Ақсұлу Айтқалиқызы

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Батыс Қазақстан облысы

Зеленов ауданы, Асан ЖОББ мектебі

«Қазақтың Қадыры»

Мақсаты: Оқушыларға қазақтың қадірлі ақындарының бірі әрі бірегейі Қадыр  Мырза Әлі туралы мәлімет беру. Талантты жерлес ақынмыздың шығармаларын жас ұрпаққа дәріптеу. Оқушыларды мәнерлеп оқуға, сөз асылын түсіне білуге, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу, ұлттық асыл қасиеттері мен құндылықтарын бойына сіңіру.

 

жүргізуші:

Қайтесің, дос, тамағыңды құр кенеп!

Қиналғанда,

Жолдас емес,

Жыр керек.

Сөздің бәрі құдіретті,

Әйтсе де

Ел деген бар,

Оның орны бір бөлек!

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Талантты жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлиге арнаған «Қазақтың Қадыры» атты мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер!

Алдымен, сөз кезегін  қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндері бірлестігінің жетекшісі, жоғары санатты қазақ тілі пәні мұғалімі Шарипова Сән Ғазизқызына береміз.

 

жүргізуші:

Ақын атамыз 1935жылы 5 қаңтарда Орал облысының  киелі Жымпиты топырағында дүниеге келген. Бүгінгі күні тірі болса 80 жасқа толып, бүкіл қазақ халқы мерейлі туған күнін қуанышпен тойлаушы еді.

Ол Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік және Тарлан сыйлықтарының иегері.

Бәрін тез-тез болады деп кім күткен,

Күндер өткен жұлдыз жауҺар түндіктен

Мырзалының

Үміт артқан өлгенше

Үш ұлынан жалғыз еркек кіндік мен.

Жұлдыз демейін —

Түсінеді жөнді ұққан.

Жалғыз едім мен бір ірі сондықтан.

Жалғыз едім өспей қойған атадан,

Жоғалуға қақым жоқ-ты сондықтан!

Ағайын жоқ ертелі – кеш аңдыздар.

Бар аздаған ойнамайтын балдыздар.

Бар аздаған жолдастарым

Достарым

Олар да сол: Мен секілді жалғыздар, — деп өзінің кіндіктен жалғыз екенін айтады.

Бәріміз бір сәт экранға назар аударайық.

(видео көрсетіледі)

Жүргізуші: 2014-2015 оқу жылында өтілген «Қадыр оқулары» байқауының облыстық кезеңінде ақын атамыздың 100 өлеңін жатқа оқып, Жымпиты ауданы әкімінің арнайы сыйлығына ие болған 11-сынып оқушысы Галиева Венераны «Бәрі де ана бір өзіңнен басталды» өлеңімен ортаға шақырамыз.

 

Жүргізуші:

Сайысымызды бастамас бұрын ең алдымен әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  1. Тәрбие ісінің меңгерушісі Менеева Жанна Мұратқызы
  2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шарипова Сән Ғазизқызы
  3. Тәлімгер Самыкова Айнагүл Тимурқызы

Сонымен ақын өлеңдерін жатқа оқу сайысын бастаймыз.

Ортаға 5-сынып оқушыларын шақырамыз.

  1. Сатова Сымбат
  2. Газезова Гүлсезім
  3. Берік Аманбек
  4. Нұрсұлтан Ернар
  5. Марал Рассул
  6. Маратова Лейла
  7. Ибрашева Динара
  8. Құмарғали Дильназ

 

Жүргізуші: Ақынның әр өлеңін оқыған сайын қанаттанасың, рухтанасың, жігерленесің. Бірде бала, бірде дана боласың, сүйсінесің, тамсанасың, күй тартқандай боласың, халқымызды бүкіл болмысы көз алдыңа келеді. Қысқасы, басыңнан бақайшағыңа дейін ұлттық асыл қасиеттерімен, құндылықтарымен қаруланасың.

Жайлаудың болар желіміз.

Төсегің болар төріміз.

Білгіңіз келсе қазақты

Қонағы болып көріңіз.

Төгілген қан мен теріміз.

Туыстық бізде еріміз

Білгіңіз келсе қазақты

Тегіне тиіп көріңіз.

 

Ортаға  6-сынып оқушыларын шақырамыз:

  1. Пазилова Дильназ
  2. Маратов Ерасыл
  3. Мендешев Диас
  4. Талап Қарақат
  5. Болат Ислам
  6. Мұратова Нэля
  7. Утинов Амир
  8. Ибрашев Алмаз
  9. Айғалиева Аяжан
  10. Амангелдиев Асланбек

 

Жүргізуші: Қазақ поэзиясына осы ғасырдың орта тұсынан өте бере келіп, соңғы отыз жылда тек қана өзіне тән өзгеше мазмұнын ашқан, тек қана өзіне тән өзгеше пішінін тапқан шын мәніндегі шынайы талант екеу болса – бірі, біреу болса – өзі – Қадыр Мырза Әлі. Қадыр музасының қайталанбас өз үні, машығы мен мәнері, айшығы мен өрнегі бар; Қадыр лирасының сыңғыры бөлек, сыры терең…

 

Ортаға 7-сынып оқушыларын шақырамыз:

  1. Мұқанов Батухан
  2. Зейнетденов Наурызбек
  3. Құмарғали Назерке
  4. Ғалымов Абзал
  5. Жаулы Нұрсұлу
  6. Берік Заманбек
  7. Ережепова Дильназ
  8. Хасенова Айгерім

 

Сонымен, сайысымыз аяқталды, сайыскерлеріміздің  әділ бағасын есептеп болғанша  мен өзімнің Қадыр атамымызға арнап шығарған өлең жолдарын оқып берейін.

 

«Қадыр Мырза Әлидей қадау талантқа ғана айтылар бағаның салмағын ешбір сөзбен жеткізе алмайсың… Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі. Мұндай даусыз даңқ, танымалдықтың сыры – Қадыр талантының қарапайымдылығында».

 

Қадыр елі, Қадыр жері – Қадыр жырларын ешқашан ұмытпаймыз.

 

Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.

(Қазылар алқасы сөз сөйлейді)

 

Уақыт-ай,

Өтініш те, наз да менен —

Қалаймын өзгергенін аздап әлем.

Ақынсың:

Күнге нұрмен,

Көкке бұлтпен,

Жапанға жаңбырменен жазған өлең.

 

Ендеше, өзі айтқан күн нұрсыз, көк бұлтсыз, жапан жаңбырсыз болуы мүмкін емес десек, төл әдебиетіміздің, қазақ поэзиясының Қадыр Мырза Әлисіз болуы да мүмкін емес. Өйткені ол – адамзат ойшылдары қатарында саналатын алып тұлға, жыр әлемінде суырылып алға шыққан дарабоз ұлы ақын!

Сондықтан да Қадырдың өлең жолдарын кітап оқитын қазақ жатқа айтады. Жадында ұстайды. Қадыр атамыздың жырлары елімізбен бірге жасай берсін дей отырып, халқымыздың әнұранына айналып кеткен сүйікті әніміз «Атамекенді» бәріміз бірге айтып, байқауымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер.


[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *