Басы » ОМЖ/ҚМЖ » Қазақ тілі, әдебиеті » Лексикадан өткенді қайталау

Лексикадан өткенді қайталау

Шығыс Қазақстан облысы
Зайсан ауданы
КММ»Абай атындағы орта мектеп»
Қазақ тілі , әдебиеті пәні мұғалімі:
Закариянова Гулдар Нурлыбековна
Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, меңгерген білімдерді ұмытып қалуға жол бермеу, білімді жетілдірудегі негізгі заңдылықтарды есте берік қалдыру, білімдегі олқылықтарды жою.
ә) Дамытушылық: Сөз байлығын дамыту, сөздік қорын байыту, күрделендіру, ойлау қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелік: Білімге құштарлыққа тәрбиелеу, тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре отырып құбылтып, оларды мейлінше дұрыс қолданып, дәл түсінуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, қайталау, тіл дамыту.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың типі: Білімді қорыту және жүйелеу.

Сабақтың көрнекілігі: күнтізбе, плакат, түрлі кеспелер,

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) Оқушылардың түгелдеу
ә) Оқу құралдарын тексеру
б) Сабақ жабдықтарын орналастыру
— Оқушылар, біз бүгін сабағымызда лексика тарауын қайталай отырып, тіл ұстарту жұмысымен айналысамыз.
ІІ. Негізгі бөлім.
І. Қызығушылықтарын ояту.
Балалар, қазір біз сөзжұмбақ шешеміз, жасырынған сөз қандай сөз екен?
— Сөзжұмбақтағы сөздердің басқы дыбыстарына көңіл аударыңдаршы қандай сөз шықты?
— Лексика.
— Лексика легенді қалай түсінесіңдер? Ойларыңа не келеді? Өткен сабақты еске түсіріп, лексикаға анықтама берейік. Топтастыру.
— Қазір, балалар, онда біз осы лексика саласын қайталау үшін топқа бөлініп алайық.
— Кім қай жыл мезгілін жақсы көреді?
— Топқа бөліну, ат қою, топ ережесін құру.
(үш рет шапалақтау)
Топтастыру. Лесика тарауы бойынша.
І топ. Сөз бен мағына. Омоним, синоним, антоним, көп мағына, тура және ауыспалы мағына.
ІІ топ. Заттар мен құбылыстар атауы. Табу, эвфемизм, дисфемизм.
ІІІ топ. Сөздердің әбден қалыптасқан орныққан тобы. Мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері.
ІҮ топ. Сөздік құрам. Көнерген сөздер, жаңа сөздер, кәсіби сөздер, диалект сөздер.
Оқушылар берілген тапсырма бойынша постер жасайды.
-балалар, 2015 жыл қандай атаулы даталармен есте қалды?
І топ. Қазақ хандығының 550 жылдығы. Қазақ халқын бір ортаға біріктірген, жоңғар қалмақтарын күл талқан етіп жеңген хан кім? Ол әрине Абылай хан.көнерген сөздер.
Мәтін беру. Талдау.
ІІ топ. Біздің Отанымыз Қазақстан қандай мемлекет? Қанша ұлттар мен ұлыстар тұрады. Кірме сөздер.
ІІІ топ. Тәуелсіз Қазақ елінің рәміздерін атайықшы? Ту, Елтаңба, Әнұран және Ата Заңымыз. Ата Заңымызға неше жыл толды? Термин сөздер.
ІҮ топ. Қазақ халқының ұлы ақыны кім? Әрине, Абай Құнанбаев. Қандай өлеңдерін оқыдық Абай атамыздың? Ауыспалы мағынадағы сөз, омоним,
Сергіту сәті. Әр жыл мезгілінің өзіне сай іс-қимылдар жасап көрейікші?
Жаз. Секіру, доп қуу.т.б.
Күз.қол еңбегі
Қыс. Қармен атысу, сырғанақ тебу.
Көктем. Лайсаңда жүру. Т.б.
-балалар, бүгін қандай күн? Ал бір аптада неше күн бар?
Ендігі кезекті “Аптаның жеті күніне” берейік.

№ Бағалау парағы. Апта күндері Ұпай сандары
1 Дүйсенбі күні: “Бастапқы сөз” +
2 Сейсенбі күні: “Ойлан да тап” —
3 Сәрсенбі күні: “Өзіндік жұмыс”
4 Бейсенбі күні: “кім жылдам”
5 Жұма күні: “Топ басшылар сайысы”
6 Сенбі күні: “Қонақ кәде”
7 Жексенбі күні: “Демалу”

І. Дүйсенбі күні: ”Бастапқы сөз”топқа екі сөйлем беріледі.
Әр сөйлемнен табу, синоним, антоним, омоним, эвфемизм, дисфемизмді табу.

ІІ. Сейсенбі күні: “ойлан да тап”

« Ойлан да тап» Тұрақты сөз тіркестерін құрау.

1. Ит, күшік, сиыр – қиянда.
2. Бет, ауыз, мұрын-шықты.
3. Ай, жұлдыз, күн – туды.
4. Күрек, ине, жіп – қазу.

ІІІ. Сәрсенбі күні: “Өзіндік жұмыс”
Туған жердің табиғатын мақал-мәтелдер қолдану арқылы сипаттау.

IV. Бейсенбі күні: “Өзіндік жұмыс”
Сөздерді үш топқа бөліп салу. Тарихи сөздер, архаизмдер, жаңа сөздер.
V. Жұма күні: “Топ басшылар сайысы”
4 сөз беріледі. Сол сөздерді тура және ауыспалы мағынада айту.
Түбір, кілт, терең, алтын.

VI. Сенбі күні: “Қонақ кәде”

Қазақта қонақ кәде деген жоралғы бар. Онда келген қонаққа сый ретінде ауылдың алты ауызы айтылып, келген қонақтар тарапынан қонақ кәде жасалады.
Естеріңде болса, мен өткен сабақта диалект сөздерге ребус құрап келуді тапсырғанмын. әр топ бір- біріне қонаққа барып, сол бойынша дайындаған ребустарыңызды жасырып, қонақ кәде жасайсыздар.

VII. Жексенбі күні: “Демалу”
Абай атамыз айтқандай, адам өзі өткізген әр күнге, әр сағатқа есеп беруі керек. Сондықтан бүгінгі сабақтан
Не білдім? Нені білгім келеді? Кестесін толтыру.
Балалар, біз бүгінгі сабағымызда жалпы лексика тарауы бойынша өткен материалды меңгердік деп есептеймін. Лексика- сөз байлығын зерттейтін ғылым. Тіліміз сөзге неғұрлым бай болса, соғұрлым жатық та әдемі сөйлей аламыз. Ол үшін көркем шығармаларды көп оқып, мақал- мәтелдерді, тұрақты сөз тіркестерін, синонимдерді орынды жерде пайдалана білуіміз керек.
Енді сабағымызды қорыта келе, топ басшыларын тыңдайық. Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Қайталау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *