«М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ
Сабақтың тақырыбы: Амандасу салты
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды әдептілікке, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге баулу, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді ұғындыру. Амандасу түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Халықтық салт-дәстүрмен таныстырып, мәдениетін үйрете от ырып, бойларына сіңіру, ұшқыр ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға қазақ халқының сәлем беру, сәлем алу, сәлемдесу, рәсімдерін айту арқылы, әдептілікке, қарым-қатынас жасай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі :сұрақ-жауап, әңгімелесу,рольдік ойын, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайдтар,видеороликтер, мақалдар,кесте,сурет,ойын, үлестірмелі парақшалар,бағалау парақшасы.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен сабаққа дайындығын тексеру
2.Сабаққа психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік бәріңізге
Құрметпенен біз
II.Үй тапсырмасын сұрау:
1.Сүт қалай ұйықтайды? (мәнерлеп оқу)
2.Сүттен жасалған тағамдар,олардың пайдасы
III.Жаңа сабаққа дайындық:
Қызығушылығын ояту
Жұмбақ
Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер. (Қол)
-Енді барлығымыз оң қолымызды көтерейік.Осы оң қолымызды қай кезде
пайдаланамыз.
Әр оқушыға қолдың суретін тарату.
IV.Жаңа сабақ
-Амандасу туралы оқушылардың ойын білу
-Амандасу немесе сәлем беру деген не?
-Амандасу туралы не білеміз?Сәлем беру ненін белгісі?
Оқулықпен жұмыс
а)Мақалды түсініп оқу ,мүмкіндігінше жатқа айту
1.Сәлем беру де –парыз,
Сәлем алу да- парыз
- Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді.
сөздік жұмыс:парыз-міндет
ә) «Амандасу салты» мәтінін әр топ оқушыларына бөліп беру; өз беттерінше ; дауыстап оқу
1-топ .
Сәлем –арабтың «тыныштық» , «бейбітшілік» мағынасындағы « ассалам» сөзінене шыққан. Тегінде, әдеп, адамшылық амандасудан басталады. Сәлемдесудің мәні –ең алдымен бетпе –бет ұшырасқан сәттегі үнсіздікті жою, өздерінің аман-есен дидарласып тұрғанына қуану ,ниеттерінің ақ , адал, таза екенін білдіру. Мұсылман халқында амандасу «Асслаумағалейкүм» деген сөзден басталады.Ол «Сізге Алланың нұры жаусын» деген сөз екен.Жасы кіші адам жасы үлкен адамға қос қолын ұсынып,алдымен сәлем береді.Ал сәлем алушы «Уағалейкүмассалам» деп оң қолын береді. Ол «Алланың нұры сізге де жаусын» дегені екен.Осылай қол беріп амандасқаннан кейін амандасушылар мына сияқты хал-жағдай сұрасқан: — Денсаулығыңыз жақсы ма? -Үй іші,мал –жаныңыз аман ба? Ал екіншісі: -«Деніміз сау. –Құдайға шүкір» немесе «Мал басы аман», -деп жауап қатқан.
2-топ
Сыртта жүргенде қария не жасы үлкен кісі өтіп бара жатса, жасы кіші адам оған әдейі бұрылып барып амандасуға тиісті. Амандасып болғаннан соң жасы кіші адам: «Жолыңыз болсын, қария!» -дейді. Ал қария: «Сенің де жолың болсын!» -деп жауап береді. Көріспегеніне біраз уақыт болған жолдас ,құрдас ,ағайын- туыстар қауышып амандасады. Олар әуелі қос қолдап амандасып, содан соң құшақтарын жайып барып бір-бірімен тқс қағыстырып ,оңға бір, солға бір кеуде түйістіріп амандасқан. Осылайша қауыышып амандасу ер-азаматтар үшін ұлттық амандесудың ең құрметті түріне жатады.
3-топ. Жастардың амандасу түрлері «Сәлеметсіз бе?» , «Амансыз ба?» түрінде болып келеді. Ауыл адамдарында алыстан келген ағайынға жиналлып барып амандасу немесе алыс сапарға жүргелі жатқан адамға «Жол болсын!» деп тілек айту дәстүр болған. «Алыстан келген алты жасар балаға алпыстағы шал барып сәлем береді» деген халық сөзі соның дәлелі болса керек. Ауыл аралап жүрген жастар жолы үлкен қарияның үйіне кірмей кетсе , оларды «амандасуға да жарамады» деп сөккен.Бұл тәрбие негізі амандасудан басталады дегенді білдіреді.
б)белгілі бір уақыт біткен соң әр топтан бір оқушы шығып мазмұнын айтады;
Дәптермен жұмыс
Мәтіннен халықтың нақыл сөзін жаздыру
«Алыстан келген алты жасар балаға алпыстағы
шал барып сәлем береді»
Ойыңды қос
Айгүлдің ауырып сабаққа келмегеніне бір жұмадай уақыт болып еді.Оның мектепке келгеніне ерекше қуанғандардың бірі — өз құрбысы Жанар.Айгүлді көрген бетте құрбысы оның бетінен сүйіп амандасты.
Осы амандасу түріне өз көзқарасыңды білдір.
Сергіту сәті: «Көңілді күн»
Әр халықтың сәлемдесу дәстүрі ( бейне ролик)
V.Сабақты бекіту
1-топ.”Сәлем” сөзінің мәні қандай?
2-топ.Сәлемдесу неліктен әдептілікке жатады?
3-топ.Төс қағыстырып амандасудың мәнісі неде?
VI.Сабақты қорытындылау: Ойын «Оң қол»
Ойын шарты:Оқушылар орындарынан тұрады.Сұрақтарға жауап береді.Жауап беретін болса қол суретін көтереді.
Сәлемді алдымен кім береді?
Жастардың амандасу түрлері қандай?
“Амандасуға да жарамады” деп қай кезде айтылады?
Сәлем сөзі қайдан шыққан?
Сәлем беру туралы мақал айту.
“Жол болсын” деп қай кезде айтылады?
VII.Бағалау: стикер арқылы бағалау
VIII.Үй тапсырмасы:1. Мәтінді түсініп оқу.
№ 7 сызбаны толтыру
Сәлем –арабтың «тыныштық» , «бейбітшілік» мағынасындағы « ассалам» сөзінене шыққан. Тегінде, әдеп, адамшылық амандасудан басталады. Сәлемдесудің мәні –ең алдымен бетпе –бет ұшырасқан сәттегі үнсіздікті жою, өздерінің аман-есен дидарласып тұрғанына қуану ,ниеттерінің ақ , адал, таза екенін білдіру. Мұсылман халқында амандасу «Асслаумағалейкүм» деген сөзден басталады.Ол «Сізге Алланың нұры жаусын» деген сөз екен.Жасы кіші адам жасы үлкен адамға қос қолын ұсынып,алдымен сәлем береді.Ал сәлем алушы «Уағалейкүмассалам» деп оң қолын береді. Ол «Алланың нұры сізге де жаусын» дегені екен.Осылай қол беріп амандасқаннан кейін амандасушылар мына сияқты хал-жағдай сұрасқан: — Денсаулығыңыз жақсы ма? -Үй іші,мал –жаныңыз аман ба? Ал екіншісі: -«Деніміз сау. –Құдайға шүкір» немесе «Мал басы аман», -деп жауап қатқан.
Сәлем –арабтың «тыныштық» , «бейбітшілік» мағынасындағы « ассалам» сөзінене шыққан. Тегінде, әдеп, адамшылық амандасудан басталады. Сәлемдесудің мәні –ең алдымен бетпе –бет ұшырасқан сәттегі үнсіздікті жою, өздерінің аман-есен дидарласып тұрғанына қуану ,ниеттерінің ақ , адал, таза екенін білдіру. Мұсылман халқында амандасу «Асслаумағалейкүм» деген сөзден басталады.Ол «Сізге Алланың нұры жаусын» деген сөз екен.Жасы кіші адам жасы үлкен адамға қос қолын ұсынып,алдымен сәлем береді.Ал сәлем алушы «Уағалейкүмассалам» деп оң қолын береді. Ол «Алланың нұры сізге де жаусын» дегені екен.Осылай қол беріп амандасқаннан кейін амандасушылар мына сияқты хал-жағдай сұрасқан: — Денсаулығыңыз жақсы ма? -Үй іші,мал –жаныңыз аман ба? Ал екіншісі: -«Деніміз сау. –Құдайға шүкір» немесе «Мал басы аман», -деп жауап қатқан.
Сыртта жүргенде қария не жасы үлкен кісі өтіп бара жатса, жасы кіші адам оған әдейі бұрылып барып амандасуға тиісті. Амандасып болғаннан соң жасы кіші адам: «Жолыңыз болсын, қария!» -дейді. Ал қария: «Сенің де жолың болсын!» -деп жауап береді.
Көріспегеніне біраз уақыт болған жолдас ,құрдас ,ағайын- туыстар қауышып амандасады. Олар әуелі қос қолдап амандасып, содан соң құшақтарын жайып барып бір-бірімен тқс қағыстырып ,оңға бір, солға бір кеуде түйістіріп амандасқан. Осылайша қауыышып амандасу ер-азаматтар үшін ұлттық амандесудың ең құрметті түріне жатады.

Жастардың амандасу түрлері «Сәлеметсіз бе?» , «Амансыз ба?» түрінде болып келеді.
Ауыл адамдарында алыстан келген ағайынға жиналлып барып амандасу немесе алыс сапарға жүргелі жатқан адамға «Жол болсын!» деп тілек айту дәстүр болған. «Алыстан келген алты жасар балаға алпыстағы шал барып сәлем береді» деген халық сөзі соның дәлелі болса керек. Ауыл аралап жүрген жастар жолы үлкен қарияның үйіне кірмей кетсе , оларды «амандасуға да жарамады» деп сөккен.Бұл тәрбие негізі амандасудан басталады дегенді білдіреді.

1-топ мүшелері
1.Асқарбеков Нұрболат–
- Архат Айым –
3.Медетұлы Азамат –
4.Еркінова Нұрай –
- Мауталимов Мұхит –
- Мейіржан –
7.Малгаждаров Санжар
2-топ мүшелері
- Найманғазин Нұрасыл –
- Ақанова Гүлім –
- Жанашев Ерхан –
- Тамаша –
- Аринбеков Еркебұлан-
- Манапқазы Елдос –
- Тоқтарбеков Диас –
3-топ мүшелері
- Кәрібай Сұлтан-
- Ернатқызы нұрай
- Бүйрекбаев Диас
- Ақылбекова Лунара
- Нурланов Ернат
- Кадиров Ералы
- Шапатов Манат
Әлемдегі ең қызықты сәлемдесу рәсімдері. Әр топ қызықты рәсімді көрсетеді
Тувалу
Тувалу еліндегі дәстүрлі сәлемдесу .Бір-бірін көрген бойда екі жан бір-бірінің беттеріне жақындап, терең дем алады.
Тибет
Тибет халқына жат емес, себебі, олар бір-бірін көргенде, тілдерін шығарады. Бұл рәсім 9-ғасырда бастау алған. Сол замандағы Тибет елінің көсемі Ландарманың тілі қара болған деседі. Тибет халқы өзгелерге өздерінің жауыз емес екендерін көрсету мақсатында, бір-бірін көрген кезде тілдерін шығара бастайды. Бұл дәстүр өз жалғасын әлі күнге дейін табуда.
Жапония
Жапон халқы сәлемдесу рәсіміне аса ән береді. Бір-бірін көрген кезде олар иіледі. Жастар өзара бастарын изеп амандасады.
[bws_related_posts]