Басы » Бастауыш сыныптар » Хх дыбысы мен әрпі

Хх дыбысы мен әрпі

х хБатыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

 Госплемстанция  ЖОББМ – нің бастауыш сынып мұғалімі

Сапарова Алия Бимурзиевна

 

Сабақ тақырыбы: Хх дыбысы мен әрпі.

Мақсаты: а)Оқушылардың білімдерін пысықтау. Х дыбысы бар сөздерді дұрыс дыбыстап

айтуға,дыбыс түрлерін ажырата білуге машықтандыру.

                    ә)Оқушылардың сөздік қорларын,ой-өрісін,тілін дамытуға жағдай жасау.

                    б)Оқушыларды  ұйымшылдыққа, адамға жақсы хабар жекізе білуге, жылы сөз

айта білуге,  сүйіспеншілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Әдісі: сұрақ-жауап,жинақтау

Түрі:аралас

Көрнекілігі:Мазмұнды суреттер,топшамалар,кеспе буындар,дид.материалдар. Электронды оқулық.

Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Психологиялық дайындық

Қайырлы таң достар,

Қайырлы таң болсын.

Бүгінгі күнің  сәтті

Сәттіліке толсын

ІІ.Өткен сабақты пысықтау

Ю дыбысы мен әрпін қайталауға арналған  жаттығулар.

Тіл ұстарту.

Я, я, я

Дастарқанда үйулі тұр жал –жая.

Ю,ю,ю

Әжем ойды ою.

 Оқулықпен жұмыс

Буындап оқу.

«Буыннан сөз құра» ойыны  тіл жаттықтыру

ІІІ.Жаңа сабақ. Электронды оқулықпен жұмыс.

1.Жұмбақ шешу.

Аяғы жоқ жүреді,

Аузы жоқ сөйлейді.(хат)

Хат дегенде бірінші қандай дыбыс естіліп тұрғанын және ол дыбысты бірнеше рет қайталата отырып,Х дыбысы туралы түсінік беру, дауыссыз дыбыс екенін ажырату.

Хат, хор, кітапхана, асхана  суреттерін көрсете отырып Х дыбысының сөздің басында, ортасында келетінін ұғындыру.

  1. Х дыбысына ұқсас заттарды табу. Екі найза керісті,Қайшы

3.Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқып мазмұнын түсіндіру.

Тізбектей оқыту.

ІV.Сергіту сәті

 4.Хдыбысының таңбасы, Хәрпінің жазылуы туралы түсіндіру.

Дәптермен жұмыс

Берілген элементтер бойынша  «х»әрпін жазып үйрену.

Буындар,сөздер жазу.

4.Буыннан сөз құрау: Ха –мит, Ах –мет, Мұ –хит, Хам –за, Рай –хан, Ра –хым.

Тіл жаттықтыру .Жаңылтпаш.

Хакім хат ашып отыр,

Хат ашып, шатасып отыр.

Ол хатты қате жазып отыр.

V.Қорытынды.   VІ.Мадақтау

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *