Қазақстанда Ұлттық біріңғай тестілеу 2015 жылға қарай алынып тасталады. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов айтты.
«2015 жылға қарай ҰБТ-ны алып тастау көзделуде. Қазір ҰБТ-ға мектеп бітіру мен ЖОО-ға түсу біріктірілген. Бұл өзінің онша тиімсіздігін көрсетті, себебі мектеп бітіруі оқушының белгілі бір білім алғандығын көрсетсе, ЖОО-ға түсу арнайы білім саласындағы білім деңгейін танытса керек. Ал ҰБТ аясында оның арнайы саласындағы білімін бағалау қиын», – деді М. Әбенов Kazakhstan OnLike медиа-конгресінде сұхбат беру барысында.
Вице-министрдің айтуынша, енді оқушылар ҰБТ орнына екі рет емтихан тапсыратын болады: біріншісін – мектеп бітіргенде, екіншісін – жоғары оқу орнына түскенде. «ЖОО-ға түскенде – салалық пәндерден тапсырады», – деп түсіндірді ол.
Ол емтихан тапсырудың түріне де өзгерістер енгізілетінін атап өтіп, «Оқушыдан оның білімін ғана тексермей, оны тәжірибеде қаншалықты қолдана алатынын тексеру керек. Біздің ағарту саламыз қазір білім беру бағытында ғана, яғни, қандай да салада ақпарат беру. Жаңа формат бойынша мәтінмен жұмыс жүргізу енгізіледі, оның әр саладағы біліктілігін тексеруге арналған әр түрлі тапсырма беріледі. Бұрын бізге білгені ғана жеткілікті болса, бүгін одан сол білімдерінің арқасында талдама жасай білу және жаңа білім ала алу мүмкіндігі қызықтырады. Жаңа емтихан түрін енгізу оқушының нені есінде сақтап қалғанын ғана көрсетпей, оның алған білімдерін қалай пайдалана алатындығын көруге мүмкіндік беріп, бізге кадрларды іріктеуге көмектеседі», — деді вице-министр Мұрат Әбенов.
Дереккөз: http://baq.kz/kk/news/35942