Басы » Кембридж бағдарламасы » «Ақылдың алты қалпағы» әдісі арқылы оқушыларды сыни ойлау дағдыларын қалай жетілдіруге болады

«Ақылдың алты қалпағы» әдісі арқылы оқушыларды сыни ойлау дағдыларын қалай жетілдіруге болады

3 коучинг-сессия жоспары

 «Ақылдың алты қалпағы» әдісі арқылы оқушыларды сыни ойлау дағдыларын қалай жетілдіруге болады?

 

Коуч:

 Кусаинова Несибели

Күні:        02.10.2015 ж                                              Уақыты:    60мин             Өтілетін орны: математика кабинеті
Коучинг тақырыбы «Ақылдың алты қалпағы» әдісі арқылы оқушыларды сыни ойлау дағдыларын қалай жетілдіруге болады?
Жалпы мақсат Мұғалімдер әртүрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар,проблемалар,ситуациялар төңірегінде ой қорытуды, өздерінің ойларын тұдыруды ,»пісіруді»үйрету және әдіс- тәсілдермен таныстырып, қолдануды үйрету.
Сілтеме Мұғалімге арналған нұсқаулық , Бірінші деңгей

Үлестірмелі материал

Оқу нәтижесі Мұғалімдер деңгейлі сұрақтарды қою арқылы түрлі сыни тұрғыдағы тапсырмаларды орындауды, пікірлер, талқылау барысында болжамдар келтіруді үйренеді.
Ресурстар А4 парақтары, стикерлер, маркерлер,постерлер, түрлі түсті парақтар, желім, скотч,алты қалпақ қолданылады
Оқыту әдістері: СТО,ЖИГСО,»Ақылдың алты қалпағы» ,Топтық жұмыс, бейнежазба, таныстырылым арқылы жұмыс, сұрақтар,постермен жұмыс,«Шахмат», «Аялдама»  ,»Мармозетка» ойыны
Негізгі жұмыстар, уақыты Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
Мұғалімдерге психологиялық жағымды ахуал тұғызу

(5  минут)

1.Коучингке келген мұғалімдерді үш столға отырғызамын.Қазір сергіту сәті болады деп ескертемін.Шаршап келгенін байқап,жақсы көңіл сыйлаймын.Әрқайсысына ақ парақ беремін. «Сағат бойынша достар» сергіту сәтін бастаймын.Мұғалімдерге А4 парағын  таратып, оған сағат суретін салуды және әр сағаттың бойына өздері таңдаған достарының есімдерін жазуды сұраймын.Жазып болған соң орындарынан тұрғызып, достарына түрлі достық ишарат жасауды айтамын.Бұл іс-қимылдар қағазға жазылып,көрінетін тұсқа іліп қоямын.Сергіту сәті жақсы көңіл сыйлайды деп айтамын. 1.Мұғалімдер ақ параққа сағат салып ,әрсағаттың бойына қатысып отырған мұғалімдердің ішінен достарының есімін жазады.Жазып болған соң тұрып,шеңбер құрады.Досына түрлі ишарат жасайды. Мысалы:қолын қысады,арқасынан қағады,басынан үш рет сипайды,қолын бұлғайды,көзін қысады,комплимент айтады, ладушки ойнайды,арқасына массаж  жасайды, бетінен сүйеді,қол ұстасып,үш рет секіреді,қол ұстасып, шыр айналады.Мұғалімдер жақсы көңілде болады.
Топқа бірігу «Санмен бөлісу» арқылы жүргіземін.Мұғалімдерді шеңбер бойымен тұрғызып,1,2,3 сандарды айтып шығыңыз деймін және сыни ойлау арқылы   өзіңің жанында тұрған  досына  үш сөзбен сипаттама беруді өтінемін.Мысалы:Несібелі-тышқан,шаян, практикант. Мұғалімдер шеңбер бойымен тұрып,1,2,3 деп санап шығады.Болған соң жанында тұрған досына үш сөзбен сыни сипаттама береді.Сосын санмен бірігеді.Мұғалімдер топқа бірігудің түрлі жолдары бар екенін айтады.
Негізгі бөлім

Білу

(10  минут)

 

 

 

 

 

 

Түсіну

(10  минут)

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолдану

(20  минут)

 

1.Мұғалімдерге проблемалық сұрақ қойылады: сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не?

2.Мұғалімдерге жұптасып өздері білетін, қолданып жүрген әдіс-тәсілдерді жазуды айтамын.

3.Мұғалімдерге  жазып болған парақтарын стол үстіне тастап кетіп, басқа топқа барып, солардың парағын қарап, қажет жерін толықтыру керек деп түсіндіріемін.

 

 

4.Бұдан кейін мұғалімдер өз топтарына оралады, оларға ғылымдардың  пікірлері жазылған қима қағаздар үлестіріліп беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

5.«Киім сатып алу» ойыны арқылы мұғалімдермен сұхбат жүргіземен.

6.«Айғақ па, әлде пікір ме?» ойыны арқылы мұғалімдерге мына мысалдарды келтіремін.Олардан ажыратуды сұраймын.Неліктен? Дәлелдеңіз, деймін. Мына мысалдар келтіріледі:алып тасбақа 150 жылдан астам өмір сүре алады;гепард  арыстаннан жылдам жүгіреді; жануарлар бағында қолтырауындарды күту қиынға түседі;ақ аюды бақылау өте қызықты;коалалар  күндіз ұйықтап, түнде сергек болады; ақ акула – ең қауіпті жыртқыш; біз кеше кітапханада болдық.

7.«Мармозетка» зияткерлік ойынын мұғалімдерге ұсынамын.Сыни сұрақтар қойылады.Мәтінді оқимын.

 

 

 

8. Әр топқа »Адам болып қалу» мәтінін таратып беремін.Эдвард де Боно «6 ойлау шляпасы» әдісін қолданудың шартын түсіндіремін. Әр топтан 6жұпқа түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, скотч таратамын.

Ақ шляпа – ақпараттар, фактілер

Қызыл шляпа – ішкі сезім

Қара шляпа – логикалық негативті ойлау

Сары шляпа – логикалық  позитивті ойлау

Жасыл шляпа – шығармашылық ойлау

Көк шляпа – ойлау процесін басқару

1. Мұғалімдер жұптасып топ ішінде әңгімелеседі, анықтамасын айтуға дайындалады. Әр топтан пікірлер тыңдалады.

2.«Шахмат»  тәсілі  ретінде дайындалған  А4 парағын  мұғалімдер өздеріне таныс, қолданып жүрген әдістерді жазады.

3. .«Аялдама» тәсілімен жүріп, өз парақтарын стол үстінде тастап кетеді де, басқа топтардың «Шахматын» толықтырады.Осылайша бірін бірі үйретеді.Болғаннан кейін әр топтың таныстырылымы болады, дұрыс бұрыстығын талдайды, стикермен бағалайды.

4.Мұғалімдер оқиды, рефлексия ретінде практикалық жұмысты «сыни ойлау» туралы постерге  кластер құрайды, қорғайды.

Мұғалімдер бастапқы сұраққа:сын тұрғысынан ойлау дегеніміз не?-жауап ретінде өз пікірлерін айтады, ойлау үдерісінде ойлану жүретінін байқайды, түсінеді.

5.Мұғалімдер сыни ойлауға дағдыланады .Олар бақылуды, талдауды, қорытындылауды,дәлел айтуды үйренеді.Сабақта сыни тұрғыдан тапсырмаларды қолдануды, тәжірибесіне енгізуді үйренеді.

6.Мұғалімдер айғақ пен пікірді ажырата білуді,қолдануды үйренеді.

7.Мұғалімдер сөздің мағынасына мән беруге,оны ашуға, ойлау барысында салыстыруға, болжауға, ақпаратты өңдеуге, талдауға, жинақтауға қатысты дағдыларын нақтылай түседі.

 

8. «Ақылдың алты қалпағы» әдісін қолданып  талдайды. Мұқият оқиды, алты қалпаққа сәйкес келетін мәтіннен үзінділерді табады, «ойларын пісіреді», болжам жасайды ,ортаға шығып алты қалпақты киіп дәлелдейді.Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын байқайтын болады

Талдау,жинақтау

( 10 минут )

 

Сергіту сәті «40 СЕКУНД» ойыны .Мұғалімдерге кішкентай ақ парақтар таратылады.Барлығына бірдей таратылып болған соң ,оларға бұл тапсырманы орындауға 40 секунд бар деп айтамын.

Осыдан кейін »Как сохранить креативность» бейнежазбасын көрсетемін.

Мұғалімдер орындап болған, байқайды:ойын барысында тек 13,14-ні орындау керектігін .Олар байқағыштық пен ойланудың қажеттігін айтады. Мұғалімдер ойларын айтып, топтық жұмыстың, бірлескен істің нәтиже беретініне байланысты жинақтайды.
Қорытындылау

Бағалау

Кері байланыс

(3  минут)

Кері байланыс ретінде стикерге мұғалімдерге коучингтен алған әсерлерін, кездескен қиындықтарымен бөлісуді, ұсыныс жасауды және бас бармақпен бағалауды сұраймын. Мұғалімдер стикерге жазады.Бас бармақпен бағалайды.

 

Кусаинова Несибели Кабдулловна

№ 2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернат директорының

бейіндік  ісі жөніндегі орынбасары, орыс тілі пәні мұғалімі, І (ілгері) деңгей

Арал ауданы

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *