Арал ауданы
Кусаинова Несибели Кабдулловна
№ 2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернат директорының
бейіндік ісі жөніндегі орынбасары, орыс тілі пәні мұғалімі, І (ілгері) деңгей
Сабақта зерттеушілік әңгіме арқылы оқушылардың сұрақ қою дағдыларын қалай дамытамыз?
Коуч:
Кусаинова Несибели |
Күні: 23. 09.
Өтілетін орны: мультимедиа кабинеті |
|
Коучинг тақырыбы | Сабақта зерттеушілік әңгіме арқылы оқушылардың сұрақ қою дағдыларын қалай дамытамыз? | |
Жалпы мақсат | мұғалімдерге сабақ барысында зерттеушілік әңгіменің тиімді тәсіл екенің түсіндіру;
сұрақтың түрлерін тиімді қолдануға және зерттеушілік әңгімені ұтымды пайдалануды үйрету. |
|
Сілтеме | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 35-бет
Үлестірмелі материал П.Дадли «Оқыту мен оқудың белсенді әдістері» |
|
Оқу нәтижесі | мұғалімдер оқыту мен оқудағы әңгіменің түрлері жайлы мәлімет алады;
сабақтың кезеңдеріне байланысты сұрақтардың мазмұнын түрлендіріп тиімді қоюды, қолдануды және жаңа әдіс-тәсілдерді сабаққа еңгізуді үйренеді |
|
Ресурстар | А4 парақтары, стикерлер,маркерлер, «Түймедақ» суреті, тақырыптық суреттер,тапсырма жазылған парақтар,слайдттар | |
Оқыту әдістері: | «Блум түймедағы» , топтық жұмыс, «Ашық сұрақтар» бейнежазбасы, таныстырылым арқылы жұмыс, ашық сұрақтар, «Екі жұлдыз, бір тілек» өзара бағалау, өзін-өзі бағалау. | |
Негізгі жұмыстар, уақыты | Коучтың іс-әрекеті | Мұғалімдердің іс-әрекеті |
Мұғалімдерге психологиялық жағымды ахуал тұғызу
(5 минут) |
1.Мұғалімдерді ортаға шақырып, екі қатарға тұруын және бір біріне қарап, бірінші қатардағылар оң қолын, екінші қатардағылар сол қолын көтеріп алақандарын жұптасып ұстап тұруды өтінеді.
Бұл тапсырма не үшін жасалды? |
Коучингке қатысушылар жұптасып, екі қатарға колдарын көтеріп ұстап тұрады, қатардың ішінен бір адам жүріп өтеді, сол кезде қатарда тұрғандар оның құлағына жағымды сөздерді арнап айтады,барлығы жүріп болғанша жалғастырады.
Мұғалімдер жақсы сөздер естігенде, қатарласып бірге тұрғанда бір команда болып сезінгендерін айтады. |
Топқа бірігу | Мұғалімдерге М,Қ,Ж бас әріптерден басталатын сөздерді таратамын. Сөздерге қарап, белгілі бір шарт бойынша топтарға бірігуін сұраймын. | Мұғалімдер шеңбер бойымен тұрып, «Бас әріппен басталатын сөздер» арқылы топқа бірігеді.
Тапсырманы орындау барысында мұғалімдер ойланады. |
Негізгі бөлім
Білу (10 минут)
Түсіну (10 минут)
Қолдану (10 минут)
|
1.Ортаға рөльдерді ойнайтын екі мұғалімді шақырамын. Біреуіне курортқа келіп, бассей жанында демалыстасыз деп түсіндіремін, екінші мұғалімге әңгіме айтып демалыстағы адамды ресторанға шақыруыңыз керек деп айтамын.
Сұрақтар қоямын: не көрдіңіздер? нені байқадыңыздар?, Ресторанға шақырушы не істеді, қалай істеді? 2. Ой қозғау үшін үш топқа әңгіме, дебат сөздері беріледі,А-4 қағазына әр мұғалім осы сөздерді сипаттайтын сөздерді жазады, жұптасып тиімді және тиімсіз жақтарын ажыратады, топ болып себептерін дәлелдейтін болады. 3.«Тауарға реклама жасау»,«Банан туралы әңгіме» рөльдік ойындарды түсіндіремін. 4. «Сұрақтар түймедағы» тәсілі т арқылы топтық жұмыс орындалады. Топтарға ерін далабы, емізік, аяқ киім, балаларға арналған кішкіне үшкіл жаялық салынған суреттер беріледі. Таныстырылым «Блум түймедағы» қазақша. |
1.«Курорттағы бассейн басындағы әңгіме» рольдік ойыны арқылы екі мұғалім әңгімелеседі ,бір-біріне сұрақ қояды, қарым-қатынасқа түседі,еліктеушілікті, сезімдерді байқайды,осы көрілген ситуация бойынша топтар кезектесіп пікірлерін айтады.
Мұғалімдер екі адамның арасында әңгіме жүрді деп айтады.Бірақ бір бірін түсіну үшін дұрыс сұрақ қою маңызды деп шешеді. 2.А-4 қағазына әр мұғалім осы сөздерді сипаттайтын сөздерді жазады, жұптасып тиімді және тиімсіз жақтарын ажыратады, топ болып себептерін дәлелдейтін болады. 3. Мұғалімдер білетін ақпараттарымен бөліседі,идеялар тұдырады,сұрақтар қояды,әңгіме тыңдаудың тиімділігіне байланысты әр топ түйін жасайды 4. Осы суреттерге байланысты топтар түймедаққа 6 түрлі сұрақты құрастырады.Орындалған топтық жұмысты қорғайтын болады.Мұғалімдер сабақтың әр кезеңінде сұрақ қою маңыздылығына назар салады, сұрақты қою техникасымен танысады, сұрақтардың түрлерін ажыратады. Және мұғалімдер сұрақ қою техникасында бастама-жауап-кейінгі әрекет, түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау болатынын түсінеді, тәжірибесіне енгізеді. |
Талдау,жинақтау
( 15 минут )
|
5.Тәжірибе ретінде »Ашық сұрақтар» бейнежазбасы көрсетіледі
Не көрдіқ? Сұрақтар қалай қойылды?Әңгіме қалай жүрді? Таныстырылым «Блум түймедағы» қазақша. |
Мұғалімдер ашық сұрақтарды қою техникасына назар аударады, оқушыларды қызықтыру үшін , өздері ойланып ,жауап іздеуге итермелеу үшін сұрақтарды орнымен қолданады. |
Қорытындылау
Бағалау Кері байланыс (3 минут) |
6. «Бүгінгі коучинг Сізге ұнады ма?»,» Коучинг не туралы болды?» деген сұрақтар қойылады. | Мұғалімдер өткізілген коучинг туралы пікірлерін айтады, стикерге жазады. |
[bws_related_posts]