Басы » Кембридж бағдарламасы » Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов.

Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов.

Қызылорда облысы

Қызылорда қаласы

Мектеп:№4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты

Мұғалім: Смағұл айман Тілеубергенқызы

Сабақтың тақырыбы:  Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов.
Сабақтың мақсаты ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ мәдениетінің көрінісі, орыс демократиялық мәдениетінің әсері, орыс – қазақ қатынастарының тереңдеуіжөнінде әңгімелеу. Ұлы саяхатшы, зерттеуші, жас ғалым Шоқан Уәлиханов туралы  оқып үйрену
Оқып үйренудің нәтижесінде Шоқанның балалық шақтарын, орыс достары туралы түсіндіріп бере алады.
Тілдік мақсаттар

 

 

Пәндік  лексика және терминология:Шоқан, ағарту

Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов тақырыбында мәтінмен жұмыс (оқылым дағдысы)

Сыныпта талқылау жүргізеді (айтылым және тыңдалым дағдысы)

Негізгі дерек көздері 8 сын Қаз.тар  Ж.Қасымбаев  §30-31(173-177 бет)
Әдіс-тәсілдер «Әңгіме аялдамасы әдісі «Цифрлар сөйлейді?» ашық сұрақ, Бірнеше жауаптан тұратын тапсырмалар, Бір жауаптан тұратын тест.
Алдыңғы білім §36  Ұйғырлар мен  дүнгендердің Қытайдан Жетісуға қоныс аударуы

Қабылдинов З.Е бойынша

                                                                              Жоспар

Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Қызығушылықты ояту

10 мин

Оқушыларменсәлемдеседі.

Өтілген тақырып көлемінде сұрақтар беріледі.

І. Оқушылар сәлемдеседі.

Оқушылар жауап береді.

§29  Ұйғырлар мен  дүнгендердің Қытайдан Жетісуға қоныс аударуы

            Бірнеше жауаптан тұратын тапсырмалар

Ұйғырлар мен дүнгендерді Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандыру арқылы патша үкіметі екі түрлі мақсат көздеді
І-ші: Қытайдың Құлжа өңіріндегі экономикалық базасын осалдата түспек болды; ІІ-ші: әскери саяси жағдай шиеленісіп кете қалған жағдайда оларды Қытайға қарсы әскери күш ретінде пайдалануды мақсат етті

 

Қоныстанушылардан жаңадан 5 болыс:
Жаркент, Ақсу-Чарын (қазіргі Ұйғыр ауданы), Малыбай (Шелек ауданында), Қорам (Шелек ауданы), Қарасу (Еңбекшіқазақ ауданында), Кетпен болыстары құрылды (қазіргі Жаркент ауданында).
Жаңа құрылған болыстың басшысы болып сол бұрынғы Іле аймағында болған басшылар сайланды.

Қазақстан тарихнамасында бұл қоныс аудару саясаты үш кезең бойынша бөліп қарастырылады.

І кезең ХІХ ғасырдың 70-80 жылдар аралығын қамтиды, ол 1889 жылғы 13 шілдедегі жарлық шыққанға дейін созылды.

ІІ кезең ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан 1905 жылға дейінгі уақыт аралығын қамтиды.

ІІІ кезең 1906 жылдан 1916 жылдар аралығын қамтиды.

№1.«Цифрлар сөйлейді»

Қоныс аудару себептері

1.XIX ғасырдың 70—80-жылдары патша үкіметінің бастамасы бойынша ұйғырлар мен дүнгендер Жетісу жеріне қоныс аудара бастады. Бұған дейін олар Қытайдың Іле өлкесінің аумағында тұрып келген еді.

2.XVIII ғасырда және XIX ғасырдың бірінші жартысында онда тұрған ұйғырлар мен дүнгендер Қытай үкіметіне қарсы бірнеше рет көтеріліс жасады. Ұлттық тәуелсіздігі жолында күресті.

3.1871 жылы Ресей әскерлері Ұйғырлар мен дүнгендер Іле өлкесінде аймақты жаулап алды. Патша үкіметі өлке тұрғындарының отбасылық істеріне және мүліктің қарым-қатынастарына араласпау саясатын ұстанды.

4.1881 жылы екі империя арасында Санкт-Петербург бейбіт келісімшарты жасалды. Ұйғырлар мен дүнгендер бір жылдың ішінде Жетісу облысының аумағына қоныс аударуы жөнінде өздері нақты шешім қабылдауға құқықты болды. Жергілікті халықтың арасында пікірі сұрастырылды. 100 мыңға жуық ұйғыр мен дүнген Қазақстан аумағына өтуге тілек білдірді

Қоныс аудара бастауы.

5.1877 жылдың желтоқсан айында Дүнгендердің Қазақстан аумағына алғашқы қоныс аудара бастады.

6.1877 жылы Қытай жазалаушыларынан құтылу үшін қашқан 4 мыңға жуық дүнген Жетісу жеріне жетіп жығылды. Қоныс аударушы дүнгендердің алғашқы толқынын Бый Янь Ху басқарды.

7.1884 жылы Екінші толқын өтті.

8.1881 жылғы күзде ұйғырлардың Жетісу жеріне қоныс аударуы басталып,

9.1884 жылға дейін жалғасты. Олардың бір бөлігі көршілес Қырғызстанға барып жайғасты.

Ауыр жағдайы

10.Қоныс аударушы орыс шаруаларының әрбір ер азаматына 20-25 десятинадан жер берілсе, ұйғырлар мен дүнгендер 5-7 десятинадан ғана жер алды.

11.Дүнгендерге арық қазып, егінді қолдан суаратын жерлер бөлінді

12.1914 жылы барлық дүнген шаруашылықтарының 42 пайызы егін сала алған жоқ.Қайыршыланып, қалаға көшіп кеткен дүнгендер өздерінің алғашқы орналасқан жеріндегі болыстарға алым-салық төлеп тұруға міндетті болды

Шаруашылығы

13.Әр елді мекеннің өз мешіті, дүкендері мен шағын базарлары болды.

14.Ұйғыр болысын сонау Қытайда Іле өлкесінде тұрған кездерінде сайланған болыс биледі.

15.Басқару жүйесінде сонымен қатар ақсақалдар (старшындар), қазылар (судьялар), онбасы мен елубасы атты билік өкілдері де болды.

16.Ұйғырлар негізінен тау етегіндегі егістік жерлерді суландыру үшін бұрынғы ескі арықтарды жөндеді және жаңа арық-каналдар қазды. Кейбір каналдардың ұзындығы 40 шақырымға дейін жетті.

17.Ұйғырлар негізінен көкөніс, дәнді дақылдар өсірумен айналысты. Алуан түрлі дақылдардың 4-5, ал неғұрлым ауқатты отбасылары 12 түріне дейін екті. Дәнді дақылдар арасында бидайдың, арпаның, тарының және сұлының үлесі көбірек болды. Суы мол жерлерде күріш өсірілді.

18.Майлы дақылдар (қара сора, кендір, қыша) егілді.

19.Жоңышқа егу де елеулі көлемде болды. Ұйғырлар сонымен қатар бау-бақша екті, жібек құртын өсірумен айналысты.

20.Ұйғырлардың аулаларында жеміс ағаштары көп өсірілді.

21.Мал шаруашылығы қосалқы кәсіп болды. Жұмыс көлігі ретінде өгіз, жылқы және есекұстады.

22.Сыртқа барып жұмыс істеуде жук тасу мен алыпсатарлықты да кәсібі болды. ОларВерныйдан Ташкентке тауар алып барып сатты.

23.Жаркент пен Верный қалаларында тұратын ұйғырлар етік тігумен, темір ұсталығымен, зергерлікпен, сабын қайнатумен, т.б. әр түрлі кәсіптермен айналысты.

24.Бай ұйғырлар кейін қазақтар мен орыс шаруаларынан және жергілікті қазақтардан жер телімдерін жалға алып отырды.

25.XX ғасырдың бас кезінде ұйғырлардың су диірмендері, темір ұстаханалары, май шайқайтын, былғары жасайтын, тон тігетін және тері илейтін шағын зауыттары болды.

26.Атақты бай ұйғырлардың бірі Верный уезінің Жаркент болысында тұратын Уәли АхунЮлдашев болды. Оның бір өзі 10 мың десятинаға жуық жерді жалға ала алатын. Ол сонымен қатар астық саудасын да өз монополиясына айналдырып үлгерді. У.А. Юлдашев Англиядан алдырған пароходын Іле өзеніне алғашқылардың бірі болып жүргізді.

27.XX ғасырдың 80-жылдарынан бастап олар Жетісуда алғашқылардың бірі болып күрішеге бастады. Бау-бақша өсірумен, бағбандықпен айналысты. Дүнгендер капуста, пияз, сарымсақ, бұршақ, ас бұршақ, бұрыш, шомыр, сәбіз, аскөк, асқабақ, кияр сияқты алуан түрлі дақылдар өсірудің шебері болды. Олар орыс шаруаларынан кызанақ және картоп өсіруді де үйреніп алды.

28.Өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін Әулиеатаға, Верныйға, Ташкентке, Жаркентке,Шыңжаңға алып барып сатты.

29.1905 жылы Жаркенттің өзінде ғана 167 дүнген көпесі болды. Олардың қытай тілін жақсы білуі Қытаймен екі арадағы сауда-саттықты монополияға айналдырып алуларына жағдай жасады.

30.      XX ғасырдың 20-жылдарына дейін дүнгендер Қытай иероглифін, сонымен қатар араб алфавитін пайдаланып келді. Дүнгендердің көпшілігі қазақ, орыс және қырғыз тілдерін жақсы білді.

31.      Ақын By Сан байлар мен сарандарды, екі жүзді, жәдігөй жауыздарды айыптайтын, күлкі ететін өлендер жазды. Дүнгендердің ғажайып ертегілері бар. Ертегілер мен аңыз әңгіме айтушылар фофуди деп аталады.

32.XIX ғасырда ұйғырларда халық арасынан шыққан Садыр Палуан, Назугум  атақшы әншілер — қошықшылар болды. Олар ұйғыр халқының Цинь билеушілеріне қарсы ұлт-азаттық қозғалысын өздерінің өлең-жырларына арқау етті.

33.1916 жылдарға дейін Ұйғыр ақындарының шығармаларында оқиғалар да өз көрінісін тапты

Бір жауаптан тұратын тест.

1.Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аудару себебі
А) Жетісудың шұрайлы өлкесі қызықтырды 
В) Атамекеніне оралды 
С) Қазақ жеріне басып кірді
D) Патшалы Ресейдің ұсынысымен көшті
Е) Цинь өкіметі қысым көрсетті
2.1881-1884 жылдары Қазақстанға қоныс аударған ұйғырлар саны
А) 5000    В) 45000    С) 10000    D) 15000     Е) 75000
3.1881-1884 жылдары Қазақстанға қоныс аударған дүнгендер саны
А) 5000   В) 45000   С) 10000   D) 15000    Е) 75000
4.Ұйғырлар мен дүнгендер орналасқан аймақ
А) Сырдария  В) Жетісу    С) Орал     D) Өскемен     Е) Семей
5.Алматы облысында ұйымдастырылған ұйғыр болысының саны.  А) 3   В) 4   С) 7    D) 6   Е) 9

6.Жетісуға қоныс аударған әрбір дүнгенге берілген жердің көлемі
А) 2 десятина   В) 3 десятина   С) 7 десятина    D) 10 десятина   Е) 15 десятина
7.Ұйғыр халқының дүние жүзілік мәдениет қорына жататын туындысы: А) «Манас»  

В) «Бөкей мен Мәулен»  С) «Ғақлия»   D) «Алты аяқ»  Е) «Он екі мұқам»

8. Қай жылдары Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу өлкесіне қоныс аударуы.

А) 1881-1885    В) 1882-1884    С) 1881-1886    D) 1881-1884    Е) 1880-1884

Кітап: Ермұханова Хадиша бойынша:

1.1862-77 жылдары азаттық күреске шықты:А)Ұлы жүз қазақтары    В)Кіші жүз қазақтары

С)Ұйғырлар мен дүнгендер(Маньчжур-Цин әулетіне қарсы 1862-77 жылдары  ұйғырлар мен дүнгендер азаттық күреске шықты. Бұл күрестке қырғыз, өзбек, қазақ торғауыттар қатысты. Қоқан әскери басшысы Якуб бек жеңіске жетіп,қашғар,  одағы басшылық еткен ұйғыр мемлекеті (Жетішар)құрылды. Көтеріліс басылғаннан кейін ұйғыр мен дүнгендерге қысым күшейтілді. Қоныс аударудың басты себебі осы болды.)

Д)Кен орының жұмысшылары       Е)Орыс шаруалары

2.1881-84 ж.ж.Жетісуға қоныс аударған ұйғырлар саны:А)5 мың   В)15 мың   С)25 мың    Д)35 мың
Е)45 мың(Алғашқыда 15 мыңнан астам Ұ. 5 мыңдай Д. Жетісу мен солтүстік Қырғыз өңіріне қоныстанды.Қазіргі Алматы облысының жерінде 6 -ұйғыр. Болысы (Жаркент Ақкент, Ақсу-Шарын, Малыбай, Қорамса, Қарасу) ұйымдастырылды.Ұ-лар егін/шаруа-на қолайлы Шелек, Талғар, Үсек, Шарын өзендерінің бойында орналасты.1897 жылы санақ бойынша  ұйғыр -55 999, , дүнген 14 136 адамға көбейді )

3. Әр бір дүнгенге берілген жер көлемі: А) 30 десятина  В) 15 десятина С) 10 десятина Е) 1 десятина.                             Д) 3 десятина (Қоныстанушы әр бір д-ге берілген жер көлемі 3 десятинадан аспады. Оларға қолмен суландырылатын жерлер бөліп берілді. Үстем тортар кедейдердің жерін арзан бағамен сатып алып, олардың жағдайын тіпті қиындатты.Верный уезінің Жаркент болысында ауқатты ұйғыр Вали Ахун Юлдашев кедей ұйғыплардың 10 мыңнан астам десятина жерін өзіне жалға пайдалануға алды.)

4.Ұйғыр халқының музыкасы туралы пікір айқан ғалыс-саяхатшылар:

А) Н.М. Пржевалъский, В.И. Роборовский(Ұйғыр халқының тамаша,музыка өнері,әні мен биі туралы ғылым-саяхатшылары Ш.Уалиханов,В.И.Роборский,Н.М.Пржевалский т.б. болды. Ұйғыр халқының дүние жүзілік мәдениет қорына жататын 1905 ж. Қазан қаласында Мусса ибн Сайрамидің «Он екі Мұқам»еңбегі шықты)

В)Г.С. Карелин. А. Бутаков.

С)В.И. Даль, А.С. Пушкин

Д)В. Юлдашев, Г.А. Колпаковский

Е)П.П. Семенов-Тяньшанский, И.А. Северцев

Мағынаны тану Әңгіме аялдамасы әдісі бойынша түсіндірме жасау.

1.Ш. Уәлиханов өмірі мен қызметі.
2.Зерттеулері мен  еңбекте

3. Орыс демократиялық мәдениеті

Оқушының іс-әрекеті.

Әр топ оқушылары төлінген тақырыпты оқиды және түсініктеме береді

§30-31.Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов.

ØОрыс демократиялық мәдениеті

1.      Орыс демократиялық мәдениетінің көтерілген кезеңі: ХІХ ғасырдың екінші жартысы.

2.      Дүние жүзіне белгілі ғалым, «Қырғыз өлкесі», «Түркістан өлкесі»  атты еңбектердің авторы:П.П.Семенов-Тяньшанский (1827-1914 жж)

3.      ХІХ ғасырдың екінші жартысында Алтай бойына, Жетісу мен Орта Азияға саяхат жасап, өлкені жан-жақты зерттеді.

4.      ХІХ ғасырдың аяғында Іле алқабын, Жетісуды зерттеп, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинастырған шығыс зерттеушісі, академик: В.В.Радлов (1837-1918 жж).

5.      «Орынбор ведомствасындағы қырғыз даласы» еңбегінде Кіші Жүз тарихын жан-жақты сипаттаған көрнекті зерттеуші: Л.Мейер.

6.      «Сібір қырғыздарының облысы» атты еңбектің авторы: М.Красовский.

7.      «Торғай облысы. Тарихи очерк» атты еңбектің авторы, қазақ жерінің Ресей құрамына қосылу дәуірін біршама толық зерттеген: А.Добросмыслов. 

8.      ХІХ ғасырда қазақ халқы тақырыбы шығармашылығында белгілі орын алған украин халқының ұлы ақыны: Т.Г.Шевченко.

9.      Украин халқының ұлы ақыны Т.Г.Шевченконың қазақ жерінде айдауда болған жылдары: 1847-1857 жылдар.

10.   Т.Г.Шевченконың қазақ және украин халықтарының өмірін салыстыра жырлаған өлеңі: «Менің ойларым».

11.   Т.Г.Шевченконың тұрмыстың шындық жақтарын бейнелеген суреттері: «Қазақ шаңырағы», «Атқа мінген қазақ», «Байғұстар».

12.   Қазақстан тарихын зерттеуді ғылыми жолға қойған орыс географиялық қоғамының Орынбор, Омбы, Семейдегі бөлімдері ашылған жыл: 1845 жылы.

13.   Қазақ пен орыс халқының өнегелі өкілдері достығының тамаша бір көрінісі: Абай мен Е.П.Михаэлистің қарым-қатынасы.

14.   Шоқан Уәлиханов

15.   Шоқан Уәлихановтың өмір сүрген жылдары: 1835-1865

16.   Шоқан Уәлихановтың шын есімі: Мұхаммед-Қанапия.

17.   Шоқан Уәлихановтың ата-тегі: Ақсүйек Шыңғыс тұқымы.

18.   Шоқан Уәлихановтың туған жері: Құсмұрын бекінісі.

19.   Шоқанның атамекені Солтүстік Қазақстандағы тарихи аңызға айналған сұлу өңір: Сырымбет.

20.   Шоқанның сана-сезімінің ерте оянуына ықпал еткен: Әжесі Айғаным.

21.   Шоқан Уәлихановтың оқыған Омбы қаласындағы оқу орны: Сібір кадет корпусы.

22.   Декабрист И.Завалишиннің бағасы бойынша, бұл оқу орны – «ағарту ісі мен патриотизмнің ордасы».

23.   Шоқан Уәлихановтың Сібір кадет корпусында білім алған жылдары: 1847-1853 жылдар.

24.   Шоқан Уәлихановтың Сібір кадет корпусын бітірген кездегі жасы: Он сегіз.

25.   1853 жылы Сібір кадет корпусын бітірген Шоқанның әскери шені: корнет.

26.   Шоқанмен саяхаттардың кейбір маршруттарында бірге болған көрнекті ғалым, географ:П.П.Семенов-Тяньшанский.

27.   Шоқан Уәлихановтың  Құлжаға барған жылы: 1856 жыл.

28.   Шоқан Қытаймен екі ел арасындағы сауда байланысын жақсартуға үлесін қосып, Қытай ұлықтарымен келіссөз жүргізді.

29.   Шоқан Уәлиханов қағазға түсірген эпикалық шығарма: «Манас».

30.   1856 жылы Шоқан Уәлихановтың топографиялық және картографиялық деректерде сипаттаған көлі:Ыстықкөл.

31.   Шоқан Уәлиханов орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланды: 1857 ж. 27 ақпан.

32.   Шоқанды әлемге әйгілі еткен сапары: 1858-1859 ж. Қашқар саяхаты.

33.   Шоқанды әлемге әйгілі еткен еңбегі: Қашғар сапарынан туған еңбегі.

34.   Шоқанның Петербургте болған жылдары:1859-1861 жж.

35.   Шоқанның досы, аса көрнекті орыс жазушысы: Ф.М.Достоевский.

36.   1864 жылы Шоқан Уәлихановтың генерал Н.Черняевтің әскери экспедициясы құрамында басып алуға қатысқан бекініс: Әулиеата.

37.   Әулиеата бекінісіндегі алудағы генерал М.Г.Черняевтың әділетсіздігіне налыған Шоқан Уәлихановтың Верныйға қайтқан жылы: 1864 жыл.

38.   Ш.Уәлихановтың Қытайдағы дүнгендер көтерілісі туралы «Русский инвалид» газетінде ақырғы еңбегі жарияланған жыл: 1865 жыл.

39.   Шоқан Уәлиханов қайтыс болған жер: Алтын Емел.

40.   Ш.Уәлиханов қайтыс болды: Тезек төренің ауылы.

Ой толғаныс

 

Бекіту сұрағы. Ілеспе сұрақ арқылы жұмыс

1. Семенов — Тяншанский қай жерлерге саяхат жасады?(Алтай бойына, Жетісу, Орта Азия)

2. Семен — Тяншанскийдің қандай еңбегі Қазақстан мен Орта Азияға арналған?(Ресей. Отанның

толық географиялық сипаттамасы) деген еңбектің «Қырғыз өлкесі», «Түркістан өлкесі» атты еңбектері.

3. Іле алқабын, Жетісуды зерттеп ол жердегі халықтың ауыз әдебиет үлгілерін жинастырып жариялаған ғалым?(шығыстанушы, академик В. В. Радлов)

4. М. Красовскийдің қазақ халқының шығу тегі туралы баяндалған еңбегі қалай аталады?(Сібір қырғыздарының облысы)

5. Кіші жүз тарихын жан — жақты сипаттауға арналған Л. Мейердің еңбегі қалай аталады?(Орынбор ведмоствасындағы қырғыз даласы)

6. Қазақ жерінің Ресей құрамына қосылу дәуірін зерттеген «Торғай облысы. Тарихи очерк» еңбегінің авторы?(А. Добросмыслов)

7. Украин халқының ұлы ақыны Т. Г. Щевченко қазақ жерінде қай жылы айдауда болды?(1847-1857)

8. Т. Г. Щевченконың тұрмыстың шындық жақтарын бейнелейтін туындысы қалай аталады?(Қазақ шаңырағы, Атқа мінген қазақ, Байғұстар)

9. Орыс географиялық қоғамы қай жылы ашылды?(1845 жыл)

10. ХІХ ғасырда халықтың сауатын ашып, тіл білімі мәселесін зерттеуді жолға қою мақсатында қай қалаларда гимназиялар ашылды?(Тобольск, Томск, Орынбор, Саратов, Астрахан)

 

І. Топтық тапсырма: «Математикалық шкатулка».

І – топ: 500 * 3 + 800 / 2 + 706 =1856 жыл. (Жетісуға, Ыстықкөлге, Құлжаға сапар шегеді. Күнделіктер жазады. Қараша айында П. П. Семенов – Тянь-Шанскиймен танысады. Қызметте ерекше көзге түскені үшін поручик шенін алады).

ІІ – топ: 250 + 250 * 3 + 500 – 143 = 1857 жыл.(Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланады. Қашқарға сапарына қамдану үшін қыс кезінде Алматыда тұрақтап, қажетті мағлұматтар жинайды).

ІІІ — топ: 2000 / 2 + 900 — 42 = 1858 жыл.(28 маусымда Семейден Қашқарға беттеген керуен құрамына Әлімбай саудагер деген құпия атпен қосылады ).

ІҮ – топ: 700 * 2 + 926 / 2 + 700 = 1863 жыл. ( сот реформасы туралы халық пікірін жинау жөніндегі комиссия жұмысына қатысады).

ІІ. Тапсырма: «Әңгіме не жайында?»

І – топ: Шоқан сол күні сонау Кадет корпусынан бітірген жылдан бастап сылап – сипай, кербез бөліп, қайыра тарап қастерлейтін шашын ұстарамен қырғызды. Үстіндегі офицер киімін шешіп, Азия елінің ұзын шапан, шолақ жең камзолын киді. Аяғына жылтыр қара мәсі мен кебіс киді. Сөйтіп Шоқан

шығыс елінің саудагер бейбатшасы болып шыға келді.(Қашқарияға сапары)

ІІ – топ: Экспедицияның бір тоқтаған жері Шалкөде жайлауы болды. Бұл жайлау басы Көгершінді

бұлағынан басталып, аяғы Кегенге құятын Шалкөде өзенінің бойы.(Ыстықкөлге сапары)

ІІІ – топ: Оңтүстіктің тамылжыған ыстық шілдесі басталды. «Түні салқын, күні ыстық, суы салқын, сайы мүк» деп жырланатын Жетісудың Жоңғар сілемін бөктерлей салқар – салқар көшін тартып, керуен мамырлап басып жол тартты.

ІҮ – топ: Шартастың айналасында да бірнеше аңызға өзек боларлық суреттер тасқа ойып салынған. Үңгіртастың солтүстік – шығысына төмен жалпақ тастар қатарынан созылған.(Ыстықкөлге сапарынан)

Сөзжұмбақ.МҰХАММЕД 

Г Е Р М А Н И Я  
Қ Ұ С М Ұ Р Ы Н  
  У Ә Л И Х А Н О В  
  Қ А Ш Қ А Р Ғ А  
А Й Ғ А Н Ы М  
  О М Б Ы  
    А Л Т Ы Н Е М Е Л  
  Д О С Т О Е В С К И Й

1. Шоқанның Қашқария сапарына арналған еңбегі қай елдерді жарық көрді? (Германия)

2. Шоқан дүниеге келген бекініс? (Құсмұрын)

3. Шоқанның тегі? (Уәлиханов)

4. 1858 — 1859 жылдары Шоқан қай елге саяхатқа барды? (Қашқарға)

5. Шоқанның әжесі? (Айғаным)

6. 1847 жылы Шоқан қай қалаға келіп оқуға түсті? (Омбы)

7. Шоқан қайтыс болған жер? (Алтынемел)

8. 1854 жылы Шоқанның Омбыда танысқан досы? (Достоевский)

Сөзжұмбақ. ҚАНАПИЯ

  Ы С Т Ы Қ К Ө Л  
  Қ Ұ Л Ж А  
    К О Р Н Е Т  
  М А Н А С  
З Е Й Н Е П  
  Р У С К И Й И Н В А Л И Д  
  Т Я Н Ь Ш А Н С К И Й

1.1856 жылы Шоқан топографиялық және картографиялық деректерде сипаттаған жер.
(Ыстықкөл)

2. 1856 жылы күзінде Шоқан қайда барды? (Құлжа)

3. Кадет корпусын бітірген Шоқан қандай офицерлік атақ алды? (Корнет)

4. Шоқанның қырғыздардан жазып алған жыры? (Манас)

5. Шоқанның анасы? (Зейнеп)

6. Қытайдағы дүнгендер көтерілісі туралы ақырғы еңбегі жарияланған газет?

(Руский инвалид)

7. Ыстықкөлге барған кейбір сапарларында бірге болған орыс ғалымы? Семенов — Тяншанский

Бағалау Табыс критерий арқылы оқушыны үнемі бағалау.  

№1 тапсырма.  Цифрлар сөйлейді. Әр қайсмысы 33 оқиға беріледі, 1 ұпайдан есептеледі.

№2 тапсырма Бірнеше жауаптан тұратын тапсырмалар

№3 тапсырма Бір жауаптан тұратын тапсырмалар (12 сұрақ)

Жаңа тақырыпты бойынша қосқан үлесі

№4 тапсырма Ілеспе сұрақ арқылы жұмыс .10 сұрақ

№5 тапсырма«Математикалық шкатулка». 4 тапсырма

№6 сөзжұмақ 2 дана 8/7

Үйге тапсырма Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов. (дәптермен жұмыс)
Кері байланыс  
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *