Атырау қаласы
Жұмыскер ауылы
№35 мектеп-гимназиясының
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі:
Қамиева Ардақ Бектемісқызы
Тақырыбы: Кешірімділік –көңіл кеңдігі
Құндылық: «Қиянат жасамау»
Қасиеттер: түсіністік, сыйластық, қамқорлық
Сабақ мақсаты: Кешірімділіктің адам бойындағы жақсы қасиет екенін түсіндіру.Айнала қоршаған адамдарға кешіріммен, түсінісушілікпен,ізгілікпен қарап, «Қиянат жасамау» құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері: Білімділігі:Адамдарға ізгілікті көзқараспен қарау түсініктерін кеңейту, кешірімді болу арқылы кемелдікке жетуге болатындығын ұғындыру; Дамытушылығы:Қарым-қатынас жасауда өзара түсінікте болу дағдыларын қалыптастыру; Тәрбиелігі:Кешірімділікке, сыйластыққа,кеңпейілділікке,сыйластыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Классикалық әуен, слайд,маркер,формат қағаз, шарлар, қанатты сөздер, тақтада ілінген суреттер |
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. (5 мин) Сабақта «5 Т» ережесін еске түсіру Тыныштық сәтiн ұйымдастыру. «Өзіммен-өзім» Елестетіп көріңіз: Сен үйіңнен шығып,сабаққа қарай бет алдың.Жол бойы адамдарға қарап келесің. Айналаңдағы адамдардың барлығы шаттанып, жүздері жайнап, бақытты көңіл күйде жүр. Сен де бақыттысың,себебі кеше көптен бері түсініспей жүрген досың радио арқылы кешірім сұраған еді. Бүгін досыңды көру үшін үйден ерте шықтың. Не деген керемет! Өзіңді жеңіл сезініп келесің. Қашаннан бері осы күнді күтіп едің. Бар тілегіңмен досыңмен бірге болып, қайта қауышқың келген. Міне, шын тілеу орындалады екен. Сенің айналаңа айғайлағың келді: -Мен досыммен қайта татуластым!-деп. Бірақ өз-өзіңді ұстадың. «Кешірші!» деген бір-ақ ауыз сөздің қандай күшке ие екенін кеше түсіндің. Енді ойлап келесің. «Адамдар өздерін текке қинайды екен ғой» деп. Көңіліңде титтей де ніл жоқ болса,бәрі де басқаша болады екен деп ойладың.Кешегі күнге дейін адамдардың күлкісіне назар аудармайтын едің,енді байқап келесің, жарасымды көріністерден көз алмай қарап бара жатқаныңды да сезбей қалдың. Өз-өзіңнен ұялып : -Мә,бұрылып қарағаным не,ұят болды-ау!-деп қысылып та кеттің. Әлем басқаша сияқты.Тезірек жетсем екен мектепке деп, енді ғана асықтың. Мектеп ауласынан кірген кезде досың елеңдеп сені іздеп тұр екен. Көре сала асығып аяңдадың.Шыдай алмай, атын атап шақырдың. Ол да сені көріп, саған қарай жүрді. Екі езулерің жиылмай келеді. Бір-біріңе жеткен кезде құшақтасып ұзақ тұрдыңдар. Бір-бірлеріңді сағынып қалғандарың сонша-айрылғыларың келмеді.Бұл-сендер үшін үлкен сынақ болғанын түсіндіңдер.Қол ұстасқан күйде мектеп кіріп кеттіңдер.Іштеріңнен ойлап бара жатырсыңдар: Барлық реніш осылай аяқталса ғой,шіркін! –деп. Осы сезімде cәл отыра тұрайық. Енді жаймен көзімізді ашамыз. Оқушылар тыныштық сәтінен алған әсерлерімен бөліседі.
|
Сабақ барысын талдау: |
2.Үйге тапсырмасын тексеру ( 5 мин)
«Кешірім күші» атты А.Бейсебайдың мәтінін оқып келу. 1.Әрдайым өмір біз ойлағандай бола ма? 2.Кек сақтаудың адам өміріне тигізетін қандай залалдары бар? 3. Сенің біреуді кешірмеуің немесе кешіре алмауың неге әкелуі мүмкін? 5.Кешіре алмаудың қиянатқа қандай қатысы бар? 6. Кешіру қандай күшке ие? |
|
3.Дәйексөз (5 мин)
Кішінің тәубәсі болса,үлкеннің кешірімі бар. Халық даналығы 1.Дәйексөзді дәптерлеріне жаздыру. 2.Оқушыларға дәйексөздің мағынасын ашқызу. 3.Оқушыларға үш рет қайталатып айтқызу. |
|
4.Оқиғаларды әңгімелеу (әңгімелесу) ( 7 мин)
Бейнебаян «Әке мен бала» 1. Оқиғаның желісі қалай аяқталды? 2. Жақсылықпен аяқталуға себеп болған кім? 3. Атасының қиянат көрмеуінің себебі не деп ойлайсыңдар? 4. Баласының шешімі бұндай болмағанда не болар еді? 5. Ойланбай жасаған қателіктің соңы неге ұрындырады? |
|
5.Шығармашылық іс-әрекеттер,топтық жұмыс (7 мин.)
1-топ: Берілген мәтінді сурет ретінде бейнеле. Кемелдікке жеткен адамның көкірегінде кек болмайды.Ол әрқашан мейірімді.Мейірімділіктен қайырымдылық шығады. Басқа адам оған қастық істесе де,тек қайырымдылықпен жауап қайырады. Ол -жан-жағына махаббат пен нұр шуағын сыйлап жүретін адам. 2-топ: «Кешірім хат» Өзіңнің көңіліне қаяу түсірген адамыңнан кешірім сұрап, хат жазу. 3-топ: «Сахналық қойылым» Араларында реніш туындаған екі досты татуластыру. |
|
6.Сергіту сәті (5 мин)
«Кешірімді жан» анықтайық. 1.Сен өз сыныптастырыңмен байқауға қатынаспақшы болып,күн сайын дайындалып жүрдің.Нағыз байқау болатын күні бармай қалдың.Олар орын ала алмапты. Саған қатты ренжіген. Осы жағдайды кешіретін досыңды ата. 2. Әрдайым сыныптағы түсініспеушілікті шешіп, келісімге шақыратын үш адамды жаз. 3. Сыныптағы жиһаз сынып қалатын болса,бірінші болып мойындай алатын сыныптасың кім? 4.Ешбір адамға да, ешбір тіршілік иелеріне де қиянат жасамайтын «жүрегі таза жан»деп кімді атар едің? 5. Әрдайым өзін өзгенің орнына қоя алатын, сөйтіп кешірім сұрауға бірінші қадам жасайтын сыныптасыңды жаз. Қорытынды. (2 мин) Сынып оқушыларын «Кешірімділік сыйы» деген тақырып бойынша сөйлету. Барлық оқушылар суретті таңдай отырып, сол таңдаған сурет арқылы өз ойын байланыстырып, қорытындылайды. Оқушыларға ұсынылған суреттер: терек,желкенді қайық,тау,ақша, жол,егіс даласы,көгершін,қамшы, гүл, шарлар, жалғыз адам, сіріңке,құлып,бұлт,ою-өрнек,май шам, дауыл, көбелек,сыйлық, біріккен қолдар,домбыра,өрмекшінің торы,күн нұры. Берілген суреттің ішінен таңдау жасалады. Кейбір суреттер таңдалмауы мүмкін. |
|
7.Топпен ән айту. Оқушыларға ұнайтын көңілді әнді бірге айту.
«Армысыңдар,адамдар!» әнін айту. (3 мин) Мұқағали Мақатаев 1.Күн батты ма,түн келді ме,таң атты ма қайтадан, Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта,Адам? Арма,өмір,бар әлемді баурына алып шайқаған! 2рет
2.Әрбір әрпі қанға шомған тарихына қараңдар, Отырардай опат болған қала жоқ па,жарандар? Тату-тәтті бармысыңдар,армысыңдар,Адамдар! 2рет
3.Әлем –дархан,саялаңдар,бәріңе де орын бар, Қорған емес,салтанатты, сәнді сарай соғыңдар. Ей,Адамдар,сендер тату,сендер тату болыңдар! 2рет
4.Анамыз-Жер,сол Анадар жаратылдық, туыстық, Алайда біз қан да төктік,қалжырадық,ұрыстық… Армысың,сен,арамызда жалғыз перзент-Тыныштық! 2 рет |
|
8.Үйге тапсырма. (0,5)
Тапсырма.Оқулықтағы ұсынылған ойларды салыстырып,өз ойларымен түйіндеу. Дәптердегі тапсырманы орындау. |
|
9. Соңғы тыныштық сәтi. (1 мин)
. -Көзімізді жұмып, жайбарақат,манаураған қалыпқа еніңіздер. Жан дүниеңіз тыныштықққа,бақытқа,шаттыққа толғанын сезініңіз. Енді бүгінгі сабақта айтылған құнды дүниелердің бәрін есімізге түсірейік.Сол нәрселерді көңілімізге түйіп, жүректерімізге құйып алайық. Осы тыныштықта сәл отыра тұрыңыз. Тыныштық,тыныштық, тыныштық…. тыныштық бар жерде, Тыныштық,тыныштық, тыныштық… тыныштық бүкіл әлемде. |
Жақсы жазылған