Қостанай облысы
Қостанай ауданы
Жамбыл ауылы
Жамбыл орта мектебі
Борсанова Алия Сарсенбаевна
Аппақ менің анашым!
(Балалар музыка әуенімен кол ұстасып кіреді екі-екіден.)
1 тәрбиеші: Қош келдіңіздер! Аяулы әжелер, аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі тәрбиешілер!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Келесі тыңдайтындарымыз кішкентай бүлдіршіндеріміздің әнің қабыл алыңыздар.
Ән «Ақ мамам»
Жүргізуші:
Дала гүлге бөленді.
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда
Құстар сайрай жөнеледі.
«Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ана көзі нұрды тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Айсана
Бүгін Наурыздың сегізі
Сұлулықтың егізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
Нұрахмет
2. Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағында қысылмай.
Дильнара
3. Жүре берсем қасымда
Әйбат анам, әй анам
«Ботам» деген дауысыңнан
Мен мәз болып оянам.
Имангали
4. Еркелесем күнім дейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан искеп менің
Құлыншағым күнім дейтін.
Жансая
5. Анамды мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда апам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем
Аян
6. Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Тәрбиеші:
Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық ойынымызды.
(Музыка қосылады)
«Ойын» Қолшатыр кімге тиеді?
Ойын шарты:
(4 бала шығады ортаға, 3 қолшатыр қойылады, сол қолшатырды ән ырғағымен айналып билеу, соңғы қалған балаға сыйлық беріледі)
Тәрбиеші: -Расында да, бізге ойын ұнады ма?
Жүргізуші: Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелеріңізбен құттықтаймыз. «Анасы мен әжесі бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті аналар мен әжелер.
Тақпақтар:
Малика
7. Әжем менің әйбат.
Ешкім оған жетпейді.
Күні бойы бірге ойнап,
Жанымнан бір кетпейді.
Мөлдір
8. Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Қуаныш
9. Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым.
Ұзақ өмір жүр жасап.
Ауырмашы анашым.
Дилара
10. Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегіңде сақтаған.
Анашым деп мақтанам.
Айналайын ақ мамам
Мәди
- 11. Айтсаң болды тіл алам.
Әйбат мамам әй мамам.
Сені көрсем қуанам.
Сен керексің қашанда. - Тәрбиеші: Аналардың анасы, әжелерге арналған балалардың сыйын қабыл алыңыздар, келесі кезекті «Әжем» атты әнге береміз
Ән «Әжем»
Ислам
12 Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!
Рахат
13 Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Жандәулет
14 Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.
Нұрдана
15 Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Айдана
16 Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.
Жүргізуші:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын баласы бар.
Ұлдар биі: «Шляпа биі»
Тақпақтар:
Жұлдыз
17 Айналайын анашым,
әлпештеген баласын,
Еміп өскен бөбекпіз,
анамыздың мамасын.
Елнұр
18 Ақ қабақты анашым,
күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
айналайын анашым.
Дарина
19 Анам, анам, ақ анам
Мен өзіндей ақ балаң,
Айтқан тілді аламын.
Жұмсағанда барамын.
Дарын
20 Қозы бағып жүргенде,
Жаңбыр жауды,
Бір тамшысын әкелдім,
Анам саған.
Тәрбиеші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне кишкентай сәбилеріміздің Балапан биін қабыл алыңыздар.
Балапан биі
Анель Ш.
21 Гүлдер жауып кетіпті,
Қырды, тауды.
Гүлдер теріп әкелдім,
Анам саған.
Томирис Б.
22мейірлі жүзіне қараймыз.
Анамыздың пеілі,
Жомарт жаңға балаймыз,
Құшақ ашса келші деп,
Жүгіреміз күлімдеп.
Таир
23 Анамызға еркелеп,
Қуантуды қалаймын,
Гүл сыйлаймын,
Жан ана.
Айару
24 Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым,
Айналайын анашым
Әдемі бол әрқашан.
Әмина
25Аппақ менің әжем,
Тәтті-ақ оның наны
Сағынамын сені
Аппақ менің әжем.
Би: « Вальс»
Тәрбиеші:
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым!
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған — анамыз емес пе?
Ендеше, аналарымызбен бірге йын йнап жіберелік
Мақсаты: аналарының балаларын қалайеркелететінің, қандай жылы сөздермен баурап алатының көрсету. (2 бала аналарымен шығады)
Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!
Жүргізуші:
— Құрметті, аналар мен әжелер. Сіздерді “Балапан” тобының бүлдіршіндері атынан бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Аспандарыңыз ашық, дендеріңіз сау болсын. Осы өсіп келе жатқан ұл-қыздарыңыздың қызығын көріп, жүз жасаңыздар. Осымен мерекелік кешіміз аяқталды.