Басы » Бастауыш сыныптар » Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Қостанай облысы, Рудный қаласы

«№7 орта мектебі»ММ

Балапашева Гүлмира Бидоллақызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы:  «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

Мақсаты: Оқушылардың жан-жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте  сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, әр топқа даярлаған үстел, интерактивті тақта.

Түрі: Топтық сайыс

Барысы:

 1.Ұйымдастыру кезеңі.

(Оқушыларды берген тапсырманы дұрыс орындауға, нақты жауап беруге дайындау)2.Кіріспе бөлім.

          Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар!

Ұлы Абай атамыз айтқандай «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол»-деп келешек ұрпаққа берер тағылымы мол, іздер қалдырған. Олай болса бүгінгі сайысымызда, ойынымызда өзімізді жаңаша қырыннан көрсетіп, жақсы атсалысайық.

Ал келіңдер, келіңдер,

Біріңе-бірің еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер,-дей отырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» атты сыныптан тыс зияткерлік ойынымызды бастаймыз.

Енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. Бөлімдермен таныстырып өтейін: 

 

Әр пәннің сырлары ,

Қызықтырды біздерді .

Ойынға бірге қатысуға,

                                             Шақырамыз сіздерді- дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ- қазылар алқасымен танысып өтейік.      

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына!

Ұқыптылық пен зеректік.

Жеткізер сіздей өренді

Білімдінің сырына!

Қадамдарың оң болсын,

Сәт-сапар енді тілейін!

І – кезең: Таныстыру. Енді топ мүшелерімен танысуға көшейік. (әр топ – топ аты, топ ұранын, сәлемдесуімен таныстырады, әр топта 8 оқушыдан қатысады)   

1топ «Алғырлар»

Ұраны: Жарыс десе жанамыз

              Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз

                   Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз

                  Қияларға самғап ұшқан құстаймыз

                  Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз

2топ. «Тапқырлар»

Ұраны:Білікті бірді жығады

             Білімді мыңды жығады

Сәлемдесуі:Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым

                 Көрсетеміз бізде қандай күш барын

               Алға қойған мақсатымыз бір екен

              Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

ІІ – кезең: «Жүйрік болсаң, шауып көр».

 Нұсқау:  Әр топқа берілген жиырма лездік сұрақтарға жауап беру.

 

ІІІ – кезең: «Ойлан, тап!».

  Нұсқау: Кестеде құс аттары жасырылған. Егер дұрыс тапсаңдар, Қазақстан жерінде тіршілік ететін құстардың аттарын білесіңдер.

ІV- кезең: «Ойна да ойла».

Нұсқау:  топ басшылары ортаға шығып, орындыққа отырады. Сіздерге көрсеткен суретіндегі бейнені тек қана қимыл-әрекет, ым-ишарамен топ басшыға түсіндірулеріңіз шарт.

 

V – кезең: «Сөз тапқанға қолқа жоқ».

Нұсқау: Тапсырмадағы сұраққа ойланып жауап беру.

 

Көрермендермен жұмыс.

Есептер шығару

  1. 1.     Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар?
  2. 2.     Түнгі сағат 12-де жаңбыр жауып тұр. 72 сағаттан кейін күнді

көруге бола ма?

3. Қорада тауықтар мен қояндар бар. Олардың барлығы 15 бас, ал аяқтарының

саны 50 болса, қорада неше тауық, неше қоян бар?

 

VI – кезең: «Әрі қысқа, әрі нұсқа».

Нұсқау: Берілген сөз тіркестерінің мағынасын мейлінше бір сөзбен

 қысқаша айту керек.

 

VII — кезең: «Тіл ұстарту».

Нұсқау:  Табиғатта байланысты өлең шумағын құрастыру.

 

Сонымен оқушылар сайыстың ақ пен қарасын шешетін кезеңде келіп жетті. Жеңіске жеткен топты білу үшін әділқазылар алқасына сөз беріледі.

Олай болса, ұщқыр ойдың серіктері білім, ынта, ақыл, ізденіс, нәтиже екен. Осы жақсы қасиеттерді бойларыңа қалыптастырыңдар, жақсы азамат, азаматша болып өсіңдер демекпін. Өздеріңнің құрбыларың әдемі биден шашуын тамашалайық.

Келесі кездескенше аман болайық!

 

 

 

САБАҚТЫ ӨЗІНДІК ТАЛДАУ

 

«№7 орта мектебі» ММ

Мұғалім аты-жөні: Балапашева Гүлмира Бидоллақызы

Күні: 20.09.2013ж.

Түрі: Зияткерлік сайыс (сыныптан тыс сабақ)

Сынып: 3 «Ә»

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!»

Сынып бойынша қысқаша мәлімет: Барлық оқушының сабаққа яғни әсіресе зияткерлі сайысқа деген ынталары мен қызығушылықтары өте жоғары деңгейде. Себебі, кез-келген тапсырмаларды дұрыс шеше білуге, қарсы топпен жарыса біліп, өз ойларын толық жеткізе білуге, күш сынасуға дағдыланған. Жалпы сыныптың ойлау, сөйлеу, есте сақтау, қабылдау қабілеттері жақсы дамыған.

Сайыста келесі мақсат-міндеттер іске асырылды:

Мақсаты: Оқушылардың жан-жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте  сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Міндеті:

  1. 1.     Тәртіп сақтау;
  2. 2.     Бір-бірінің сөзін, ойын тыңдау;
  3. 3.     Өз ойларын жеткізе білу;
  4. 4.     Білім, білік және дағдыны қалыптастыру.

Сайыста төмендегідей құралдарды қолдану арқылы жүргіздім:

  1. 1.     Түрлі кезеңдердегі тапсырмалар түрі(таратпа карточкалар);
  2. 2.     Интерактивті тақта

Сайыстың түрі мен типіне байланысты төмендегідей құрылымдар құрастырылды:

  1. 1.     Оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын арттыру;
  2. 2.     Дүниетануымын қалыптастыру;
  3. 3.     Шығармашылық ойлауды дамыту;
  4. 4.     Сайыстың әр түрлі кезеңдеріндегі оқушылардың белсенділігін арттыру.

Сайыстың кезеңдері:

1-кезең; «Таныстыру»

2-кезең; «Жүйрік болсаң, шауып көр»

3-кезең: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

4-кезең: «Әрі қысқа, әрі нұсқа»

5-кезең: «Ойна да ойла»

6-кезең: «Ойлан, тап!»

7-кезең: «Тіл ұстарту»

Сайыста бақ сынасқан 2-топ «Алғырлар» мен «Тапқырлар» тобы өз мүмкіншіліктерін түрлі кезеңдерде берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің қаншалықты білімді меңгергендерін сынап, көрсете білді. Топпен бірлесе отырып нақты жауап шешу, орындау, тексеру, сайысу, топ үшін бар мүмкіншілігін құр жіберіп алмау, ұпай санын көп жинау  сияқты қасиеттерді бойларына сіңіре алды. Екі топтың жалпы ұпай сандарын әділ-қазы мүшелері ақылдаса шеше отырып, «Алғырлар» тобы І-орынға, ал «Тапқырлар» тобы ІІ-орынға иеленгенін айтып, сыйлықтармен марапаттады. Оқушыларға сайыс ұнады. Мұғалімнің сайысқа қойылған мақсат-міндетіне толықтай жете білді.

1топ

Топтың аты: «Алғырлар».

 

Ұраны: Жарыс десе жанамыз

           Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

 

Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз

                 Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз

                  Қияларға самғап ұшқан құстаймыз

                  Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз

   

 

 

2топ.

Топтың аты: «Тапқырлар».

 

Ұраны:Белікті бірді жығады

             Білімді мыңды жығады

 

Сәлемдесу:Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым

                 Көрсетеміз бізде қандай күш барын

               Алға қойған мақсатымыз бір екен

              Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

 

 

 

 

Бағалау парағы

 

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

зияткерлік сайыс

 

Кезеңдері

«Алғырлар» тобы

«Тапқырлар» тобы

І- Таныстыру 

 

 

 

ІІ-«Жүйрік болсаң шауып көр» 

 

 

ІІІ- «Сөз тапқанға қолқа жоқ» 

 

 

IV- «Әрі қысқа, әрі нұсқа» 

 

 

V- «Ойна да ойла» 

 

 

VI- «Ойлан, тап!» 

 

 

VII- «Тіл ұстарту» 

 

 

Жалпы  ұпай саны 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«№7 орта мектебі»ММ

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!»

Өткізген: Балапашева Гүлмира Бидоллақызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *