Жакипова Райкуль Маделханқызы.
Қызылорда обылысы.
Жаңақорған ауданы.
№255 негізгі мектеп мұғалімі
Мен деңгейлік курстан не үйрендім?
Эссе
Қызылорда қаласына 3-4 жыл салып келіп тұрмын. Осы қалада студенттік өміріміз өтті. Қала танымастай өзгерген, бұрынғыдай емес ажарланып, құлпырып кетіпті. Педагогикалық шеберлік орталығын табу маған қиынға түспеді.Оның үстіне 5 жыл білім нәрімен сусындандырған педагогикалық институтының физика-математика корпусының жанында екен. Ертерек келгендіктен оқып білім алған ғимаратқа қарап біршама уақыт студенттік қызықты шақтарым еске түсті.
Педагогикалық шеберлік орталығы табалдырығын аттап осы 4-топқа бөлінген екенбіз, орындарымызға келіп отырдық. Айналамда бейтаныс мен сияқты әріптестерім жинала бастады. Біздің тобымыздың жетекшісі Ділманов Бауыржан Қыдырбайұлы екен. Жас та болса, бас бола білетін жігіт. Бойын жалын кернеген, сымбатты, өнерлі жігіт. Өзі жас екен, біздерге қалай сабақ жүргізеді екен деп ойладым. Бірақ ол ойымнан 1-ші сабағын өткізгеннен кейін өзгердім. Себебі сабақ беру дағдысы маған өте ұнады.
Біліктілік курсына келгенде осы курс маған не береді? Мен оны қалай жүзеге асырамын деген ой болды. Мектебіміз болса шағын өзгерісті қалай да енгізуіме тура келеді. Оқу бағдарламаларын игеру барысында көкейімде жүрген көптеген сұрақтарға жауап таптым десем болады. Түрлі проблемалардан шығу жолдарын әріптестерімізбен бірге меңгеріп жатырмыз. Топқа келген 22 әріптестеріммен танысып жақсы араласып, сырласып, алдағы жоспарларымызбен бөлісіп, бір-бірімізден ертең бітіргенде қалай қоштасамыз деген ойлар келеді. Қазір бір үйдің балаларындай бір-бірімізге бауыр басып қалдық.
Алғашқы күннен бастап деңгейлік курстың міндет мақсаттарын жан-жақты талқыладық. Екінші және үшінші деңгей бағдарламасын жүзеге асыру жолдарының түйінді идеяларын қарастырдық. Тәлімгерлік және коучинг қандай жұмыстар атқаратынын, олардың мақсат міндеттерін айқындадық, талқыладық. Сергіту сәттері әркелкі өте қызықты өтті. Топқа бөлу де түрліше бір-бірін қайталамайтын сәтті ұйымдастырылған шара болды. Топпен жұмыс жасағанда қолдануға әбден болады. Коучингті қалай ұйымдастыру және жоспарлауды меңгердік. Ең қызығы жұптпсып барлық әріптерімізбен күнде коучиг сабақтарын өткізіліп тұрды. Коучинг сабақтардан көп нәрсені ойға түйдім.Бір жағынан қызықты , бір жағынан қорқыныш та жоқ емес.Өйткені мен келген мектепте мұндай сабақтар өтілмеген, ертең мен коучингті қалай өткізер екенмін деген ойлар мазалаған, курс соңында өзіме деген сенімін артты.Неге өткізбеске? Мектебіміздге
жаңалықтарды енгізе отырып, сабақтардың сапасын жақсартуға, оқушылардың білім деңгейлерін қолымнан келгенше көтеруге тырысамын. Маған ерекше әсер қалдырғаны зерттеу сабақтары. Сабақты зерттеу тәсілі жапон елінен бастау алып бүкіл дүние –жүзіне тараған кең көлемде қолдауға ие болған тәсіл болып табылады. Сабақты зерттеу мұғалімнің сабақ беру тәсілдерін дамытады. Мұғалімдер ынтымақтаса отырып оқушыларды зерттейді, білім деңгейлерін анықтайды. Сабақты бірлесіп жоспарлайды, талқылайды, тиімді жақтарын ала отырып қайта жоспарлайды. Әр сабақ өзінше ерекше түрде жүргізілді. Мектепте барғанда алған білімімді баланың ой-өрістерін жетілдіретін түрлі әдіс-тәсілдерді, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, диалогтік оқыту және т.б. көптеген қызықты сергіту сәттері мен трененгтер өткіземін деген ойдамын. Әріптестерімнің арасында қызу талқыланды, нақтыланды, әр қайсысы тұшымды пікірлерін білдірді. Әрине барлығы бірдей атсалысты дей алмаймын. Өйткені тыс қалып отырғандар да өз болған жоқ. Әріптестеріміздің айтқан ой-пікірлерін ойша зерделедім, пікірлерімен санаса отырып есте қалдыруға тырыстым.
Сонымен қатар мектептің ұзақ мерзімді және қысқа мерізімді жоспарларын жасауды үйрендік, топ болып талқылап ортақ шешімге келіп отырдық.
1 деңгей бағдарламасының өзі негізінен оқытуды басқару және көшбасшылық мәселелерін көтеруге бағытталған. Көшбасшы деген кім? Оның мектептегі орны қандай?, Оның атқаратын қызметі қандай? І деңгей бағдарламасын бітірген кез-келген мұғалім көшбасшы бола ала ма?, деген сұрақтар мазалайды. Осы мені мазалаған сұрақтардың барлығына жауапты көшбасшылықтың міндет-мақсаттарын,оның артықшылықтары мен бағыттарын айқындау барысында және әріптестер арасында жүргізілген көптеген ой-пікірлерінен кейін сұрақтарыма жауап тапқандаймын. Әрине мұның барлығы Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта тарқатылып жазылған. Курс кезінде жақсы әсер қалдырған бұл әр өтілген тақырыпқа байланысты видио- фильмдер, кинолардан үзінділер, түрлі мултьфилмдер, суреттер, музыкалар, түрлі ситуациялық жағдайларға байланысты суреттер, фильмдер. Мектептің даму жоспарының қалай жасалатыны туралы білдік. Желілік қоғамдастық қалай құру, АКТ падалану жөнінде ақпарат берілді.
Мектепке барған кезде алған білімдерімізді әріптестерімізге түсіндіріп, оқушыларды жоғарыдан көрінулері үшін мектеп ұжымымен бірлесіп атқарар жұмысымыз көп деген тұжырымға келдім. Әрине бұл курсқа келгенде табалдырықты жүрексіне аттағаным рас. Менімен қатарластар болмай тек жастар болса қайтем деген болатынмын. Өзіме деген сенімділікті ұялатқандарыңыз үшін рахмет.Сөз соңында тәлім берген Бауыржан Қыдырбайұлына және Педагогикалық шеберлік орталығына алғысым шексіз, сіздерге көп-көп рахметімді білдіремін. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!