Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы
Бесағаш ауылы
Абай атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Жолтаева.Ш.К
Сабақтың тақырыбы:Жануарлар немен қоректенеді?
Сабақтың мақсаты: Тірі табиғаттың ірі бөлігі ретінде қорек түрлері арқылы жануарлардың айналадағы дүниемен кең алқымды байланысы бар екенін, жануарлар қанша көп түрлі болса олардың азық ететін қорек түрінің де сонша әралуандығын, соған қарамастан қорек түріне қарай жануарларды топтастырып, оларды тіршілік ету түрін ықшамды жүйемен танып білуге болатынын түсінуге бағдарлау
Міндеттері:Жануарлар немен қоректенетіні туралы ақпарат беру.
Жануарлар тіршілігімен таныстыру
Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасап, бір-бірін формативті бағалату.
Өзара бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру сабағы
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,ыстық орындық,сәйкестендіру,СТО,экологиялық есептер,семантикалық кесте,топпен.жеке жұмыс,постер қорғау
Сабақта қолданылатын модульдер:Сыни тұрғыдан ойлау,оқудағы және оқытудағы жаңа тәсілдер,диалогтық оқыту,бағалау.
Көрнекілігі: суреттер,семантикалық кесте,А-4 форматы,маркер,смайликтер
Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу,өзін-өзі тану
Күтілетін нәтиже:Жануарлар немен қоректенетіні туралы ақпарат алады.
Жануарлар тіршілігі мен қоректенуі туралы білу, түсіну, қолдану дағдылары қалыптасады.Өзара бірлесіп жұмыс жасай алады.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау |
Оқушыларды топқа бөлу | 1.Оқушыларды топқа бөлу
«Балық», «Бақа», «Бүркіт», «Жылқы» топтарына бөлу.Топ жетекшісін сайлау 2.Психологиялық дайындық жасату 3.Бағалау критериилері арқылы ең үздік,сабаққа қатысқан оқушы шыңға шығып,жұлдызды алатыны туралы түсіндіру. |
1.Оқушылар қима қағаздардан мозаика құрастыру арқылы топқа бөлінеді
2.Жұптасып тақпақ айту. |
Формативті |
Білім | Үй тапсырмасын пысықтау. «Ыстық орындық» әдісі.
Тышқан,суыр,борсықтардың баспанасы қалай аталады? -Аю қыста не істейді? -Тиін,тоқылдақтың қысқы тіршілігі туралы айт -Қоян,түлкі,қасқырдың жүндері қалай өзгереді? -Жорғалаушылар,қосмекенділер,бунақденелілер қыста не істейді? -Кірпі қысты қалай өткізеді? Қорытындылау. Сәйкестендіру қысқы ұйқы қоян ағаш қуысы аю ін тиін апан борсық қалың жүн бақа Сөзжұмбақ шешу. — 1 Балықтар қай жері арқылы тыныс алады? 2. Қыста ұйқыға жататын аң. 3. Қысқа қарай жүнін өзгертетін жануар. 4. Тірі табиғатқа қажетті жағдайдың бірі. 5. Жемін түнде аулайтын құс. 6. Шөптің түсімен түсі бірдей жәндік. 7.Бауырымен жорғалаушы. 8.Қосмекенділер тобының өкілі. 9.Тірі табиғатқа қажетті жағдайдың бірі. |
Оқушылар орындықта отырған оқушыларға дайындаған сұрақтарын қояды. Орындықта отырған оқушы жауап береді.
Оқушылар берілген сөздерді сәйкестендіреді.
Сөзжұмбақтың жауабын табады. |
формативті
формативті |
Жаңа сабақ. Түсіну
Қызығушылықты ояту |
1.Қызығушылықты ояту сатысы.
Жұмбақтар шешу. 1.Жерді де мекен етеді Көлді де мекен етеді Өзі улы,өзі шұбар Көрген адам,өте қорқар Суда жасайды,онсыз болмайды. |
Оқушылар жұмбақтың шешуін табады.
|
формативті |
Қолдану | Бейнеролик көрсету. Ондағы жануарлардың немен қоректенетіні туралы сұрау.
Оқулықпен жұмыс. 1.Мәтінді бөліктерге бөліп оқу 2.Әр топтың оқушылары өздері оқыған мәтін бөлігін мазмұндау. Сергіту сәтін жасату. |
Мәтінді оқып,мазмұндайды.
Сергіту жаттығуын жасайды. |
формативті |
Талдау | Суретпен жұмыс жасау.
Әр топқа суреттер беру.Суреттегі жануарлар мен құстардың қорегі туралы бір сөйлемнен айту. Суреттегі жануарлардың қайсысы немен қоректенеді. |
Әр топтан 1 оқушы 1 сөйлемнен айтады.
Әр топтан 1 оқушы жауап береді. |
формативті |
Жинақтау | Ойтолғаныс
Экологиялық есептер шығару. Әр топқа 2 есептен беру. Топпен ақылдасып,жауап береді. Семантикалық кесте толтыру. Әр топ өздеріне берілген кестені толтырып, тақтаға шығып қорғайды. Постер қорғау. |
Есептерді шығарады.
Постер қорғайды.
|
формативті |
Бағалау | Кері байланыс.
Смайликтер арқылы бағалау. -Сабақ ұнады -Жақсы түсінбедім -Ұнамады. |
Оқушылар смайликтердің біреуін таңдап, тақтаға жапсырады. | Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау. |
Үйге тапсырма | Оқу ,түсінік айту,сурет салу | Күнделіктеріне тапсырманы жазып алады |