Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласы
№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектеп
Касимова Арайлым Акылтаевна
Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар. Жуан және жіңішке дауыстылар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға дауысты дыбыстар жайлы мағлұмат беру, дауысты дыбыстың түрлері туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, қабілетін арттыру, сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік: орындалатын тапсырмалар арқылы бір-бірін тыңдауға, сыйлауға дағдыландыру, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, жаттығу орындау, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: әліпби, сызба плакат, интерактивті тақта, бағалау парағы
Пәнаралық байланыс: әдебиет, билолгоия
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
б) зейіндерін сабаққа аудару
1.Поэзия минуты “Үш бақытым”, М.Мақатаев
М.Мақатаев “Үш бақытым”
Ең бірінші бақытым-халқым менің
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал, екінші бақытым тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсемде,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ, кел дағы от ал менен
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
- Фонетика дегеніміз не?
- Сөйлеу мүшелеріне нелер жатады?
- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- 239-жаттығу.
ІІІ. Жаңа сабақ
- “Ойлан, тап” ойыны
1 топ “Омонимдер”
Балалар, мына сыныптың ішінен жуан дыбысталатын заттарды атаңдар?
2 топ “Синонимдер”
Жіңішке дыбысталатын сөздердің атауын атаймыз?
3 топ “Антонимдер”
Аралас дыбыста дыбысталатын заттардың атауын атаймыз?
Дауысты дыбыстар
Ауа өкпеден еш кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз. Қазақ тілінде дауысты дыбыстар саны-12. Олар: а, ә, о, ө, ы, і, ұ, ү, е, и, э, у.
Тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай дауысты дыбыстар үш топқа бөлінеді.
Тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке, жақтың қатысына қарай ашық және қысаң, еріннің қатысына қарай еріндік және езулік дыбыстар болып бөлінеді.
Тілдің қатысына қарай
Жуан дауыстылар тілдің кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалады. Олар: а, о, ы, ұ, (у) (5)
Жіңішке дауыстылар-тілдің ілгері созылуы арқылы жасалады. Олар: ә,ө, і, ү, е, и, э, (у) (8)
ІҮ. Жаңа тақырып бойынша білім тексеру
1 тапсырма.
- Берілген сөзге ассоциация құрамыз, жіңішке буынды сөздердің астын сызамыз .
“Омонимдер” тобы- “Мектеп” сөзіне ассоциация құрамыз.
“Синонимдер” тобы- “Әдебиет” сөзіне ассоциация құрамыз.
“Антонимдер” тобы —“Тіл” сөзіне ассоциация құрамыз.
2 тапсырма. Суреттермен жұмыс. Суреттегі жануарлардың атын жазып, жуан буынды сөздердің астын сызамыз.
- Сергіту сәті
«Кім тапқыр?» ойыны
Жерде жоқ,
Отта бар.
Барда жоқ,
Жоқта бар. (О)
Жаңада бар,
Ескіде жоқ.
Танада бар,
Ешкіде жоқ. (А)
- Жаттығумен жұмыс
240-жаттығу.
Мына жұмбақтарды көшіріп жазып,
Жуан дауысты дыбыстардың астын бір, жіңішке дауыстыдардың астын екі сызамыз
Ішіне тамақ салынған,
Есігі тастай жабылған
(Тоңазытқыш)
Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең-қанат, сүті-дәрі,
Еті тамақ. (Жылқы)
Әкесі-тышқан,
Шешесі-құстан. (Жарқанат)
241-жаттығу.
Мына сөздердің ішінен жуан у дыбысы бар сөздерді бір бағанға, жіңішке у дыбысы бар сөздерді екінші бағанға жазамыз.
Ашу, білу, қазу, сену, жазу, қу, беру, ілу, жолығу, кезу, сызушы, жу,
көну, қону.
- Деңгейлік тапсырма
1 топ “Омонимдер”
І деңгей
Көп нүктенің орнына дауысты дыбысты қойып, көшіріп жазамыз.
От…н, ж…ңіс, т…, бат…р, ард…гер, ерл…к.
2 топ “Синонимдер”
ІІ деңгей
Оқу, білім тақырыбына үш мақал-мәтел жазамыз. Дауысты дыбыстың астын сызамыз.
3 топ “Антонимдер”
ІІІ деңгей
“Достық” тақырыбында шағын мәтін құрастырып, дауысты дыбыстардың астын сызамыз. Жуан дауыстыларды бір, жіңішке дауыстыларды екі сызықпен сызамыз.
Ү.Сабақты бекіту.
1 топ. “Омонимдер” тобы.
А дыбысынан басталатын жуан буынды сөзге мысал келтіріңдер?
2 топ. “Синонимдер” тобы
Ө дыбысынан басталатын жіңішке буынды сөзге мысал келтіріңдер?
3 топ. “Антонимдер” тобы
Ә дыбысынан басталатын жіңішке буынды сөзге мысал келтіріңдер?
ҮІ.Үйге тапсырма.
- Дауысты дыбыстар жайлы түсінік.
- 242-243 жаттығу жұмыстары
- Бірыңғай дауысты дыбыстан басталатын өлең шумақтарын жазып келеміз
ҮІІ. Ой қорыту (Рефлексия)
Сәтті болғаны | Себеп | Сәтсіз жақтары | Себеп | Кемшілікті жою жолдары |
|
[bws_related_posts]