Шығыс Қазақстан Облысы
Абай ауданы
М.Әуезов атындағы орта мектебінің
Физика пәні мұғалімі:
Мухатова Лайла Шалабаевна
Сабақ тақырыбы: Толқынның ұзындығы. Толқынның таралу жылдамдығы. Механикалық толқынның қасиеті.
Сабақ мақсаты:
- Оқушыларға толқын, толқынның түрлері, олардың таралуы және толқындарды сипаттайтын шамалар туралы оқушыларға түсінік беру.
- Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
- Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.
Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. «Тербелістер» тарауы бойынша физикалық диктант.
- Тербелістер деген не?
- Ығысу деген не? Ол қандай әріппен белігіленеді?
- Гармоникалық тербелістер деген не?
- Тербеліс периоды деген не? Формуласы.
- Жиілік деген не? Формуласы.
- Тербеліс амплитудасы деген не?
- Тербеліп тұрған дене траектоиясының кез келеген нүктесіндегі толық энергия неге тең?
- Математикалық маятниктің тербеліс периодының формуласы?
- Серіппелі маятниктің тербеліс периодының формуласы неге тең?
- Еркін және еріксіз тербелістер деген не?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады.
Толқын тербелістегі бөлшектерді тасымалдамайды, тек энергияны ғана тасымалдайды.
Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең толқын деп атайды.
Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқынды бойлық толқын деп аталады.
Толқын ұзындығы –Т периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын ара қашықтық.
Үлкен ауқымдағы қатты денелердегі толқындық қозғалыстың мысалына жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің таралуы жатады. Бұл толқындар сейсмикалық деп аталады.
- Есептер шығару. №25 (1-4)
- Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: §30. 25-жаттығу. №5, №6