Бастауыш сынып мұғалімі:
Әлжанова Жұмагүл Ергешқызы
Сабақтың тақырыбы «Не тәтті?»
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларды сауатты жазуға, түсініп оқуға үйрету. Шешендік сөздер жайлы түсіндіру. Мәнерлі сөйлеу мен толық жауап беруге дағдыландыру. Топпен жұмыс істеуге үйрету. Жуан, жіңішке айтылатын сөздер туралы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: оқушының ойлау қабілетін дамыту, өз ойын ашық айта білуге үйрету, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: баланың анаға деген сүйіспеншілігін арттыру, мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру1.Оқушылардың шешендер, шешендік сөздер туралы білімдерін жетілдіріп, ойлау, өздерінше пайымдауға баулу, сөздік қорын байыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Ой қозғау,топтастыру, түртіп алу,
Сабақтың формасы: Топтық жұмыс ,жұптық жұмыс,жеке жұмыс
Керекті жабдықтар, ресурстар: Оқулық,кесте, А4 парағы, маркерлер, бағалау парағы,интербелсенді тақта ,т.б
Пәнаралық байланыс: Дүниетану,музыка
Сабақ кезеңдері\
уақыты:
Кіріспе.
(10 мин)
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату үшін «Әжемнің әлдиі» ойынын ойнату. Балаларға әжелерінің өздерін қалай еркелететінін айтқызамын. (ботам,қошақаным,құлыным, алтыным,күнім ,т.б,)
Үй тапсырмасын сұраймын. «Әжесі мен немересі» өлеңін жатқа сұрау.
Үй тапсырмасын қорыту мақсатында сұрақтар беремін.
-Әже деген кім?
— Немересі деп кімді айтады?
Тұсаукесер.
(5 мин) Жаңа сабақтың тақырыбын айқындау үшін «Адасқан әріптер» әдісін қолдандым. «Е Н Т І Т Ә Т ?» Әріптерді орындарына орналастырып, тақырыпты анықтайды.
«Не тәтті ? » мәтінімен танысамыз.Қазақтың атақты би-шешендерінің бірі Жиренше шешеннің есімімен байланысты мәтінмен танысамыз.
Негізгі бөлім.
(20мин)
1. – Қалай ойлайсыңдар,балалар, сендердің ойларыңша
А) Дүниеде не тәтті?
Ә) Не жұмсақ? деп оқушылардың ойлары сұралды.
Оқушылар конфет,шоколад,торт, балмұздақ тәтті , ал екінші сұраққа мақта, мамық,жастық жұмсақ деп жауап берді..
— Жарайды , олай болса «Не тәтті?» аңызын тыңдап көрейік., таныс емес сөздерді түртіп отырыңдар.
2.Аудиожазбадан мәтінді тыңдау.
3. Жаңа сөздермен жұмыс: « Не тәтті?» аңызында кездесетін түсінуге қиын сөздердің мағынасын түсіндіру.
Шешен,мамық, өтіну.риза болу.
Оқушының сыни ойлауына жетелейтін сұрақтар беру.Оқушылардың жауабын тыңдау.
1.Екі баланың жауабын салыстырыңдар.
2.Қалай ойлайсыңдар? Қай баланың жауабы дұрыс деп ойлайсыңдар? Неліктен ? -деген сұрақтар қойылып,оқушылардың ойын сұрадым.
3.Шешен неге екінші баланың жауабына риза болып ,батасын берді деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың жауабын тыңдау.
4.«Не тәтті?» мәтінін рольге бөліп оқу тапсырылады
Топтық тапсырмалар.
1-топ: «Ана » сөзіне топтастыру жасау.
2-топ: «Анаға тілек» Аналарға арнап ашық хат жазу.
3-топ: «Ана »тақырыбындағы мәтінді толықтырыңдар.
4-топ: Екі баланың жауабын салыстыру.
«Бағдаршам » сигналдары арқылы бағалау жүргізу.
Жасыл түс-маған бәрі түсінікті болды.
Сары түс- жартылай түсінікті .
Қызыл түс- түсінбедім.,
Жұптық тапсырма.
«Сөздер банкісі» әдісі арқылы жазылған сөздердің ішінен бүгінгі тақырыпқа қатысты сөздердің астын сызыңдар.
Сергіту сәтін жасау.»Құттықтаймын, мама, туған күніңмен» әнін орындату.
Жеке тапсырма.
Оқулықтағы 43-жаттығуды орындату. Сөйлемді көшіріп жазып, жуан айтылған сөздердің астын бір рет,жіңішке айтылған сөздердің астын екі рет сызыңдар.
Қорытынды
(5 мин)
«Көңілді сандар» ойыны арқылы қорыту
Бағалау.
(5 мин)
Рефлексия
Үйге тапсырма