Басы » Бастауыш сыныптар » Абай Құнанбайұлы «Қыс»

Абай Құнанбайұлы «Қыс»

Мұнайлы ауданы

«№6 жалпы білім беру орта мектебі»

Бастауыш сынып мұғалімі:

Наурызбаева Н.А.

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Қыс»

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Абайдың жылдың қыс мезгіліне арнап жазған өлеңдерін барынша терең меңгерту, жатқа айту, өлеңді талдау машығын жетілдіру, теориялық ұғымдарды түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Тәрбиелік: Абай шығармаларын оқи отырып, төл әдебиетіміздің, тіліміз бен мәдениетіміздің сарқылмас қазыналарынан үлгі алуға тәрбиелеу. Абай ұлылығын терең сездіру, туған жер табиғатына қамқорлық жасауға баулу. Поэзия, саз өнері, бейнелеу өнері секілді көркем өнер дүниесіне сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас

 Әдіс-тәсілі: жинақтау, талдау, сұрақ-жауап, қорытынды жасау.

 Көрнекіліктері: интерактивті тақта, оқулық, сызба «ҚЫС», сызба «ҚЫС              АЙЛАРЫ», сызба «АБАЙ», слайд.

 Кіріктерілген сабақтар: музыка, д.ниетану, математика, бейнелеу.

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық

 Бейнетаспадан ұлттық «Қаражорға» әніне би қимылдарын қайталап жасау.

  • Балалар, біз өткен сабақта Тұрсынхан Әбдірахманова апамыздың «Даналарым» өлеңін оқыған болатынбыз. Ол өлеңде еліміздің қандай даналары, демек ойшылдары мен ақын – жазушылары туралы айтылған?

Оларды қалай тақ санмен сәйкестеген дейді?

Атап көрейікші.

ІІІ. Өзектілігі:

Осы даналардың ішінде ерекше орын алатын өзі ақын, өзі сазгер және ойшыл данамыз туралы білімімізді кеңейтеміз және оның өлеңімен танысамыз.

Оның кім екенін білу үшін біз математика пәні бойынша берілген көбейту мен бөлуді орындайық. Дұрыс орындасаңдар ақынның аты шығады

2*3=                              24:4=6                           30:5=6                          18:3=6

А                                   б                                    а                                    й

ІV. Жаңа сабақ:

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. Абай
Осылайша өзінен кейінгі ұрпаққа салиқалы сөзімен салмақты ой қалдырған ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845 — 1904) Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келген. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды.
Кішкентайынан зерек Абай көпті көрген әжесі Зеренің және Ұлжандай ақылды ананың тәрбиесінде болған. Әкесі Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Абай ауқатты от басынан шықса да халқына үнемі жақын болды, олардың дауын даулап, мұңын жоқтады. Сонымен қатар, Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Қараша, желтоқсан мен сол бір — екі ай», «Жаз», «Жазғытұры» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың. Сонымен, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы Абай Құнанбайұлының «Қыс» өлеңі.

  • Бүгінгі сабақта біз үлкен тарау бастаймыз. Бұл тарау «Қыс бейнесі» деп аталады. Бұл тарауда қыс мезгіліне байланысты шығармалармен танысатын боламыз.
  • Бүгінгі сабағымызда Абай атамыздың шығармасымен танысамыз
  • Олай болса, тақтаға назар аударайық
  • Абай қандай адам екен?
  • Абай қайда дүниеге келгенін білесіңдер ме?
  • Абай кім? (тақтаға жаздыру)
АБАЙ
Ақын
аудармашы
ойшыл
сазгер

ІІ. Өткен сабаққа шолу

  • Абайдың қандай өлеңдерін білеміз?
  • Неше қара сөзі бар? (45)
  • Қара сөзін кім жатқа айта алады?
  • Барлығымыз мына дыбысқа зер сала тыңдайықшы
  • Ненің даусына ұқсайды?
  • Қыс қандай түске боялады?
  • Адамдар қалай киінеді?

Оқулықпен жұмыс

 Оқулықтағы «Қыс» өлеңін өзім мәнерлеп оқып беремін, оқушылар тырнақтап отырыды.

Оқушыларға іштей, тізбектеп оқыту.

Сөздікпен жұмыс жасау

Оқушыларға түсініксіз сөздердің мағынасын түсіндіріп, дәптерлеріне жаздырту.

Өлең соңындағы сұрақтармен жұмыс.

Жаңылтпашты оқыту, жатқа айтқызу.

Сергіту сәті:

  • Абай атамыздың «Көзімнің қарасы» әнін айтып, бір сергіп алсақ.
  • Әнді дұрыс айту үшін орыныққа тік отырып, қолымызды тіземізге қоямыз.
  • Енді, кім тақтаға қыс айларын жазып береді?
Қыс айлары
желтоқсан
қаңтар
ақпан

 

ақ
суық
  • Қыс қандай ай?
қыс
қыраулы
аязды
  1. Ойтолғау

 

Сабақты қорыту мақсатында оқушыларға жарыстыра отырып, 3 тапсырма беру

  1. Тақтада берілген өлеңді толықтырып шығару, жазу

 

……………………………. балаға

……………………………. тұрғандай

……………………………. табиғат

……………………………. ән салғандай.

 

  1. Қыс туралы эссе жазу.
  2. Қыс өлеңінің мазмұнына сәйкес сурет салу.

VI . О й қ о з ғ а у
1 — топ
…… түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман…….
Білмеймін…, тоңғаны ма,
……, бие қашқан, тай жарысқан.
2 — топ……, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес…….
Қайыршы… -… түсі кетіп,
… айырылған ағаш, қурай.

VII. Қорыту:

  • Сонымен, Абай кім?
  • Қандай шығармасын оқыдық?
  • Қыс мезгілі қандай мезгіл?

VIII. Үй тапсырмасын беру:

«Қыс» өлеңін жаттау, суреттерін аяқтау

Бағалау

Сабаққа қатысып, сұрақтарға жауап беріп отырған оқушыларды мадақтау

IХ. Рефлексия:

  • Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
  • Несімен ұнады?
 
 
 
 
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *