Аудандық «Әлшекей» атындағы өнер мектеп
Сынып : домбыра
Қалдыбаева Ақнұр
Сабақтың тақырыбы: «Гаммалар мен арпеджиоларға арналған әдістемелік талдау»
Сабақтың мақсаты: Негізгі дыбыстардың аралығында белгілі бір тәртіппен жоғары және төмен бағыттарда тізбектеліп орналасқан үндестікті , сонымен бірге бір немесе одан да көп октавалар арасындағы дыбыс қатарларының аталымына талдау жасау.
Білімділігі: Гаммалар мен арпеджиолардың көркемдік әдістерін игеру
Дамытушылық: Оқушының ынтасын ояту, аспапты еркін ойнау шеберлігін арттыру, сол қол саусақтарының позициядан позицияға ауысудың негізгі әдіс-амалдарын түсіндіру.
Көрнекілігі: 2 домбыра, пульт, до мажор гаммасының орналасу тізбегі, күйшілер ( бүктеме)
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Үйге тапсырма беру
5. Сабақты қорытындылап , бағалау
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыны отырғызу, аспаптың құлақ күйін тексеру, журналға күнді белгілеу.
Үй тапсырмасын тексеру:
1. «Мереке» Мырза
2. «Этюд» М.Қойшыбаев
3. «Казачок» Даргомыжский
Жаңа сабақ
«До мажор гаммасы және арпеджиосы»
Гамма дегеніміз не? Тоника мен оның келесі октавалық қайталануы аралығында биіктік тәртібімен орналасқан ладтың дыбыстары гамма құрайды.
Музыкада мажор және минор болып 2-ге бөлінеді. Мажор ашық үнді, минор ұяң үнді білдіреді.
Арпеджио дегеніміз не? Арпеджио тұрақты дыбыс-тардың бірінің артынан бірін жалғастырып,үзбей ойнау әдісі.
Үйге тапсырма
«Мереке» , «Этюд», «Казачок» шығармаларымен бірге бүгінгі өткен До мажор гаммасы мен арпеджионы ———————————————————————————————————— қағыстарында жатқа ойнап келу.
Сабақты қорытындылап , бағалау.
[bws_related_posts]