Басы » Оқушыларға » Алматым-сүікті қала

Алматым-сүікті қала

Алматы қаласы

Ы.Алтынсарин атындағы 159 гимназияның

6-сынып  оқушысы: Қышұлы Идрис

Жетекшісі: тарих пәні мұғалімі   Досбулатова Улбосын

Тақырыбы:Алматым-сүікті қала

Жақсы екен ғой Алматым,

Алтын үйек астанам.

Осы екен ғой жаннатың

Атам қазақ аңсаған.

Келдім сені сағынып,

Алтын ұям — Алматым.

Кең көшеңде…                                                                                                           Деп Аманжол атамыз айтқандай біздің Алматымыз өте әдемі және кең қала.Алматы тек алматылықтардың емес бүкіл қазақстандықтардың жүрегінен орын алған қала.Алматының жан-жағын басын ақ қырау басқан биік Алатаудың шыңдары қоршап жатыр.Осы әсем көріністі көрген кезде дене шымырлап,жүрегімде бір қуаныш пен мақтан сезімі пайда болады.Алматының аты бұрыннан өскен табиғаттың сиы алмамен байланысты.Біздің қаламыз тек қана әдемі емес және өте көне қала.Осы жылы әлемдегі ең керемет қалаға 1000 жыл толады!

Алматы-көлемі бойынша Қазақстанда бірінші    үлкен қала.70 жыл бойы Алматы Қазақстанның астанасы болған сондықтан да Алматыда халық саны өте көп.Ал Қазақстан бұл өте керемет ел!

Алматының тарихы шамасымен 8-10 ғасырларда басталған,тек осы уақыттан бастап халық отырықшы өмір салтын бастаған.Осы Алматыда Есік қорғанынан танымал «Алтын адам» , және тағы да басқа нәрселер табылған.

Ал шамамен 10-14 ғасырларда «Үлкен Алматы» аумағындағы қалалар Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда байланысына ілінген.

15-18 ғасырларда Алматыда қиын уақыт басталған.

1854 жылы Алматы Верныйға айналды.

1927 жылы Алматы астана болған.

1993 жылы шешім бойынша қала атауы Алматыға ауыстырылды.

Менің жазған шығармам бүкіл Алматының сиппатамысының кішкентай ғана бөлігі Алматы туралы айта-айта беруге болады.Мен Алматыны сүйемін

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *