Рахымбаева Мадина
Ы.Алтынсарин атындағы
№159 гимназияның
6-сынып оқушысы.
Алматы қаласы
Жетекшісі:тарих пәні мұғалімі
Досбулатова Ұлболсын.
Мәңгілік Отаным менің
Біздің Отанымыз – Қазақстан. Біз бұл жерде туып өстік. «Отансыз адам , ормансыз бұлбұл» дегендей, біз барлығымызда өз отанымызды жақсы көреміз. Отанды сыйлаған адам өзінде сыйлайды, сондықтанда өз отанымызды сыйлайық.
Біздің Қазақстанда көптеген әсем де, әдемі қалалар бар. Солардың бірі – Алматы қаласы. Алматы менің туған жерім. Алматыны мен өте қатты жақсы көремін. Алматыда көптеген қызықты жерлер бар олар – саябақтар, мұражайлар , ойын-сауық орталықтары бар. Алматының әсемділігіне қызыға да, тамсана да қарайсың. Мен Алматыммен мақтана аламын. Алматы әрқашанда жасай берсін. Алматыда көптеген қызық жарыстар өтеді , мен олардан қалмауға тырысамын. Оңтүстік Қазақстан , оның негізгі құрамы болып табылатын Алматы қазақ халқының қалыптасуына және оның мемлекеттілігінің пайда болуы мен нығаюына зор үлес қосқан іргелі аймақтардың санатына жатады.
Тағыда әсем қалалардың бірі – Астана. Енді Астананы мақтауға сөзің жетпейді, оны тек көзбен көрген адам ғана, оның қандай екенін біле алады. Жалпы айтқанда Астана біздің – бас қаламыз.
Ал біздің осындай тамаша отанымыздың басшысы , менің мақтанышым , Отан үшін жанын беретін – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Біздің Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында біздің Қазақстан көркеюде және жетістікке жетуде.
Қазақстанда экология да , көгалдандыру жұмыстары да барлығы жүргізілуде. «Бірлік болмай, тірлік болмас» демекші біздің Отанымыз өте ынтымақты мемлекет. Бізге шет елден көптеген адамдар келеді, бірақ біз оларды шеттетпей, тату тұрмыз . Қазақстанда көптеген басқа ұлт өкілдері тұрады.
Кезінде Отан үшін жанын берген көптеген аға-әпкелеріміз бар. Олар – Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов , Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сияқты патриотты азаматтар. Олар жаудың жауып жатқан оқтарынан қорықпай , өз жандарын Отаны үшін берді. «Отан үшін отқа түс, күймейсің» демекші, дәл осылай олар жандарын берді.
Дәл осындай отаныңмен мақтанудың өзі қандай құрмет , мен Қазақстан менің отаным деп кеудемді қаға аламын. Мен Қазақстанымды, ел басымызды және бүкіл Қазақстан елін мақтан етемін! Егер де, Қазақстаныма күн туса, мен қорықпай, жанымды беруге әзірмін!
[bws_related_posts]